Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудің нәтижелері



бет47/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89
Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудің нәтижелері

Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделінің академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар беруші курстары компоненттерін тәжірибеге ендіру Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және саясаттану факультетінің базасында жүзеге асты. Эксперименттің қалыптастырушы кезеңіне 120 бакалавриат студенттері, 18 эдвайзер-оқытушылар қатысты. Бұл кезеңнің басты мақсаты, кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын алу, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ету мақсатымен АҚШ тәжірибесін талдау негізінде енгізілген университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты, келесі міндеттерді шешуді талап етеді:

  1. университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделінің апробациядан өткізу

  2. эдвайзер қызметіндегі оқытушылардың біліктілігін арттыру, университет студенттеріне сапалы академиялық кеңес беру бағдарламасын жасау.

  3. Кредиттік оқыту технологогиясында академиялық кедергілердің алдын алу, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыру мақсатымен білім алушыларға академиялық қолдау көрсету, кеңес беру, бағыт-бағдар беруші курстар өткізу.

Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңінде 2.3 параграфта ұсынылған университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі апробациядан өтті.
Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде, академиялық эдвайзер қызметін алғаш рет тәжірибеде жүзеге асыратын әлеуметтік ғылымдар, журналистика саясаттану факультетінің 18 эдвайзер-оқытушыларының біліктілігін арттыру, оларды студенттерге академиялық кеңес беру іс-әрекетіне дайындау қажеттігі туындады.
Оқытушыларды теориялық-тәжірибелік дайындықтан өткізу үшін «Университет эдвайзерлерінің кеңес беру қызметі» (қосымша Е) атты оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттырудың модульдық бағдарламасы жасалынды.
Бағдарламаның стратегиялық мақсаты – университет қызметкерлерін академиялық эдвайзер қызметін сапалы орындауға бағыттау. Модуль университетте академиялық қолдау көрсетудің басты қызметі – «эдвайзер» ұғымының ерекшеліктерімен, негізгі түсініктерімен, кеңес беру қызметін жүзеге асыруда қолданатын тәсілдерді айқындайтын бес элементтен тұрады:

  1. «Академиялық эдвайзерлікке кіріспе. Университетте жекетұлғаға батығытталған оқыту үдерісін ұйымдастыру қажеттілігі» элементі университет қызметкерлерін жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісінің ерекшеліктерімен, оқу үдерісінде студенттерге академиялық кеңес беру феноменімен, оның орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік береді;

  2. «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісін жүзеге асыру шарты ретінде» элементінде АҚШ ғалымдарының еңбектерінде «академиялық қолдау көрсету», «академиялық эдвайзер» ұғымдарына берген негізгі сипаттамаларына тоқталып, академиялық кеңес берудің мақсаты мен қағидаларын, модельдері қарастырылды;

  3. «Университет студенттеріне академиялық кеңес беру бағдарламасы» элементі студенттің жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын академиялық кедергілерін шешуге бағытталған академиялық кеңес беру үдерісімен, қолданатын техникаларымен, әдіс-тәсілдерімен жан-жақты таныстырды, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің эдвайзердің академиялық қолдау көрсету үдерісінің мақсаты, мазмұны талқыланды;

  4. «Білім алушылардың жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын кедергілерді, академиялық қиындықтарды шешу технологиясы» элементінде «IDEAL» моделінің негізінде проблемалық ситуацияларды шешу қарастырылады. Жұмыс барысында қызметкерлер академиялық эдвайзерлер рөлінде болып, шынайы сұрақтарды шешіп, алынған білімдер мен практикалық тәжірибелерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды;

  5. «Рефлексия және анализ» элементінде қатысушылармен алынған тәжірибелер қорытындыланды, жүйеленді, кері байланыс орнатылды.

Академиялық эдвайзердің іс-әрекетін орындау міндеттелген оқытушылар университеттің ұсынылып отырған мүмкіндіктері (университет құрылымы, қызметтері, кредиттік оқыту технологиясында жекетұлғаға бағытталған оқу үдерісінің ерекшеліктері), академиялық эдвайзердің қызметімен (академиялық кеңес берудің философиясы, тарихы, негізгі концептуалдық тұжырымдамалары, қағидалары студенттердің жеке оқу траекториясын жоспарлауға әсер ету, оқу үдерісінде студенттің жетістіктерін қадағалау) жан-жақты танысты.
Бірінші модуль, зерттеу проблемасымен оқытушыларды таныстыру болғандықтан, меңгеретін курстан алатын нәтижелері мен күтілімдерін, қауіптерін (күтілімдер: «осы бағдарламаның негізінде өз жұмысымды сапалы орындай аламын», «мен үшін мүлдем бейтаныс эдвайзер қызметін толыққанды танысамын», «эдвайзер іс-әрекетінде кезігетін мәселелерді кәсіби шешуге үйренемін» т.б.; қауіптер «теориялық материал басым болады», «курста эдвайзердің тек міндетін ғана теорилық негіздеп, тәжірибеге бағытталған нақты кеңестер аз болады» т.б. ), сонымен қатар бірлесіп атқаратын жұмыстың негізгі қағидаларын айқындау маңызды болды.
Екінші модульмен жұмыс істеу барысында эдвайзерлер, университет студенттеріне эдвайзердің академиялық қолдау көрсетуі, жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісін жүзеге асыру негізгі шарты екенін анықтап, олар үшін, бейтаныс феноменнің негізгі белгілерімен танысты. Өз кезегінде, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі (субъектілері, қағидалары, мазмұны, формасы, құралдары) эдвайзер-оқытушылар тарапынан қызығушылық танытты. Алынған ақпараттар негізінде, бірігіп жұмыс істеу барысында, академиялық эдвайзердің іс-әрекетіне қажетті бірнеше нұсқаулар мен ережелерді қалыптастырды:
Тиімді академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыруда эдвайзерге қажетті:
1.студенттердің академиялық мәселелерін шешуде жағымды жағдай жасау;
2. ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнату;
3. университеттің инфраструктурасы, құрылымдық өзгерістері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, еңбек нарығы туралы білімін үнемі жаңарту үстінде болып, студентке қажетті күнделікті ақпараттарды электронды пошта, телефон арқылы хабарлап отыру;
4. әрбір студенттің қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке-дара жұмыс жүргізу;
5. академиялық кеңес үшін жауаптылығын арттыру;
6. студенттің субъектік позициясын белсендіру мақсатымен субъект-субъект қарым-қатынасын орнату;
7. студенттің субъективті тәжірибесіне сүйену;
8. студенттің оқу-танымдық дербестігін дамыту,
9. студенттің дербес шешім қабылдауына жағдай жасау, өзіндік ой-пікірін міндеттемеу;
10. қажетті жағдайда университеттің басқа қызметтерінен, бөлімдерінен көмек сұрау;
11. студентке кредиттік оқыту технологиясының беретін мүмкіндіктерін (академиялық ұтқырлық аясында бір семестрге отандық, шетелдік университетерде білім алу, академиялық еркінділік) жан жақты және де өз уақытында жеткізу;
12. студенттің жекетұлғалық проблемаларының оның академиялық жетістіктеріне әсер ететінін түсіну;
13. студенттің қиындықтарына түсінушіліктен қарау, академиялық кеңес мазмұнын құпияда сақтау.
Эдвайзерлердің біліктілігін арттырудың келесі элементі студенттердің жеке оқу траекториясын жобалау мен жүзеге асыруда кезіктіретін академиялық мәселелерін шешудің технологиялары байланысты болғандықтан, АҚШ ғалымдары Дж. Брансфорд және Б.С. Стейн ұсынған академиялық кедергілерді шешу технологиясы (IDEAL) бойынша бірізділікпен ерекшеленетін бес кезеңнің жиынтығы: диагностикалық (I- Identify) (академиялық мәселелерді айқындау, белгілеу); ізденушілік (D-Define) (себептерін іздестіру); келісімдік (E- Explore) (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу); іс-әрекеттік (A-Anticipate and Act) (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау), рефлексивтік (L- Look back and learn) (іс-әрекетке кері байланыс жасау) мәселелері қарастырылды. Эдвайзерлердің осы модудьдегі іс-әрекетіне талдау жасамас бұрын, академиялық мәселелерді шешудің технологиясын қарастырайық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет