Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер (1771-1781 жж). 6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих жоспар


Жолдастары: «Би, біз қайдан білейік» - депті



бет5/13
Дата17.03.2022
өлшемі2,85 Mb.
#28324
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәріс-5

Жолдастары: «Би, біз қайдан білейік» - депті.

Төле би: «Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлмын дегені ғой мына ұйқысы. Бұл төрт рулы елді билейді екен» - депті.

1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салады. Қалың ел «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш – жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек пен ызасын, арман мен тілегін арқалаған ұлдардың бірі болды.

  • 1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салады. Қалың ел «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш – жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек пен ызасын, арман мен тілегін арқалаған ұлдардың бірі болды.
  • Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы хандық билікке қол жеткізуді көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде, қазақ жасақтарының жауынгерлік қуатына үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық асқынды, берекесіздік етек алады. Бұны білген жоңғарлар қазақтарды келемеждеп, намысын таптап, жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе – жектерге қазақ батырларын шақырады.
  • Сондай жекпе – жектердің бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған жауласқан екі жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе – жекке жоңғарлар Қалден Серен ханының жақыны, атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып жеңілді де! – деп айбар шегеді. Осы кезде Сабалақ намысқа шыдамай, Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа шығады. Ол майданға шыға сала «Абылай-лап, шауып барып Шарыштың басын шауып түсіріп: «Жау қашты, жау қашты!» деп, жоңғар тобына тұра ұмтылады, жиылған жұрт оның артынан лап қояды. Есі шыққан жоңғарлар алды – артына қарамай тым – тырақай қаша жөнеледі.
  • Абыр – сабыр басылып, ел қайта жиналғанда Әбілмәмбет хан Сабалақтан: «неге Абылайлап ұран салдың?» деп сұрайды. Сонда ол «өз атым Әбілмансұр, мен қанышер атанып кеткен Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болатын атамның атын шақырғаным – жолым болар ма дегенім ғой» - дейді. Сол орында – ақ Әбілмәмбет оған атың «Абылай» болсын деп, үш жүзден тоқсан жақсыны ертіп барып, Жәнібек деген кісіден бата алыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет