Болашақ Абылай ханның балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. Ел арасындағы өзара қақтығыста әкесі Уәли қаза тауып, оннан жаңа ғана асқан Әбілмансұр жетім қалып Түркістанға үйсін Төле бидің қолына келеді. Төле би оның жүдеген жүзіне қарап «Сабалақ» деген ат беріп, түйесін бақтырған.
Бір күні Төле би ауылдан келе жатса Сабалақ төрт тағандап ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына: «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, соны білесіңдер ме?» - депті