Құрметті студенттер! Сіздерге балл (0 ден-3 дейін) көмегімен келешек диагностикалық қызметіңізге ықпал ететін факторларға қатысты қатынасыңызды бағалауға мүмкіндік берілді:
– пікір мен үшін маңызды емес; мен оған қосылмаймын;
– пікір мен үшін аздап маңызды; онымен ішінара келісемін; 2 – пікір мен үшін едәуір маңызды; мен оны қабылдаймын;
3 – пікір мен үшін өте маңызды; мен оған толығымен қосыламын.
Нәтижелерді өңдеу (ең көп балл – 30, ең аз балл – 0):
0–10 – диагностикалық қызметті ынталандырудың төмен деңгейі; 11–20– диагностикалық қызметті ынталандырудың орташа деңгейі; 21–30– диагностикалық қызметті ынталандырудың жоғары деңгейі;
«Педагог-психологтың диагностикалық құзіреттілігін зерттеу» авторлық әдістемесі
Құрметті студент!
Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін құрайтын өз біліміңізді, қабілеттеріңіз бен қатынастарыңызды бағалауыңызды сұраймыз.
Диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың кәсіби қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Сізге төменде келтірілген білім, қабілеттер мен қатынастардың әрқайсының қалыптасу дәрежесін (деңгейін) олардың сипаттамаларына сүйене отырып, бағалау қажет.
«Өзін-өзі бағалау» бағанындағы тиісті деңгейге (2-5 балл) қарама-қарсы ұяшыққа қанат белгісін, баға немесе кез-келген белгіні қойыңыз. Өзіңізді бағалауда адал болуыңызды өтінеміз».
Сарапшыларға сынақтан өтетін адамның тұлғасы көрсетілген балама нұсқаулық берілді. Сарапшылар студенттердің өзін-өзі бағалау нәтижелерін көрмеуі міндетті шарт болып табылады.
Білімнің жүйелік құзіреттері (Б/білім)
Өзін-өзі бағалау
Сарапшының өзін - өзі бағалауы
З1
Диагностикалық процедуралар мақсатын және өзін-өзі дамыту мақсатында оларды пайдалану мүмкіндігін атау;
«тест», «сауалнама» ұғымдарын түсіндіру, тесттік тапсырмалар мен сауалнамалардың басты түрлерін,
сауалнамалар және тесттермен жұмыс жасау ережелерін атау;
З2
Психологиялық-педагогикалық
диагностиканың теориялық-әдістемелік негіздері туралы айту;
З3
Психологиялық-диагностикалық әдістер жіктемесін және оларды пайдаланудың
заманауи әдістерін құру;
З4
Диагностикалық зерттеу мен тексеру
жүргізудің және құрастырудың этикалық қағидаларын атау;
З5
Диагностикалық қызмет құрудың үлгісін,
құрылымын, ерекшелігін көрсету;
З6
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың заманауи технологиялық
тізімін құру;
З7
Технологияның негізгі ұйымдық формаларын және психологиялық- педагогикалық диагностиканың әдістерін
сипаттау;
З8
Педагог-психологтың педагогикалық
қызметін жоспарлау сатыларын бөлу