Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет46/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89
Университетке бейімделу (кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары) студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметкерлері және оның оқыту үрдісінде алатын орны мен функциясы туралы хабардарсыздығы);

  • Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру (уақыт менеджменті. дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу. Оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар шешу техникалары мен әдістерін білмеуі);

  • ЖОО-да студенттің өздік жұмысы (өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері. өздік жұмыстың формалары мен түрлері, орындау техникалары, өздік жұмысты бақылау әдіс-тәсілдері, плагиат мәселелері туралы білімдерінің жеткіліксіздігі );

  • Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау (студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары жобалаудағы қиыншылықтар, өмірлік және кәсіби мақсаттарын айқындай алмауы).

    Кредиттік оқыту технологиясының талаптары, студенттен жоғары ұйымдасқан деңгейде дербестік, өз уақытын ұйымдастыру, дербес білім алу дағдыларының қажеттілігіне жоғары сұраныс туындатады. Осыған байланысты, 1,2 тарауларда теориялық талдау жүргізілген АҚШ -тың академиялық қолдау көрсету барысындағы озық тәжірибесі ретінде қарастырылған академиялық эдвайзерлердің іс-әрекетін отандық университеттерде белсендіруді қажет етеді.
    Анықтаушы эксперименттің келесі кезеңінде, кредиттік оқыту технологиясында студенттердің кезіктіретін академиялық кедергілерін нақты айқындау мақсатымен «Портфолио» әдістемесі қолданылып, оның барысында студенттің кәсіби дамуы мен біліктілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін ұйымтастырылған, мақсатты құжаттар жиынтығы жинақталды. Оған қоса, бұл әдістеме, қалыптасқан жағдайдың мәнін түсінуге, әрбір студенттің жекедара шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерін, студенттің оқу, зерттеуші, іс- тәжірибелік дағдыларының деңгейін анықтауға да мүмкіндік береді. Портфолио «Резюме» ( студенттің өмірбаяны, өмірлік, кәсіби жоспарлары туралы эссе), «Жұмыстар жинағы» (семестр барысында орындалған, студенттің пікірінше ең үздік, қиындық туындатқан өздік жұмыстардан құралады.Студент белгілі бір жұмысқа таңдау жасауын түсіндіреді), «Қорытынды» (студент семестр бойындағы академиялық жетістіктерін қорытындылап, өзінің жетістіктерін, кезіктірген қиындықтарын айқындайды) сияқты бөліктерден тұрды. Портфолио әдістемесі, студенттің жетістігінің бағалаудың жаңашыл формасы ретінде келесі педагогикалық міндеттерді де шешуге көмектеседі:
    - оқу мотивациясын ынталандыру және қолдау;
    - белсенділік, дербестік дағдыларын мадақтау, оқу және өзіндік оқу мүмкіндіктерін кеңейту;
    - білім алушылардың рефлексивті (өзін-өзі бағалау) дағдыларын дамыту;
    - өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру, мақсат қою, оны жүзеге асыру біліктіліктерін қалыптастыру;
    - оқу үдерісін жекедараландыру;
    - әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктер туындатуы.
    Студенттердің портфолиосына талдау жасау, контент-анализ арқылы жүзеге асты. Контент-анализ жасаудың ерекшелігі, оның нәтижелері студенттердің ұғыну деңгейін, олардың шынайы және жасырын іс-әрекетін, қызығушылықтары мен бағыттылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
    Эссе жұмыстарына талдау жасау барысында, 80 % студенттердің алыс, жақын мақсаттарын айқындалмағаны анықталды. Сонымен қатар, студенттердің академиялық жетістіктеріне деген сенімділігінің жоқтығы, эмоционалдық тұрақтылығының, шешім қабылдау, өзіндік іс-әрекетін, кәсіби перспективасын жоспарлай алу, жауапкершілікті сезіну дағдыларының қалыптаспағаны айқындалды. Студенттердің жетістіктерін бағалауда қиындықтарда туындайды, себебі берілген мәліметтер тек қана, студенттердің қатысқан оқиғалары туралы ақпарат беріп қойып, жетістіктеріне рефлексивті, сыни тұрғыдан бағалау жасалынбаған. Сонымен қатар, 26% студенттер, орындалған жұмыстардың жағымды және жағымсыз жақтарына сапалы түрде қорытынды жасауда қиындықтарға кезіккен. Портфолио әдістемесіне талдау жасаудан, студенттерде айқындалған академиялық қиыншылықтарының сауалнама жұмыстарымен сәйкестігін дәлелдеп, келесі түрде ажыратуға болады:
    - университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыруы
    - өздік жұмыс тапсырмаларын орындаудағы қиыншылықтар
    - өмірлік, кәсіби жоспарларды анықтау, алынған тәжірибеге рефлексия жасау қиыншылықтары.
    Студенттің кредиттік оқыту технологиясында кезіктіретін академиялық қиыншылықтары мен кедергілерінің айқындау мақсатымен жүргізілген сауалнаманың, портфолио жұмысының қорытындылары сәйкестенген мәселелерді (Университетке бейімделу, Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру, ЖОО-да студенттің өздік жұмысы, Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау) айқындауға мүмкіндік берді.
    Қорыта келе, тәжірибелік–эксперименттің анықтаушы кезеңінде жүргізген диагностикалау келесі маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді:

    1. студенттердің жеке оқу траекториясын қалыптастыру мақсатымен академиялық эдвайзерлердің біліктілігін арттыру қажеттігі анықталды;

    2. кредиттік оқыту технологиясында оқу барысында студенттердің кезіктіретін академиялық кедергілерінің бағыттары (университетке бейімделу, университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру, ЖОО-да студенттің өздік жұмысы, университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау) айқындалды;

    3. анықталған студенттің қиыншылықтары, академиялық қолдау көрсету бағытының мазмұнын әзірлеуге негіз болады.

    4. студенттердің жеке оқу траекториясын саналы жобалау мен жүзеге асыруға жағымды қарым-қатынасы анықталды;

    5. студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруда кезіктіретін академиялық қиыншылықтарының конструктивті шешу қажеттілігі айқындалды.

    Тәжірибелік–эксперименттің анықтаушы кезеңінде жүргізілген диагностикалық дайындық жұмыстары, қалыптастырушы экспериментте «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін» тәжірибеге ендіруге, студенттердің академиялық кедергілерін шешуге бағытталған академиялық қолдау көрсету жұмыстарының мазмұнын толыққанды, мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік берді деп қорытындылаймыз.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет