Абылайдың мақсаты жоңғарларды жеңіп, оларды қазақтардың ықпалына көндіру, Қытаймен және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнату еді. Бұл мақсатта 1753-1754 жылдары ол Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Өтеген сынды батырларымен бірге қалмақ ұлыстарына шабуылды үдете түсті. 1755 жылдың көктемінде сарбаздардың жеңісті жорықтары жалғаса берді. Ақыры ойраттар мен қазақтардың арасында 200 жылға созылған сұрапыл соғыста қазақ халқы түпкілікті жеңіске жетті.