Абылай хандық таққа отыра салсымен-ақ қазақ хандығының әуелгі географиялық кеңістігін қалыптастыруды қарастырған.
Абылай хандық таққа отыра салсымен-ақ қазақ хандығының әуелгі географиялық кеңістігін қалыптастыруды қарастырған.
Абылайды бүкіл үш жүздің өкілдері бірдей ұлы хан етіп көтеруі жайдан жай емес. Өйткені ол соған дейін қырық жыл бойы қол бастап, ел билеу барысында еліне ерен еңбек сіңірді. Атап айтқанда, ол халқының түбірлі мүддесін қорғай алды, жоғын жоқтады, жерін бүтіндеді, елдің еңсесін көтерді.