Абылай хан атындағЫ Қазақ халықаралық



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#5713
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

     Жалпы тіл білімінде лингвистиканың ерекше саласы типологияның жаңа 
үрдістерін талдауда жҽне оның орны, ролі, мақсат-міндеттерін анықтауда үш 
түрлі бағыт қалыптасқан:  
- типологияны компаративистиканың бір тарауы, кез-келген тілді ішкі 
құрылымына  байланыссыз  салыстыратын  ғылым  ретінде  түсіндіреді 
(С.Д.Кацнельсон  [6];  Э.А.Макаев  [7];  В.Н.Ярцева  [8],  1967;  В.М.Солнцев  [ 
9]; 
-  лингвистикалық  типология  ҿзінің  зерттеу  пҽніне  салыстырудың 
барлық түрін, яғни генетикалық, құрылымдық, ареалды жҽне салыстырмалы 
типологияны  қамтитын  жеке  ғылыми  пҽн  ретінде  интерпретацияланады 
(Дж.Буранов [10]; Б.Ю.Городецский [11]; В.П.Нерознак [12 ]; 
-  лингвистикалық  типология  ғылыми  пҽн  ретінде  ұғынылады,  алайда 
«тілдерді  құрылымдық  зерттеуден»  (контрастивті  лингвистика  мен 
сипаттамалы  лингвистикадан)  түбегейлі  ерекшеленеді.  Ҽртипті  тілдерді 
салғастыруда  таңдап  алынған  критерийлер  –  «контенсивті  типологиядағы» 
субъективті-объективті  қатынастар  (Г.А.Климов  [13;  14];  «жүйелі 
типологиядағы»  детерминанттар  (Г.П.Мельников  [15;16;17],  яғни  тілдерді 
салғастырғандағы қандай да бір зерттеудің мақсаты анық болып, белгілі бір 
параметрлерге негізделгенде ғана типологиялық зерттеу болып саналады.  
     Бағыты мен бағдары сараланған теориялық тіл білімі жеке ғылым ретінде 
екі  ғасыр  ҿмір  сүргеніне  қарамастан,  оның  кейбір  лингвистикалық 
концепциялары  ғана  тіл  теориясын  бүтіндей  нақты  түсіндіріп,  ұғымдық 
аппараты мен ҽдістемелік базасын анықтап бере алады. 
Зерттеуімізде ерекше мҽн беріп айрықша   типологиялық ұстанымның негізі 
ретінде  Г.П.Мельниковтың  лингвистикалық  концепциясын  пайдаланамыз. 
Сондықтан ғалымның іргелі еңбегіне тоқталып ҿткенді жҿн санаймыз.  
     Г.П.Мельниковтың  зерттеулерінде  негізгі  жалпы  лингвистикалық 
мҽселелердің барлығы дерлік сҿз етілген. Олардың негізгілерін атап айтатын 
болсақ:  тіл  білімінің  нысаны,  пҽні,  зерттеу  ҽдістері;  тіл  жҽне  қоғам;  тілдің 
функциясы;  тіл  жҽне  сҿйлеу;  жүйе  жҽне  тілдің  құрылымы;  тіларалық 
жалпылық,  ерекшелік  жҽне  ортақ  ерекшеліктердің  табиғаты,  тілдің  дамуы, 
т.б. 
     Г.П.Мельниковтың  еңбектері  фонология,  морфология,  синтаксис,  
лексика сияқты тілдің барлық аспектілері мен деңгейлерін қамтиды. 
Ғалым ҿз зерттеулерінде жалпы жҽне жеке тіл білімінің ҿзекті  мҽселелерін 
тілдердің  ҽртүрлі  типтері  мен  семьяларының  материалдары,  атап  айтсақ  - 
үндіевропа,  түркі  тілдері,  семит,  банту,  қытай-тибет  тілдері  негізінде 
қарастырады. 
     Ғалым 
ҿзінің 
тіл 
туралы 
теориясын 
ҽрдайым 
синтездеуші 
(синтезирующая)  деп  анықтап  кҿрсетті.  Ол  тілдің  бірін-бірі  толықтыратын 
тілдік аспектілерін оқытудың жинақтаушы нҽтижелері тіл табиғаты туралы 
толық  білім  беретінін  дҽлелдеп,  ҿзіне  дейінгі  В.фон  Гумбольдт,  И.И. 
Срезневский,  А.А.Потебня,  И.А.  Бодуэн  де  Куртенэ  қолданған  синтездеу 
концепциясын жалғастырды. 
     Ҽлем  тілдерін  салыстырмалы  типологиялық  зерттеудің  жоғары 
деңгейдегі  репрезентативті  сипатына  ғалым  Г.П.Мельниковтың  «жүйелі 
лингвистика»  немесе  «жүйелі  типология»  деп  аталатын  тұжырымдамасы 

 
жатады. Ол «типологиялық монизм» негізінде құрылған лингвистиканың бір 
бҿлігі болып табылады. 
Г.П.Мельников  кез  келген  тіл  ҿзінше  икемді,  адаптивті  динамикалық 
жүйе, тілдің жалпы қасиеті оның жеке элементтерінің ерекшеліктеріне жҽне 
тілдік  жүйенің  элементтерінің  арақатынасына  байланысты  екенін  атап 
кҿрсетеді.  Субстанциональды  элементтер  мен  тілдік  жүйенің  арақатынасы 
ҿзара оптималды түрде тығыз бірлікте болатынына баса назар аударады. 
Тілдік  элементтердің  ішкі  динамикасын,  синхрондық  жҽне 
диахрондық  бір-біріне  бағыныштылығын,  сҽйкестілігін  ашып  кҿрсету  үшін 
тілдік  жүйенің    басымдық    сипатын  –  оның    д  е  т  е  р  м  и  н  а  н  т  ы  н 
(доминантын  Ж.Е.)  анықтап  білу  керек.  Ғалым  детерминант  туралы  пікірін 
«является  краткой  формулировкой    того  способа  функционирования,  в 
соответствии  с  которым  система  выполняет  свою  функцию»  [18,89],  деп 
жалғайды. 
Тілдің  құрылымы  мен  субстанциясының  бірлігі,  жүйелік  қарым-
қатынасы  нақты  детерминанттың  барлық  деңгейінде  жүреді.  Ол  туралы 
Г.П.Мельников  былай  дейді:    «Говорящий  и  слушающий,  хотя  и 
бессознательно, но обязательно отбрасывают те языковые средства, которые 
не  обеспечивают  гармонии  между  функцией,  структурой  и  субстанцией 
языковой  системы»  [18,68].  Тілдік  жүйені  детерминант  тұрғысынан 
қарастырғанда  жүйенің  барлық  нақты  қасиеттері  логикалық  жағынан  оның 
функционалдық ерекшелігінен ҿрбиді. 
Г.П.Мельников  алғаш  рет  семит  тілдерінің  құрылысын  жүйелі 
лингвистика  тарапынан  қарастырып,  ол  тілдердің  детерминанты  жайында 
«тенденция  к  максимальной  мотивированности  слов  с  деривационным 
значением, выраженным морфологически» [18,212], деп пайымдаған. 
Семит  тілдері  құрылысының  ерекшеліктерін,  сонымен  қатар,  қытай 
жҽне ағылшын тілдерің грамматикасын, лексикасын  зерттеу барысында ол 
тілдерде  кездесетін  деңгейаралық  жҽне  деңгейлік  корреляция    құбылысын   
типологиялық ерекшеліктерінің бірі ретінде атап кҿрсеткен. 
Бертін  келе  автор  семит  тілдерінің  детерминантын  максималды                                   
«грамматикализация» тұрғысынан түсіндірді. Оны семит тілдерінің ҽрбір сҿз 
формасы  мүмкіншілігінше  формалды    деривациялық  бір  буыннан  ҿрбіген, 
ҿзіндік  нақты  жасалу  жолы  сараланған  туынды  сҿздер  болып  табылады. 
Осыдан семит тілдерінің айрықша кҿрінетін, ҿзіне ғана тҽн мынадай тілдік 
ерекшелері  туындайды:  түбірдің  «етістіктенуі»,  түбірдің  консонанттығы, 
аффикстердің  үзіктілігі  (прерывность),  кҿбіне  түбірдің  үш  дауыссыздан 
тұратындығы жҽне күрделі сҿздерді қолдануға ҽуес еместігі т.б. 
Ғалым  қытай  тілінің  детерминанты  деп  «лексикализация»  үрдісінің 
басымдығын  атайды.  Ол  тілде  барынша  кҿп  информацияның  берілуі 
сҿздердің 
грамматикалық 
мағынасындағы 
тіркесу 
емес, 
заттық 
мағынасындағы  тіркесуі  екендігін  кҿрсетеді.  Г.П.Мельников  қытай  тілінде 
мағынасы  контекстен  кҿрініп  тұрса,  қайсыбір  информация  берілмейді  деп 
контекстен мағынасы түсінікті болса, кейбір сҿздерді  айтпаса да болады деп 
түсіндірген.  Мысалы,  кҿптік  мағынаны  беретін  арнайы  лексема  мынь  -  
«есік, қақпа». 
Ағылшын  тілі  туралы  автор  Британ  аралына  неміс  қауымдастығы 
келгеннен  кейін  о  баста  сҿзжасамның,  сҿз  ҿзгертудің  аса  бай  тҽсілдері  -  
түбірдің  аффиксациясы,  түбірдің  апофониясы  бола  тұра,  кҿнегерман 
тілдерінің  құрылымы  синтетикалық  флективті  екендігіне  қарамастан, 
ағылшын  тілінде  аналитизмінің  айқын  белгілері  орын  ала  бастағанын 
айтады.  Бұдан  ағылшын  тілінің  дамуындағы  ерекшелік  ретінде  тіл 
жүйесіндегі    «грамматикалық»  концепция  бірте-бірте  «лексикологиялық» 
концепцияға кҿшкендігін кҿруге болады. 
Г.П.Мельниковтың  пайымдауынша,  сҿздің  тіркесу  орны,  тұлғаның 
морфемамен  немесе  басқа  жеке  сҿзбен  сҽйкес  келуі,  сҿз  таптарының 
конверсиясы  (грамматикалық  жҽне  формалды  категориялар  арасындағы 
шекараның  жойылуы),  тағы  басқалардың    бҽрі  -  ағылшын  тілі  мен  қытай 
тілін  типологиялық  жағынан  жақындастырады,  сонымен  бірге  оны 
«грамматикалық»  тілдер  тобына  жататын  классикалық  үндіеуропа 
тілдерінен ерекшелейді. 

 
Алтай  тілдерінің  детерминанты  болса  тілдегі  кҿмекші  элементтердің 
үнемделіп жұмсалу тенденциясы бойынша қалыптасады. 
Г.П.Мельников  барлығы  10  детерминант  жҽне  300  сабақты 
(переходные)  тілдік  типтерді  кҿрсеткен.  Ғалым  нақты  тілдік  жүйелер 
арасындағы  айырмашылықтың  болуын  «различия  между  конкретными 
языковыми системами как раз и возникают в связи с тем, что каждая из них 
может  иметь  специфический  способ  функционирования,  который  является 
его внутренней детерминантой» [17,361], деп жазды.  
Кейінірек ғалым «жүйелік типологияда» белгілі бір типтің басты жҽне 
негізгі  тілдік  инвариантының  ерекшелігі  –  ішкі  детерминант  ұғымы 
екендігін  айтып,  «қазір  4  ерекше  контрасты  детерминант  бар,  олар: 
флективтік,  агглютинативтік,  түбір  тілдер  жҽне  инкорпорациялық»  -  деп 
жіктейді  [17,  215].          Ғалымның  ойынша,  тілдік  ҿзгерістердің  болу  себебі 
фонетикалық  алмасулардың  шоғырлануынан  емес,  акцентацияның  орын 
ауыстыруынан  емес,  ойлау  қабілетінің  тҿменнен  жоғарыға  қарай  ҿсуінен 
емес,  тек  тілдік  жүйенің  детерминантының  ҿзгеруінен,  тілдегі  жетекші 
грамматикалық тенденцияның ҿзгеруінен болады екен. 
Тілдерді  жеке  семьяға  бҿлгенде  оның  ішіндегі  басқа  топтардың 
арасындағы  ұқсастық  -  сол  семьяның  барлық  топтарына  ортақ 
детерминанттың 
сақталғанының 
айғағы, 
ал 
алшақтық 
болса, 
детерминанттың фазасының ҽртүрлілігіне байланысты кҿрінеді. 
Г.П.Мельниковтың    пікірінше  семит  тілдерінің  кейбірінде,  мҽселен, 
аналитизмнің  ҿркендеуі,  дауысты  дыбыстар  түбірдің  элементі  ретінде 
қарастырылуы, т.б.семит детерминантынан алшақтау екен. 
Ғалым араб диалектілерін ең алғашқы семит детерминантынан алшақ 
кеткен  жүйе  ретінде  қарастырады,  себебі  оларда  жоғарыда  айтылған 
ауытқушылықтар (неодетерминанттар) жиі кездеседі. 
Біз ҿз тарапымыздан доминант ұғымын      б а с ы м,  б а с ы м д ы қ, 
б  а  с  ы  м  д  ы  л  ы  қ      баламасымен  бергенді  жҿн  санаймыз.  Біздің  бұл 
пайымдауымызды  қазақ  тілінің  түсіндірме  сҿздігінде  берілген  анықтама 
нақтылай түскендей: Б а с ы м  сын. 1.Мол, кҿп. 2.Ҥстем, күшті, мығым.  Б а 
с ы м д ы қ  зат. Артықтық, кҿптік, күштілік.  Б а с ы м д ы л ы қ  зат. Басым 
болушылық [19; 20,141]. 
Б а с ы м д ы қ  деген терминді қолданған ғалым Ҽ.Хасенов. Ол кісі 
«тілдерді  типологиялық  типтерге  бҿлгенде,  ең  алдымен  ол  тілдің 
грамматикасы  қалай  құрылған,  ол  тілде  грамматикалық  тҽсілдің  қай-
қайсысы  б а с ы м д ы қ  етеді деген мҽселе басшылыққа алынады» [21,39], 
дейді  де  ойын:  «тілдерді  құрылымы  мен  құрылысына  қарай  топтастыруда  
басшылыққа  алынатын  негізгі  белгілер:  ең  алдымен  тілдердің 
грамматикалық  жүйесінің  қалай  құрылғандығы,  белгілі  бір  тілдердегі 
грамматикалық  тҽсілдердің  қайсысы    б  а  с  ы  м  д  ы  қ    (доминант    Е.Ж.) 
ететіні,  сол  тілдердегі  сҿздердің  ҿзгеру,  түрлену  жолдары,  ерекшеліктері, 
қысқасы, қайталап айтсақ, белгілі тілдердің құрылымы мен құрылысы»  [21, 
389], - деп аяқтайды.   
Сонымен,  ҽрбір  тілде,  тілдің  типологиялық  табиғатында,  ерекше 
басым  грамматикалық  тенденциялар  болады.  Тілдегі  типологиялық 
басымдылық кез келген тілді ҿзге тілдерден ерекшелендіріп тұрады жҽне ол 
басымдылық тілдің бүкіл жүйесіне ҽсер етеді. Мҽселен, қазақ тілінде ерекше 
кҿзге түсетін типологиялық басымдылық - сҿздерге аффикстер жалғанғанда, 
сҿздің  морфологиялық  құрамы  күрделенгеніне  қарамастан,  сҿздің  түбірінің 
дыбыстық құрамы, негізінен алғанда, ҿзгермей, сол қалпында қалуы. 
Біздің  зерттеуіміздің  негізі  ретінде  типологиялық  басымдылық   
ұғымымен қатар қолданылатын тағы бір ұғым бар. Ол - «белгілер кеңістігі». 
«Белгілер  кеңістігі»  ұғымы  ҿте  күрделі  ұғым.  Оның    кҿпҿлшемді  тілдік 
жүйені терең талдауға септігі тиеді. 
Е.С.Кубрякованың  айтуынша,  «белгілер  кеңістігінің»  кҿмегімен 
ғылыми  ұғымдарды  анықтау  мҽселесінің  ескі  классификациялау 
принципінен жаңаға ҿту мүмкіншілігі зор  [23,281]. 
Ҽрбір  тіл  құрылымы  мен  қызметі  бар,  бүтін  (тұтас)  жүйелі  құбылыс 
ретінде  ҿмір  сүреді.  Дегенмен,  жүйе  құрылымнан  ғана  тұрмайды.  Ҽрбір 
жүйе  ҿзіне  тҽн  жҽне  бір-бірімен  байланысты  үш  түрлі  атрибуттың    - 
құрылым  мен  субстанцияның  жҽне  қызметтің  ұштасып  келуінен  жҽне 

 
олардың диалектикалық бірлігінен құралып, ҿмір сүреді, дамиды. Сонымен 
қатар,  тіл  -  тек  жүйе  ғана  емес,  жүйелердің  жүйесі.  Ол  бір    белгіні  ғана 
қамтымайды,  бірнеше  белгілердің  жиынтығы  болып  табылады.    Бұл  жерде 
қандай да бір тілдік құбылыс классификацияланып, сараланып, сипатталып 
қана  қоймайды,    сонымен  бірге,  «белгілер  кеңістігінің»  ҿзіндік  орны 
кҿрсетіледі. 
Тілдік  құрылым  ҽр  тектес  элементтердің  арақатынасынан  жҽне 
бірлігінен  тұрады.  Ол  элементтер  мыналар:  1)дыбыс  (фонема),  2)морфема, 
3)сҿз, 4)сҿйлем, 5)мҽтін.  Бұл элементтердің арасындағы айырмашылықтар – 
сапалық  айырмашылықтар.  Демек,  аталған  элементтер  бір-бірінен  сапасы 
жағынан  ажыратылады.  Ҽрбір  элементтің  сапасын  оның  қызметі  айқындап 
тұрады [24,62 ].  
«Белгілер  кеңістігі»  ҽрбір  тілдің негізгі  құрылымын  кҿрсететін нақты 
тілдік категориялардың қызметтерінің жалпы сипатын анықтайды жҽне бір-
бірімен  байланысты 
тілдік 
құбылыстардың 
түрленуінің 
сапалық 
айырмашылықтарының таралу диапазонының ауқымын айқындайды.  
«Басым  белгі»  жҽне  «белгілер  кеңістігі»  ұғымдарының  бір-бірімен 
тығыз  байланыстылығына  күмҽн  жоқ.  Ҿйткені,  тілдің  қандай-да  бір 
деңгейінің  қызметі  мен  ерекшелігін  анықтайтын  белгілер  жиынтығының 
ішінен  бір белгі б а с ы м  келеді. Ол басымдылық  белгілі деңгейде ерекше 
сипатқа  ие  болып,  басқа  белгілердің  кҿрінуіне  ұйтқы  болады  жҽне  тілдің 
бүкіл жүйесіне ҽсерін тигізеді. 
Мҽселен, қазақ тілінің құрылымында да типологиялық басым белгілер 
кездеседі. 
Біз  жоғарыда  басым  белгі,  басымдылық  (доминант)  жҽне  басым 
белгінің  тілдің  типіне  ҽсер  ететін  ерекшесі  (детерминант)  ұғымдарының 
аражігін ажыратамыз деген едік. Тҿменде біз қазақ тілінің құрылымындағы 
басым белгілерді кҿрсетеміз. Детерминантты курсив арқылы белгілейміз. 
Ф  о  н  е  т  и  к  а  л  ы  қ    басым  белгілер:  1)  Сҿз  басы  мен  соңында 
дауыссыз дыбыстар тіркесінің болмауы ; 2) Үндестік заңының болуы;  
3) Үндестік заңымен жалғасатын фонетикалық сипаттардың бар болуы;  
4)  Сҿздің  фонетикалық  тұтастығын  сақтауға  мүмкіндік  беретін 
ассимиляциялық жҽне диссимиляциялық құбылыстардың ықпалы.  
М  о  р  ф  о  л  о  г  и  я  л  ы  қ      басым  белгілер:  1)  Сөздің  морфемалық 
құрылымының  айқындылығы;  2)  Түбір  морфеманың  ҿзіндік  тұрақты 
фонетикалық  қалпын  сақтауы;  3)  Атау  септігіндегі  сҿз  негізі  (түбір)  бүкіл 
септеу  парадигмасының  орталығы  (негізі)  болып  келуі;  4)  Сҿзжасам  жҽне 
сҿз түрлендіру құбылыстары негізінен агглютинативті аффиксация есебінен 
жүзеге  асуы  (бұл  жағдайда  аффикстер  тіпті  ҿзгермейді);  5)  Аффикстердің 
бір мағыналығы жҽне стандарттылығы; 6)Аффикстердің жалғану тҽртібінің 
тұрақтылығы.   
С  и  н  т  а  к  с  и  с  т  і  к    басым  белгілер:  1)  Сөздердің  сөйлемдегі 
тұрақты  орын  тәртібі;  2)  Анықтауыш  айқындалушы  сҿз  алдында, 
толықтырушы  сҿз  толықтауыш  алдында,  баяндауыш  сҿйлем  соңында 
орналасады. 
Ҽрбір деңгейдегі детерминант типологиялық басымдылықтың негізгісі 
болып  табылады.  Ол  басқа  белгілердің  кҿрінуіне  негіз  болады,  тіпті  тілдің 
типінің анықталуына ҽсер етеді.  
Әдебиеттер
 
1.  Мишкуров 
Э.Н. 
Типология 
диалектного 
и 
литературного 
грамматического  строя  современного  арабского  языка.  Диссертация  на 
соискуч. ст. дфн. М.:1985. -350с. 
2. Аракин  В.Д.  Сравнительная  типология  английского  и  русского 
языков.-Л.: Просвещение, 1979.-259с. 
3. Солнцев  В.М.  Типология  и  тип  языка  /Вопросы  языкознания.  –
М.:1978. -№2. С.26-41. 
4. Буранов  Дж.  Сравнительная  типология  английского  и  тюркских 
языков.-Москва.: Высшая школа, 1983. – 220с. 
5.  Ярцева  В.Н.  Современная  типология  и  ее  связи  с  контрастивной 
лингвистикой. //Филологические науки, 1978. -№5с. - С.14-19. 

 
6.  Кацнельсон С.Д. Лингвистическая типология - Вопросы языкознания, 
1983, №3.с.9-20; №4. С.19-34. 
7.  Макаев Э.А. Общая теория сравнительного языкознания. – М.:Наука 
1977.-205с. 
8. Ярцева В.Н. Принципы типологического исследования родственных и 
неродственных языков. В кн. Проблемы языкознания. Доклады и сообщения  
ученых Х международном конгресе лингвистов. М,: Наука, С.203-207.  
9. Солнцев  В.М.  Язык  как  системно-структурное  образование.  –М.: 
Наука, 1977. -341с. 
10.  Буранов  Дж.  Типологические  категории  и  сравнительное  изучение 
языков. –Дисс... д-ра филол наук.- Ташкент, 1978. –543с. 
11.  Городецский 
Б.Ю. 
Основы 
концептуального 
аппарата 
лингвистической  типологии.  –  В  кн.:  Тезисы  дискуссии  «Типология  как 
раздел языкознания». -М.: Наука (ГРВЛ), 1976. С.62-65. 
12.  Нерознак В.П. О границах типологического анализа языков. –В кн.: 
Литература – Язык – Культура. -М.: Наука, 1985.-387с. 
13.  Климов  Г.А.  Вопросы  контенсивно-типологического  описания 
языков. – В кн.: Принципы описания языков мира. – М.: Наука, 1978. -С.122-
146. 
14.  Климов Г.А. Принципы контенсивной типологии. – М.: 1983, -224с. 
15.  Мельников  Г.П.  Системный  анализ  причин  своебразия  семитского 
консонантизма (методические разработки) -М.: МГПИ, 1968. - 32с. 
16.  Мельников Г.П. Истоки и состояние системной типологии.  – В кн.: 
Тезисы дискуссии «Типология как раздел языкознания» -М.: Наука, (ГРВЛ), 
1976. –С.121-129. 
17.  Мельников  Г.П.  Системная  типология  языков  /принципы,  методы, 
модели/ -Москва.: «Наука», 2003.  -290с. 
18.  Мельников Г.П. Детерминанта – ведущая грамматическая тенденция 
языка.-В  книге  Фонетика.  Фонология.  Грамматика.  /к  70-летию 
А.А.Реформатского/. –Москва.: Наука, 1971. -367с.   
19.  Қазақ ҽдеби тілінің сҿздігі. Он бес томдық. 1-6 том. –Алматы: Арыс, 
2006. 
20.  Қазақ тілінің түсіндірме сҿздігі. 2-том. Б-Г. -Алматы: 1976. -695б. 
21.  Хасенов Ҽ. Тіл білімі. –Алматы: Санат, 1996. -391б. 
22.  Кубрякова Е.С.// Общее языкознание. Внутренняя структура языка.-
М.: «Наука», 1972.- 565с. 
23.  Сулейменова  Э.Д.  Казахский  и  русский  языки:  основы 
контрастивной лингвистики. -Алматы: Демеу, 1996. -205с. 
 
 
 
 
Есеналиева Ж.Ж.,  
д.ф.н., профессор, КазУМОиМЯ имени Абылай хана, 
Алматы, Казахстан 
Научно-понятийный аппарат лингвистической типологии  и 
принципы системного многомерного типологического 
исследования
 
 
     В  статье  рассматривается  научно-понятийный  аппарат  лингвистической 
типологии  и  определяются    принципы  системного  многомерного 
типологического исследования. 
 
Esenalieva Zh.Zh., 
d.ph.sc., professor, Kazakh Ablai khan UIR&WL, 
Almaty, Kazakhstan 
 
The scientific and conceptual apparatus of linguistic typology 
and principles of the system 
 
  The article deals with the scientific and conceptual apparatus of linguistic 
typology and principles of the system are determined by multivariate typological 
study.    
 

 
 
 
 
 
 
 УДК: 811.111 
Қонысбаева С., 
ф.ғ.к., доцент, Каспий мемлекеттік технологиялар жҽне инжиниринг 
университеті, Ақтау, Қазақстан 
 
    ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИ ОҚУЛЫҚТАРДЫ 
ҚОЛДАНУ 
Мақалада  ЖОО-да  шет  тілдерін  оқыту  мҽселелері,  шет  тілдерін  оқытуда 
ғылыми-ҽдеби оқулықтарды қолдану тиімділігі, ғылыми, ҽдеби мҽтіндермен 
жұмыс сҿз болады.  
Түйін сөздер: мҽтін, ақпараттық ҽдіс, бағдарлама, оқулық, үдеріс  
 
Жоғарғы оқу орындарында шет тілдерін оқыту мҽселесі ҿзекті мҽселенің бірі 
болып табылады.  
    Қазіргі  акқпараттық  ҽдістің  ҿрлеуіне  байланысты  оқытудың  жаңа 
технологиясына қойылатын талаптар баршылық. 
     Шетел  тілін  жақсы  меңгеру  мақсатында  жоғарғы  оқу  орындарында  тек 
ғана  лексика,  грамматика,  фонетика  саласына  қоса  ғылыми  ҽдебиеттерді 
қолдану ҽдісін пайдалану керек екендігі ҽбден дұрыс.  
     Шетел  тілін  оқытудың  негізгі  мҽселесіне  ғалымдар,  педагог-практиктер 
кҿп кҿңіл бҿліп, осы мҽселені ортаға салуда.. Ғылыми ҽдебиеттерде арнайы 
оқылатын  шетел  тілінің  мамандары  үшін  барлық  оқу  пҽндерінің,  соның 
ішінде  «Елтану»  «Лексикология»,  «Стилистика»,  «Үйдегі  оқу»  т.б. 
пҽндердің  маңыздылығы  бар.  Сонымен  қатар  «Газета»  пресс  сабағында 
ғылыми мақалалардың маңыздылығын талқылауға болады. Мұндағы негізгі 
мақсат  –  студенттердің  жан-жақты  ой  ҿрісінің  кеңеюінжҽне  түрлі  ғылыми, 
ҽдеби  мақалаларды  оқып,  аударып  жұмыс  жасауына  зор  мүмкіндік 
туғызады. 
    Шетел тілінде оқыту мақсатында студенттер кҿп мҽселеге студенттер кҿп 
мҽселеге байланысты сабақтың маңызды болуына кҿңіл бҿледі. Жоғарғы оқу 
орындарында  оқитынстуденттер  ғылыми  мҽтіндерді  толық,  дҽл  түсіне 
бермейді. Ол үшін кҿптеген ҽдіскерледің ойларынамҽн беру қажет. 
     Ғылыми мҽтіндердің логикалық қисындылығының, байланыстылығының 
сақталуына кҿңіл бҿлу қажет; 
-  берілген  жағдайда  қолданылатын  тіл  құралдарының  сҽйкестілігінің 
болуы; 
-  ситуацияның шынайы болуы; 
-  мҽдени ерекшеліктердің жҽне ұлттық менталитеттің оның бейнеленуі; 
-  ақппараттылық толықтылық ҽсерлі жҽне т.б. болуы.  
    Осылайша  оқулық  авторлары  мен  мұғалімдердің  ғылыми  оқулықтарды 
жеңілдетілуіне рұқсат етіледі. 
     Ҽрбір  шет  елдің  ғалымдарының  негізгі  мақсаты  шетел  тілінің  дүние 
жүзілік маңыздылығына ықпал ету. 
    Шетел  тілінде  дҽріс  оқығанда    кҿбінесе  ғылыми  ҽдебиеттерге  сүйенген 
жҿн.  Себебі  ғылыми  ҽдебиеттерге  жүргізілу  мақсаты  –  біздің 
студенттеріміздің  ой-ҿрісінің  жан-жақты  дамуына    мүмкін  жағдайлар 
тіліміздің дамуына т.б. ҽсер етеді. 
      Жоғарғы техникалық оқу орындарында шетел тілін оқыту жалпы арнайы 
пҽннің  оқутылыуынан  анағұрлым  жеңіл.  Шетел  тілінің  түрлі  ҽдістерін 
қолдану  нҽтижесінде  ғылыми  тұрғыдан  оқыту  –  студенттерге  түлі 
техникалық  терминдерді  түсіндіру  сҿздіктермен  жұмыс  жасау  ҽдістерін 
меңгеру  қажет.  Кҿбінесе  тілдік  емес  мамандықтардың  шет  тілін  үйренуі 

 
үшін ғылыми ҽдебиеттердің соның ішінде грамматика, лексикалық жағынан 
оқыту пайдалы. 
    Техникалық  оқу  орындарында  профессионалдық  білім  алу,  шет  тілінің 
ҽдебиеттері  ғылыми  ҽдістемелік  ҽдебиеттерімен  жұмыс  жасау,  кҿп  бағытта 
пайда тигізеді. 
      Мҽтіндік тапсырмаларда жаңа сҿздіктерді үйрену, жазбаша жұмыс жасау 
ҽдістерін үйренуге мүмкіншіліктер бар. 
      Сонымен қатар диалогтық ҽдіс, ҽдетте ҿтініш ету сұрақтарға жауап беру 
профессионалдық лексиканы кеңінен қолдануға ҽсер етеді. 
      Қаіргі  таңда  тілдік  емес  оқу  орындарында  шет  тілін  оқытудың  арнайы 
бағдарламасы  бар.  Бұл  бағдарламада  студент  білуге  қажетті  мҽселелер; 
ғылыми  ҽдебиет  мамандық  бойынша;  ол  оқулықтағы  керекті  ақпараттар, 
ҽңгімелер жүргізу, шетел тілінде түсіну мҽселелері жасақталған. 
     Қҿптеген  ғалымдардың  пікіріне  сүйенсек  студентке  сҿйлеу  ҽрекетін 
ғылыми  ҽдістермент  қалыптастырудың  жолдарын  білу,  олардың  сатылап 
күрделенуіне ескеру қажет. Ғалымдардың ой-пікіріне қарасақ ғылыми ҽдеби 
оқулықтармен  үнемі жұмыс жасау талаптарының қойылуы қажет. 
      Ғылыми 
ҽдебиеттер 
тартымды 
болғанын 
қадағалап, 
ондағы 
жаттығулардың    сапасын  арттырып,  тілді  тез  үйрену  үшін  қолайлы  жағдай 
боллу керек. 
     Тілдік  жаттығулар  тілдік  материалды  меңгеруге  арналады.  Сҿйлеу 
жаттығулары  сҿйлеуге,  сҿйлесіп  түсінуге,  ҿз  ойын  басқаға  жеткізуге, 
жаттықтыруғаарналады.  Сҿйлеу  жаттығуларының  басты  мақсаты  –  тілді 
меңгеруге сҿйлеу дағдыларын қалыптастыруды кҿздейді. 
      Оқыту процесінде қолданылатын ҽдіс, тҽсіл, амал, құрал сҿздерінің кейде 
сҽйкес  мағынада  жұмсалып,  кейде  ҽрқайсысы  ҿзіндік  ерекшеліктерді 
білдіретін  түсініктеиелерден  айқын  аңғаруға  болады.  Осы  мҽселенің 
барлығы  сайып  келгенде  шетел  тілін  ғылыми  ҽдебиеттердіқолдана  отырып 
тез үйренуге  үлкен ықпал етеді деген сенімдеміз. 
       Студенттердің  шет  тілінде  еркін  тілдік  қатынасқа  түсіп,  ой-пікір 
алмасуы  сҿйлесім  ҽрекетімен,  соның ішіде  айтылыммен  тығыз  байланысты 
болады.  
        Қазіргі ғылыми оқулықтардың мҽтіндеріне: ҽр түрлі стильмен, жанрмен 
жазылған мҽтіндер; таңба-белгілік мҽтіндер, түсініктемелер берілген. 
         Шетел  тілін  оқыту  барысында  практикалық  сҿйлеу  ҽрекетінің  барлық 
түрін  ҿзара  сабақтастыра  оқыту,  тілдік  материалдарды  функцияналдық 
жүйемен  іріктеліп,  заман  талабына  сай  мамандыққа  бағыттау  негізге 
алынады.  
        Жаңа бағдарламалар шетел тілінің ҿзгеге тҽн  мҽнін, қуатын мейлінше 
ашуды  кҿздеген.  Осы  мақсатқа  сай  ғылыми  ҽдебиетті  оқу  міндеттері 
қойылды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет