Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


 Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері



бет13/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Тарих

58. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқандабіріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. 
«Қазақтар өзі отырған жерін ежелден басып алып пайдаланғаны негізінде өзінің меншігі санайды, – деп жазды Ә. Бөкейхан өзі де-факто редакторы болып шығарған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы кезекті санында. – Қазақтар көші-қон ісін өз орнына қоя алатын күш табылатын Мемлекеттік Думаға ғана үміт арта алады.
Екі Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: «Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» законымен сайланған адамдардың мұжық депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да тастады» 
59. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы.
 Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым мен діннің жаңа формада үйлесуін қолдап, қазақ жастарын озық ғылым-білім жетістіктерімен сусындауына үгіттеді. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары жәдидшілдік тарихын негізінен жәдидшілдердің өздері жазған. Солардың қатарында Орта Азиялық жәдидтік өкілдері Садриддин Айни (1878-1954) [10] мен Файзулла Ходжаевтардың (1896-1938) еңбектерін атауға болады. Олар, өз еңбектерінде негізінен Бұқара әмірлігіндегі жәдидшілдікті қарастырып, оны бастапқыда мәдени-ағартушылық демократиялық қозғалыс десе, кейіннен таптық тұрғыда ұлттық буржуазиялық қозғалыс деп көрсеткен. Еңбектерінде Орта Азиялық жәдидтердің Түркістан өлкесі құрамындағы туыстас қазақ жәдидтерімен патшалық биліктің отаршылдық саясатына қарсы күресте бірігіп әрекет жасағаны баяндалады. Қазақ ұлтынан ағартушылық туралы ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында зерттеу жүргізген еңбек авторлары белгілі ұлт зиялылары С.Асфендияров (1889-1938) пен М.Тынышбаевтар (1879-1937) болды. Олар білім беру саласындағы патша өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп жазды, нәтижесінде репрессияға ұшырап, еңбектері ғылыми айналымнан алынып тасталды.
Бұдан кейін тақырыпқа қатысты зерттеулер біраз уақытқа тоқтап қалды. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда жәдидшілдік, көрінісі мен дамуы, оның ықпалы мен негіздері жөніндегі еңбектер жоқтың қасы. Өйткені бұл кезеңде ғылыми зерттеулер коммунистік партия саяси конъюнктурасы мүддесіне сай қарастырылды. ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары аралығында тақырып көлемінде зерттеулердің жүргізілмеуі негізінен түсінікті де, өйткені алдымен 1930-шы жылдардағы кеңестік саяси науқан, одан кейін Ұлы Отан соғысы, әдебиеттің де, тарихтыңда назарында соғыс, соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңдегі бейбіт өмірді қалпына келтіру тақырыптары, ал 1950-ші жылдардағы Одақтас республикалардың тарихы мен әдебиетіне деген кеңестік биліктің қатаң көзқарасы бірде-бір зерттеушігеөз ұлтының тарихы мен әдебиеті, мәдениеті мен ұлт зиялылары туралы қалам тартуға мүмкіншілік бермеді. Тек, 1956 жылы ақпан айында өткен партияның ХХ съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жоюды, тарих, әдебиет пен өнер мәселелеріне көп көңіл бөлуді тапсырды. Осы кезең тарихқа «Жылымықжылдар» деген атпен еніп, ұлттықреспубликалардың құқығы біршама кеңейтілгеннен кейін тақырыптың қарастырыла бастауының жаңа кезеңі басталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет