Абылай хан атындағЫ Қазақ халықаралық



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#5713
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

 
Конысбаева С., 
к.ф.н., доцент, Каспийский государственный университет технологий и 
инжинеринга, Актау, Казахстан 
 
Использование научно-художественных пособий в обучении ИЯ 
 
   В  данной  статье  рассматривается  проблемы  обучения  ИЯ  в  вузах
использование  и  эффективность  научно-художественных  учебников  в 
учебном процессе и работа с научно-художественных литератур.  
 
Konysbaeva S., 

 
c.ph.sc., associate professor, Kaspy state university of technology and 
engineering, Almaty, Kazakhstan 
 
Usage of scientific-literary literature in teaching foreign languages 
 
The article describes the problems of teaching foreign languages in higher 
educational institutions, the usage and effectiveness of scientific-literary literature 
in learning process. 
 
 
УДК: 39; 572.9 а 
Розиева Д.С.,  
ф.ғ.м., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жҽне ҽлем 
тілдері университеті, Алматы, Қазақстан 
rsdilfuza@mail.ru
 
 
ҚАЗАҚ, ҦЙҒЫР ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ 
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 
 
Мақалада қазақ, ұйғыр жҽне ағылшынбалалар ҽдебиетінің  зерттелу тарихы 
туралы  жазылған.  Автор  алдымен,  үш  ҽдебиет  туындыларын  бірге 
қарастыруда,  «ҽлемдік  ҽдебиет»  тұжырымдамасы  негізінде,  салыстармалы 
ҽдебиеттануға сүйене қарастыру керектігі туралы айтады. Одан кейін, қазақ, 
ұйғыр жҽне ағылшын балалар ҽдебиетінің пайда болу тарихы жҽне ғылыми 
тұрғыда  зерттелуі  туралы  кең  түрде  мысалдар  арқылы,  жеке  тоқталып 
баяндайды. 
Мақала да қазақ, ұйғыр жҽне ағылшын тілді балалар ҽдебиеті  туралы жалпы 
мҽліметтер  мен  бірге  ҽдебиеттің  осы  саласының  бүгінгі  даму  сатысына 
жетуге  дейінгі  зерттеушілер  мен  олардың  еңбектері  қарастырылған.  Автор  
мақаланың  соңында  осы  үш  ҽдебиеттегі  балалар  ҽдебиетінің  рҿлі,  орны 
туралы  кең  тоқталып  ҿз  талдауларымен  бҿліседі  жҽне  ҿз  қорытындысында 
нақты пікірлер мен мысалдар арқылы баяндайды. 
Түйін  сөздер:  Ҽдебиеттану,  салыстырмалы  ҽдебиеттану,  ҽлем  ҽдебиеті 
тұжырымдамасы,  балалар  ҽдебиеті,  балалар  поэзиясы,  қазақ  балалар 
ҽдебиеті, ұйғыр балалар ҽдебиеті,ағылшын балалар ҽдебиеті. 
 
Ҽр  халық ҿз ҽдебиетінің ҿркениетті қоғамда дамығанын  қаласа, онда 
ҽр  ұлт  ҿз  тілін,  дінін,  ҽдет-ғұрпын,  салт-дҽстүрін  жақсы  біліп  құрметтеуі 
тиіс.  Ҽдебиет  арқылы  халық  ҿзге  халықтың  ҽдет-ғұрпын,  кҿзқарасын, 
ҿзіндік  ерекшелігін  танып  біле  алады.  Яғни,  ҽдебиет  –  ұлт  болмысының 
айнасы.  
Бүгінгі Қазақстан ҽдебиеттануындағы аса маңызды мҽселелердің бірі  –
бір немесе бірнеше ҽдебиеттерде орын алып жатқан құбылыстарды ҽлемдік 
ҽдеби үрдіс контексінде  қарастыру болып табылады.  
М.Қараев  айтқандай:  «Жалпы  жазба  ҽдебиет  түрі  пайда  болысымен 
ауыз  ҽдебиеті  пышақ  кескендей  жойылып  кетпейді,  қайта  кҿп  заман  екеуі 
қатар ҿмір сүреді. Бір-бірімен астасып, ҽсер етісіп, тығыз байланыса дамиды. 
Халықтың  поэзиялық  творчествосы  аталатын  ауыз  ҽдебиеті  жазба 
ҽдебиеттің  жаңа  туған  балаң  кезінде  де,  кейін  үлкен  ҿріс  алып  ҿскен, 
кемелденіп  марқайған  кезінде  де  оған  ҽрдайым  сарқылмас  нҽр  береді,  рух 
береді.  Сондықтан  халық  творчествосын  ұлт  мҽдениетінің  қайнар  кҿзі  деп 
бағалау тарихы дҽлелденген ғылыми қағида десе болады» [1]. 
Кҿркем  шығарманың  мҽтінін  салыстыра  оқу  ҽртүрлі  болады.  Ол 
зерттеудің талабына, кҿркем шығармаға, ҽдеби болмысты талдау тҽсілдеріне 
де  байланысты бола береді. Яғни, зерттеуші ҿзіндік ҽдіс арқылы автордың 
кҿркем  шығармадағы  жеке  кҿзқарасын  танып,  аударма  арқылы  жасалған 

 
шығармалар  арасындағы  ұласпалы  байланыстар  мен  типологиялық 
ұқсастықтарды дҽл таба алады. 
Ҽртүрлі    ҽлемдік  ҽдебиетке  жататын  екі  бҿлек  елдердің,  біздің 
зерттеуде, шығыс – қазақ жҽне ұйғыр жҽне  батыс – ағылшын  поэзияларына 
талдау  жасамас  бұрын,  алдымен  салыстырмалы  ҽдебиеттанудағы  жалпы 
мҽселелерге шолу жасағанды жҿн кҿрдік. 
Ҽр  нҽрсе  салыстыру  арқылы  жақсырақ  танылады.  Салыстырмалы 
ҽдебиет И.В.Гете, И.Г.Гердер, ағайынды Якоб жҽне Вильгельм Гриммдерден 
кейін Ресейде белгілі сыншы В.Г.Белинский тарапынан ҿз жалғасын тапты. 
Ол салыстырмалы ҽдебиеттанудың басты категорияларын «салыстырмалы», 
«ҽсер»,  «еліктеу»,  «жалғастық»  т.б.  ұғымдардың  мазмұны  мен  мағынасын 
ашты,  ұлт  ҽдебиеттері  арасындағы  типологиялық  жҽне  генетикалық 
сипаттағы  ортақ  белгілер  мен  дара  ерекшеліктерді  эстетикалық  биік 
ұстаным тұрғысынан пайымдады [2].  
Ф.И.Буслаев  жҽне  оның  шҽкірті  А.Н.  Веселовский  салыстырмалы 
ҽдебиеттанудың  дамуына  орасан  зор  үлестерін  қосты.  Сондай-ақ,  Кеңес 
заманының  ғалымдары  Б.Томашевский,  Н.И.Конрад,  В.М.Жирмунский, 
И.Г.Неупокоева,  Б.Л.Сучков,  М.Б.Храпченко,  Д.Ф.Марков,  Д.С.Лихачев, 
А.С.Бушмин, А.С.Алексеев  жҽне қазақстандық  М.О.Ҽуезов, Ш.Қ.Сҽтпаева, 
Н.Жуанышбеков,  М.Х.Маданова,  Ф.Е.Исмаилова,  А.К.Түсіпова    сынды 
басқа  да  кҿптеген  зерттеушілердің  еңбектері  салыстырмалы  ҽдебиеттану 
ғылымының  дамуы  мен  ҽдеби  байланыс  заңдылықтарын  кеңейте  түсуге  ҿз 
үлестерін қосты.  
Отандық  ҽдебиеттануда  бұл  мҽселе  жҿнінде  ежелден  қалыптасқан 
дҽстүр  бар.  Қазақстан  зерттеушілерінің  негізгі  тақырыбы  қазақ-орыс  жҽне 
орыс-қазақ ҽдебиеттері арасындағы ҽдеби байланыс болып, ол негізінен 60-
70  жылдары  кеңінен  дамыды  жҽне  осы  тақырыпқа  мақалалар,  ғылыми 
ізденістер,  монографиялар  жазған  М.Маданова,  Н.Ж.Сағындықова, 
Ш.К.Сҽтпаева,  Е.В.Лизунова,  З.Ахметов,  Ш.Кереева-Канафиева  т.б.  болды. 
Осы  тақырып  90  жылдары  да  ҿз  ҿзектілігін  жоғалтқан  емес,  бұл  жерде 
Б.Мамраев,  Д.А.Қонаев,  Р.О.Батырбекова  еңбектерін  атауға  болады. 
Салыстырмалы  ҽдебиеттануда ҿте ҿзекті жҽне салмақты мҽселелердің бірі  –
ҽдеби билингвизм мҽселесі. Осы мҽселеге қатысты жазылған зерттеулер ҿте 
ҿзекті  жҽне  үш  тілділік  теориясында  ҿз  жалғасын  табады,  ал  билингвизм 
зерттеушілеріне Ҽ.Ҽлімжанов, Қ.Рүстемова, А.Еженова т.б. жатады.  
Бүгінгі  күні  мҽдениетаралық  қатысым  ҽлемнің  барлық  елдерінде, 
барлық салаларында орын алуда, сол себепті ҽдеби үдерістің ҿзекті болуы де 
хақ.  Салыстырмалы  ҽдебиеттану  дегенде,    кҿп  нҽрсені  түсінуге  болады. 
Мысалы, екі немесе бірнеше жеке ҽдебиеттердің  тарихи бірлігі тарапынан 
зерттелінуі. 
Үш  тілдегі  балалар  ҽдебиетін  талдай  отырып,  осы  ҽдебиеттер 
арасындағы  байланыстардың  ең  белсенді  кҿрініс  тапқаны  типологиялық 
байланыс, ал біршама сирек ҽрі делдал тіл арқылы жасалатын байланыс түрі 
– контактілік екендігі анықталды.  
Ұлтаралық  ҽдеби  қарым-қатынастар  біріншіден,  ҽртүрлі  генетикалық 
(тектестік)  қатынас  байланыстары,  екіншіден  қоғамдық,  мҽдени  жҽне 

 
кҿркемдік  дамудың  жалпы  жҽне  жақын  факторларының  іс-ҽрекетінен 
туындайтын  типологиялық  ұқсастық,  сҽйкестікті  болжайтын  күрделі  ҽрі 
кҿпқырлы  үрдіс  [3,  18  б.].  Ҽдебиеттердің  жанаса  жалғасуы  –  кҿпқырлы 
ҽдеби-тарихи  ҽрі  кҿркемдік-эстетикалық  құбылыс.  Олар  ҿзара  қарым-
қатынастың  түрлі  фактілерін  қамтиды.  Бірқатар  ҽдебиеттердің  жалғасты 
байланыстары тектік тамырластық (генетикалық) түрінде жүреді жҽне ол сан 
ғасырларға  созылады.  Бұл  ретте  қазақ  пен  басқа  түркі  халықтары 
ҽдебиеттерінің терең тамырластықтан тарайтын генетикалық байланыстары 
ойға оралады.  Осы тұста ескеретін жайт, қазақстандық филология ілімінде 
қазақ орыс, татар, түрік, тіпті яқұт ұлттарымен тілдік жҽне ҽдеби байланыс 
тұрғысынан  зерттеулер  болса,  түбі,  тамыры  бір  М.  Қашқари,  Жүсіп 
Баласағұн  еңбектерінен  нҽр  алып,  орта  ғасырлардағы  ҽдебиетте  ортақ 
шығыс  елі  мотивтеріне  сүйеніп  туындылар  жазған,  Кеңес  елі  тұсында 
ағартушылық,  кеңес  одағының  ҽсерін  бірдей  басынан  кешірген,  ғасырлар 
бойы  тамыр-туыс,  жегжат-жолдас  болған  қазақ-ұйғыр  ағайындыларының 
ҽдебиетаралық байланыстар мҽселелері тек газет беттеріндегі мақалалар мен 
ғылыми мақалаларда кҿрініс тапқан.  
Біздің мақаламызда қазақ, ұйғыр жҽне ағылшын балалар поэзиясындағы 
дҽстүр  мен  үндестік  мҽселелерін  типологиялық  тұрғыдан  қарастырамыз, 
бірақ  қазақ  жҽне  ұйғыр  балалар  поэзиясына  генетикалық  байланыстар 
тұрғысынан  келеміз.  Ақын-жазушылар  арасындағы  байланысты  іштей 
жүйелеп,  жіктеу  үшін  оларға  байланыс  түрінен,  сипатынан  хабар  беретін, 
байланыс  деңгейін  анықтап  тұратындай  атаулар  берілгені  абзал.  Ҽдеби 
байланыс  формаларына  аударма,  үлгі  алу,  еліктеу,  стильге  салу,  образды 
ұқсастық жҽне т.б жатады. 
Бұл  орайда  ағылшын  балалар  ҽдебиеті  сынды  қазақ,  ұйғыр  балалар 
ҽдебиеттері  де  ҽрқашан  үлкендер  тарапынан  басқарылып  отыратыны, 
балалар үшін ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін кҿрсететін үлкендер қатынасы 
шығармаларда  сезіліп  тұратыны  шын.  Х.Дартон  айтқандай  біз  балалар 
ҽдебиетіне  балаларға  тҽн  ҽдеби  шығармадан  бастап,  барлық  балаларға 
арналған  дүниенің  ара  жігін  ажыратпай  қоса  салатынымызда  бар.  К.Майс 
кҿрсеткендей  барлық  ұлттық  балалар  ҽдебиеттерінде  үлкендерге  арналған 
шығармалар балалар тарапынан, ал кішкентайлар үшін жазылған туындылар 
үлкендер  ықыласына  бҿлінуі,  автордың  шеберлігі  жҽне  жаңа,  тың,  озық 
тақырып пен идеяны ұштастыра алуында деп білеміз. (Д.Дэфо  «Р.Крузоның 
бастан  кешкен  оқиғалары»,  ертедегі  ағылшын  эпикалық  шағармасы 
«Беофульф»)  Осындай  құбылыс  қазақ,  ұйғыр  балалар  ҽдебиеттерінде  де 
кездеседі.  Балалар  құр  бос  сҿз,  қажетсіз  сипаттау,  шынайылық,  түсініксіз 
суреттеулерді  жаны  сүймейді  оларға  нақты,  қажетті  мҽлімет,  мағынасы, 
идеясы қысқа да нұсқа болуын қажет етеді. 
Қай  халықтың  балалар  ҽдебиеті,  мейлі  проза,  не  болмаса  поэзиясы 
болмасын  ҿз  бастауын  халық  ауыз  ҽдебиетінен  алады.  Қазақ  халық  ауыз 
ҽдебиетіндегі бар жанрлар, айталық бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, 
жаңылтпаш, ҿтірік ҿлең т.б бүгінгі күнгі ҽдебиеттің де тҿл жанрлары болып 
табылады.  

 
Қазақ  балалар ҽдебиеті жазбаша мұраларының басында Ы.Алтынсарин 
шығармалары тұрды. XX ғасыр кеңестік қазақ ҽдебиеті кезеңін құрайды. Сол 
дҽуірде 
Т.Жомартбаев, 
І.Жансүгіров, 
А.Тоқмағамбетов, 
Б.Майлин, 
Т.Жомартбаев,  Ҿ.Тұрманжанов,  М.Ҽлімбаев,  Ҽ.Табылдиев,  Қ.Мырзалиев, 
Ж.Смақов,  Ҽ.Дүйсенбиев,  М.Жаманбалинов,  Ж.Кҽрібозин  т.б    ақындар  ҿз 
үлестерін қосты. Ал, қазақ балалар ауыз ҽдебиеті туралы тоқталар болсақ, ол 
XIX  ғасырдан  бастап  қағаз  бетіне  түсіп,  жинала  бастады.  Алдымен 
Ы.Алтынсарин,  М.Кҿбеев,  А.Диваев,  Г.Потанин  еңбектерінде  балалар  ауыз 
ҽдебиеті  кҿріне  бастады.  Кейін  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  М.Ҽуезов, 
Ҿ.Тұрманжанов,  М.  Ғабдуллин,  Ш.Ахметов,  М.Ҽлімбаев,  С.Қасиманов  т.б. 
зерттеушілер  ат  салысты.  Ҽуелде  балалар  ауыз  ҽдебиеті  жалпы  қазақ  ауыз 
ҽдебиетінің құрамында жүрді [4]. 
Октябрь  тҿңкерісінен  кейін  Қазақ  балалар  ҽдебиеті  сыншылар  мен 
зерттеушілердің,  ғалымдар  мен  ақын,  жазушылардың,  мұғалімдердің 
назарын  ҿзіне  аудара  бастады.  Ҿз  кезінде  С.Сейфуллин,  І.  Жансүгіров,  С. 
Кҿбеев т.б.  
Қазақ  балалар  ҽдебиетін  зерттеу  XX  ғасырдың    70  жылдарынан  ҿз 
басталды, атап айтсақ Ш. Ахметов, Б.Ыбырайымның «Қазіргі қазақ балалар 
прозасы  мен  рухани  эстетикалық  даму  мҽселелері»  (1998)  атты  докторлық 
диссертациясы  Г.Нұғыбаеваның  «Дeтская  литература  Казахстана  70-80-е 
годы  (развитие,  нравственность,  проблематика)»  (1994),  С.Ҿскенбаевтың 
«Қазақ 
балалар 
прозасының 
 
даму 
тенденциялары» 
(1970), 
Е.Құлымбетовтың 
«Ҿтебай 
Тұрманжановтың 
ақындығы» 
(1974), 
Б.Ыбырайымның 
«Қазіргі 
қазақ 
балалар 
повестерінің 
кҿркемдік 
ерекшеліктері»  (1990),  Қ.Матыжановтың  «Қазақтың  фольклорлық  балалар 
поэзиясы» (1990), А.Ҿтегенованың «Жанрово-художественные особенности 
современного  казахского  детского  рассказа»  (70-80е  годы)  (1992), 
Б.Қапасованың  «Қазіргі  қазақ  балалар  лирикасы»  (2001),  А.Ахтанованың 
«Қазақ  балалар  драматургиясы»  (2002),  Ж.Рүстемованың  «Қазақ  балалар 
прозалық  ҽдеби  ертегісі»  (2004),  Г.Қажыбаеваның  «Қазіргі  қазақ  балалар 
поэмасы»  (1960-90-е  годы),    (2006)  кандидаттық  диссертациялары  балалар 
ҽдебиетіндегі  жаңалықтардың,  ғылыми  ҿзгерістің  жүйелі  түрде  қаралып 
жатқандығының белгісі.  
Біздің  зерттеумізде  қарастырылатын  қазақстандық  ұйғыр  балалар 
ҽдебиеті  тарихына үңілетін  болсақ,  ол түркі  тілдес  халықтар  ішіндегі  ең  аз 
зерттелінген ҽдебиет деуге болады. Ұйғыр халық ауыз  ҽдебиетінде балалар 
ауыз  ҽдебиеті  кең  дамыған.  Жалпы  негізі,  тамыры  ҚХР  ұйғыр  ҽдебиетімен 
бірге  болумен  қатар,  қазақстандық  ұйғыр  балалар  ҽдебиеті  ҿзінің  тарихи 
жолымен  жүрді  жҽне  Кеңес  елінің  ҽлеуметтік-саяси  ҿзгерістерін  бастан 
ҿткізді.  Ұйғыр  халқының  бай    мҽдениетіне  жҽне  тарихына  мҽн  беріп, 
ғылыми ізденістер жасаған  ғалымдар қатарына  В.В.Радлов, Н.Н.Пантусов, 
С.Е.Малов,  Ш.Уҽлихановтар    кіреді.  Ұйғыр  ақын  жазушылары  да  халық  
ауыз  ҽдебиеті бойынша жинақтар шығаруға  айрықша назар  аударды. 1925 
жылы  Мҽскеуде «Уйғур ҽл ҽдҽбияти», 1931 жылы журналист С.Шакиржан 
«Садир  қаңруқ»  кітабы,  1940  жылы  Ташкентте    Ғ.Мирҽли  жинақтаған 
«Уйғур  хҽлиқ  қошақлири»,  ақын  Һ.  Искендеров,  Қ.  Хасановтар  тарапынан 

 
ұйғыр  халық  бейіттері,  қошақ,  мақал-мҽтел  жинақтары  шықты.  Ал,  тарих 
ғылымының  кандидаты  М.Кебиров  орыс  тіліне  аударған  «Уйгурские 
сказки»  жҽне  филология    ғылымының  кандидаты  М.  Алиеваның    «Ұйғыр 
халық  ертегілері»  атты  еңбектері  оқырмандар  тарапынан  оң  кҿзқарасқа  ие 
болды. 
Ұйғыр  балалар  ауыз  ҽдебиеті  жайлы  айтар  болсақ,  қолда  бар  ғылыми 
ізденістерге  сүйене  отырып,  балалар  фольклорын  зерттеуші  М.Зулпиқаров 
жҽне  
ұйғыр    балалар    ҽдебиеті  қалыптасуы  мен    дамуы  туралы  диссертация 
авторы  Х.А.  Ахметова  қазақ,  ҿзбек,  орыс  фольклорларына,  ғылыми 
жұмыстарына  сүйеніп,  ҿз  зерттеуінде  ұйғыр  балалар  ҽдебиеті  қалыптасуы 
мен дамуы бойынша ізденіс жасады.  
Мысал ретінде Мұхаммед Садық  Қашқаридің «Адабус Салихин» кҿш 
басында  тұр.  Одан  кейін  осы  дҽстүрдің  жалғасы  деп  Абдрахман  Низари, 
Турди  Ғериби,  Билал  Назим  тағы  басқалар  ҿз  шығармаларында  бала 
тҽрбиесі  бойынша  ой  қозғаған  болатын.  Қазақстан  ұйғырлары  балалар 
ҽдебиетінің алғашқы туындылары XX ғасырдың 20 жылдары оқу құралдары, 
оқулықтар мен хрестоматияларда түрінде басыла бастады. Ҽлбетте, ол тұста 
ҽлеуметтік жағдай, экономикалық ахуал қоғамда орын алып жатқан мҽдени 
қақтығыстардан  тыс  емес.  Жалпы  ұйғыр  ҽдебиетінің  бір  бҿлігі  ретінде 
балалар ҽдебиеті ол уақытта қоғамдағы сауатсыздық, артта қалушылық т.б. 
мҽселелер бойынша күрес жүргізді. Сол кездерде басылымға шыққан ұйғыр 
тіліндегі 
газет-журналдар 
белсенді 
түрде 
ұйғыр 
жастарының 
шығармашылық дамуына жҽне ұлттық интеллигенцияның ортаға келуіне зор 
қозғау  салды.  Сол  себепті  балаларға  арналған  тұңғыш  ҿлеңдер  «Кедейлер 
дауысы»  («Кҽмбҽғҽллҽр  авази»)  газет  беттерінде  жариялана  бастады.    XX 
ғасырдың 30 жылдары балаларға арналған тұңғыш жинақтар шыға бастады, 
«Балаларға сыйлық» («Балиларға соға») (Мухаммади А., Исраилов Н., 1934), 
«Жас гүлдер» («Яш гүллҽр») (Мухаммади А.,1935), «Жас лениншілер» («Яш 
ленинчилар») ( Исраилов Н., 1935). Ұйғыр балалар ҽдебиеті 50-жылдардың 
соңында  орыс  жҽне  шетел  ҽдебиетін  негізге  ала  отырып,  дамудың  жаңа 
арнасына түсті. Ал 60-80 жылдары бұл үдеріс шарықтау шегіне жетті. Олай 
дейтініміз,  ұйғыр  балалар  ҽдебиеті  жанрлық  тұрғыдан  ғана  дамумен 
шектеліп  қалмай,  тақырыптық,  кҿркемдік  тұрғыдан  да  кеңейіп,  жақсы 
нҽтиже  берді.  Ол    жылдары    еңбек  еткен  ақын-жазушылар  қатарына 
И.Бахтия,  А.Хезим,  П.Сабитова,  А.Қутлуқов,  И.Гайитов,  Х.Исламов  т.б.  
жатқызуға болады.  
Ағылшындардың  балаларға  арналған  ең  кҿне,  ежелгі  туындылары 
«Балалар  ҿлеңдері»  мен  «Қаз  ананың  ҽндері»  жинақтары,  жалпы  Еуропа 
халықтарына  ортақ  дүние,  алайда  ағылшындардың  «Қаз  Анасы»  проза 
тілінде  емес,  поэзия  жанрында  жазылып,  ҽн  айтумен  бірге  санамақтар  мен 
тапқыр сҿздерден тұрады. Ол кітап балаларды жалықтыратын ғибрат сҿздер, 
ақыл-ҿсиеттерден емес, балаларды ерекше күлкіге, ойнауға шақыратын бала 
тілінде,  балалар  үшін  жазылған  ҿте  кҿңілді  ҽн-ҿлеңдерден  тұрады.  Осы 
кітаптың  ҽрқашан  жас  жҽне  тартымды  болуы  сауық-сайран,  шаттық  жҽне 
даналық  поэтикасы  үйлесімділігінде  екені  даусыз.  Ағылшын  балалар 

 
ҽдебиеті  тарихына  тоқталар  болсақ,  талай  ғұламалар  балалар  ҽдебиетінің, 
жанрларының дамуы мен сұраныста болуына қарсы болған, атап айтсақ, ҿз 
дҽуірінің  идеологы  Джордж  Фокс  «Увещевательном  слове  к  учителям» 
кітабында балалардың басқа да күнҽлҽрімен бірге тағы күнҽ жасап, балалар 
ҿлеңдері,  ертегілері,  мысалдар  мен  қызықты  ҽңгімелерге  ынталы  болуына 
қарсы  болған,  ал  дін  қызметкері  протестант  Томас  Уайт  ҿзінің 
«Кішкентайларға  кішкентай  кітап»  («Маленькая  книжка  для  маленьких»)  
(1702)  кітабында      ағылшын  балаларын  баллада,  қажетсіз  ойдырма,  ҿлең, 
ертегілерге  ҽуес  болмай  Інжіл  жҽне  діни  кітаптарды  оқуға  шақырған. 
Пуритандық  кезең  аяқталып,  ғылым  дамыған  тұста,  буржуазиялық  ҿндіріс 
пен  ғылым  дамуының  қайраткері  Джон  Локк  балаларды  жас  кезінен-ақ 
білімге,  ғылымға  баурау  қажет  екенін  ол  үшін  география,  астрономия  т.б 
жаратылыстану пҽндерін кҿп оқытуға шақырған.  
1970  жылдардағы  белгілі  мҽдениет  пен  гендер  мҽселеде  болған 
қызығушылықтар университеттегі филология бҿлімдеріне балалар ҽдебиетін 
қайтарып ҽкелді. Соңғы 35 жылда балалар ҽдебиеті  ерекше назарда болды. 
Жоғарыда 
атап 
айтқанымыздай 
Американдық 
балалар 
ҽдебиеті 
коммерциялық (сауда) нарықпен бҽсекеде, оған мысал Дисней кейіпкерлері 
туралы  кітаптарды  басып  шығаратын  «Голден  Букс»  басылымы.  Ол  жыл 
сайын  миллиондаған  кітаптарды  таратып,  ҿздерін  ҽдебиет  ҽлемінде  еркін 
сезсе,  танымалы    «Калдекот»  сыйлығы  американдық  балалар  ҽдебиетінде  
маңызды  іс  шара  болып,  коммерциялық  кітаптарға  емес,  Морис  Сендак, 
Давид  Вейснер  сияқты  нағыз  балалар  ҽдебиетін  тудырушыларға  беріліп 
келеді [5, 453 б.].  
Балалар  ҽдебиеті  –  жас  буынның  сана-сезімін  оятып,  ақыл-есін 
дамытатын, оларды адамгершілік, коммунистік моральға тҽрбиелейтін ҿмір 
оқулығы.  
Баланың  ішкі  дүниетанымына,  сана-сезім  мен  жеке  тұлғаның  жан-
жақты  қалыптасуына  себеп  болатын  кҿркем  шығарманың  тілі  ерекше 
маңызды.  Осы  пікірімізді  академик  С.  Қирабаев  қостай  түседі:  «Балалар 
ҽдебиеті  –  қиын  ҽдебиет.  Оның  бірталай  ҿзіндік  ерекше  сипаттары  бар. 
Балалар  кітаптарында  ҽрекеттің  нақтылығы  мен  образдың  кҿрнектілігі, 
лирикалық  сезімталдық,  характерлер  мен  уақиғаның  динамикалық  түрде 
дамуы,  тіл  тазалығы  мен  тартымдылығы  қажет.  Бала  ойы  мен  ұғымы 
абстракциядан гҿрі  нақтылықты сүйеді. Сезіміне ҽсер ете білу арқылы оны 
адамды сүюге, гуманистік ҽрекеттерге тҽрбиелеуге болады. Жазушы тілі де 
бала ұғымына лайық, түсінікті, таза болуға тиіс»  [6]. 
Айтылған пікірлерді саралай келе, келетін тұжырымымыз: 
  Қазақ, ұйғыр жҽне ағылшын балалар ҽдебиеттінің даму барысы ұқсас, 
олар ҽртүрлі тарихи кезеңдерде халық ауыз ҽдебиеті негізінде дамып, түрлі 
кезеңдердегі  педагогикалық,  философиялық,  ҽлеуметтік  идеялардың  
ҽсерімен  дамыды.  Бұл  жерде  қазақ,  ұйғыр  балалар  ҽдебиеттері  ертедегі 
жазба  жҽдігерлерінде  сақталып  қалса,  ағылшын  балалар  ҽдебиетінің 
ерекшелігі діни ҽсер салдарының кҿп екендігінде.  
  Ҽлемдік  балалар  ҽдебиеті  дамуының  қайнар  кҿзі  –  жақсы  аударма. 
Ағылшын  туындылары  кеңес  балалар  ақындары,  жазушылары  тарапынан 

 
аударылып,  қазақ, ұйғыр  оқырмандарына орыс  тілі  арқылы  жетіп  отыр.  Ҿз 
кезегінде қазақ, ұйғыр балалар туындылары орыс тіліне аударылған, алайда 
орыс тіл арқылы тағы басқа шет тіліне ҽлі аударылғаны туралы мҽліметтер 
жоқ. 
  Балалар ҽдебиеті ұғымы үш халықта ұқсас мағынада берілумен бірге 
ерекше сипатта да қолданылады, яғни қазақ, ұйғыр балалар ҽдебиеттерінде 
тҽрбие,  дидактикалық  жағынан  басым  мағынада  қолданылса,  ағылшын 
балалар ҽдебиеті сүйсінушілік тағылымда баса қолданылады.  
  Үш  халық  ҽдебиеті  де  тарихи  даму,  ҿркендеу  жолында  балалар 
ҽдебиеті,  жалпы  ҽлемдік  ҽдебиет  сынды  тарихи,  қоғамдық-ҽлеуметтік 
ҿзгерістерге  ұшырап,  тақырып,  жанр,  кҿркемдік  табиғатында  ҿз  кҿрінісін 
табады. 
Түптеп  келе  айтарымыз  балалар  ҽдебиеті  –  бала  дүниетанымын 
қалыптастыратын  негізі.  Оның  кҿмегімен  ұлттық  бейне,  ұлттық 
ерекшеліктер қалыптасып, ұлттық менталитеттің негізі қаланады. 
Ал қазақ, ұйғыр балалары ағылшын балалар шығармаларын бүгінгі күні 
түпнұсқада  оқи  алады  жҽне  оларды  жетік  түсінуге  шет  тілін  меңгеру 
дҽрежесі ҽсер етеді.   
Шынымен-ақ,  қоғамға  ҿз  септігін  тигізетін,  адамгершілігі  мен  мінезі 
жақсы  жҽне  дүниетанымы  толыққанды  қалыптасқан,  жанұясы,  отаны, 
халқының  болашағы  үшін  жаны  ашитын,  кҿзі  ашық  ұрпақ  ҿсіруде  балалар 
ҽдебиетінің атқаратын жұмысы орасан. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1  М.О.Ҽуезов  атындағы  Ҽдебиет  жҽне  Ҿнер  Институты.  Фольклор  жҽне 
қазіргі қазақ ҽдебиеті. – Алматы: Арда, 2011. - 475 с. 
2  Дҽдебаев Ж. Ҽдеби Компаративистика жҽне кҿркем аударма: оқу   құралы. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2011.  -181б. 
3  Сүтжанов С.Н. Ҽдеби байланыс негіздері: оқу құралы.  – Павлодар: Кереку, 
2009. – 146 б.  
4  Ахметов Ш.  Қазақ балалар ҽдебиеті тарихының очеркі. – Алматы: «Мектеп» 
баспасы, 1965.- 327 б. 
5  Kiddie  Lit.    The  Cultural  Construction  of  Children's  Literature  in  America.– 
Baltimore: The John Hopkins University Press, 2003.– 235 p. 
6  Қирабаев  С.  Ҿнер  ҿрісі.  Мақалалар  мен  зерттеулер.  -    Алматы:  Жазушы, 
1971. – 175 б. 
Розиева Д.С.,  
м.ф.н., КазУМОиМЯ им. Абылай хана, Алматы, Казахстан 
 
История изучения казахской, уйгурской и английской литературы 
 
В статье рассматривается история изучения детской литературы в казахской, 
уйгурской  и  англоязычной  детской  литературы.  Автор  показывает  роль 
детской  литературы  и  их  основные  пути  изучения,  а  также  приводит 
примеры  имен  исследователей  каждой  литературы.  Опираясь  на  труды 
ученых  автор  также  рассматривает  роль  и  новизну  казахской,  уйгурской  и 
английской  детской  литературы  и  делает  обширное  исследование  по  их 
творчеству. Статья может быть полезным ресурсом для молодых ученых по 
филологии и в частности по литературоведению. 
 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет