Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы



бет18/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Тарих

66. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.
азамат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді. Алаш орда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алды және таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядтарын ұйымдастыруға уәде береді. Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 20000 патрон, әскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты полк: біріншісі - Қостанайда, екіншісі – Ырғызда құрыла бастады. 1918 жылы тамызда Семей қаласында құрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген Алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты. 1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай ең басты пәрменді күш - Сібір мен Оралда шоғырланған Чехословакия корпусының офицерлері бүлік шығаруына байланысты әскери қақтығыстар күшейе түсті. Бұл корпус революцияға дейін Австровенгрияның тұтқын солдаттарынан - чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Мамыр айының аяғында В.В. Куйбышев В.И.Лениннен Орынбордағы Дутов авантюрасының тамырын жою туралы көмек сұрады, олай болмаған күнде Торғай мекенінің 12 млн. тұрғыны аштан қырылатындығы туралы ескерткен еді. Осыған орай облысқа әскери көмек көрсетіліп, Қызыл Армияның бөлімдері құрылды, кейін бұл бөлім Ақтөбе майданының құрамына енгізілді. Ақ гвардиялықтар негізінен Орынбор және Илецкі аудандарында Дутовтың басшылығымен әрекет етіп, олар Ташкент және Самараны Орталықтан бөліп тастады. 1918 ж. 2 шілдеде Дутов басқарған әскер Орынборды екінші рет басып алды да, Түркістанды орталық Ресейден бөліп тастады. Қызыл Армия бөлімі (10 мың адамға жуық) Орынбор қаласын тастап 2 топқа бөлінді. В.Г. Блюхер және Н. Каширин отрядтары солтүстікке кетіп, Шығыс майданның негізін құрды. Басқа бөлімдер Ақтөбе және Орск қалаларына шегініп 1918 жылы шілде айында Г.В. Зиновьевтың басшылығындағы бір армияға бірікті. Қызыл Армия күштері қанды қақтығыстар жүргізіп Орскны ұстап тұрды. 1918 ж. күзінде, яғни қазан айында Каспийге ағылшындардың келуіне байланысты Ақтөбе майданында қиын жағдай қалыптасты. Жоспар бойынша, ағылшындарға Қазақстан мен Орта Азияны ішкі контрреволюциялық күштер арқылы бір уақытта басып алу ұсынылды. “Орынбор тетігі” яғни стратегиялық негізгі темір жол қиылысы большевиктер өкіметін кәдімгідей ойландырды, сондықтан В.И.Лениннің нұсқауымен 1918 ж. Ә.Жангелдин басқарған 600 адамнан тұратын Балтық матростарының отряды қосылған әскери экспедиция орталықтан бөлініп қалып, көптеген қиыншылықтарды көре жүріп, 7 ай көлемінде Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Мәскеуден Ақтөбе майданына ақша қаражаты мен оқ-дәрі, қару-жарақ тасымалдау үшін құрылған әскери экспедиция құрамына Австро-Венгрия мен Германияның бұрынғы тұтқындарынан құралған 150 шетел интернационалдары да өз еркімен кірді. Сөйтіп, негізгі күш Орынборға жұмылдырылды, себебі қаланы қалайда басып алу Түркістанды Дутовтан қорғау мүмкіндігін туғызды. Орынборды алу операциясына Ақтөбе майданының әскерлері мен Шығыс майданның әскерлері де қатысты. 1918 ж. 29-желтоқсанда ауа райының қиындығына қарамастан шабуыл басталды, Дутов ақ гвардияшылары екі майданның әскерлерінің қысымынан жеңіліп, толық талқандалды. 1919 ж. 22-ші қаңтарында Орынбор қаласы алынып, Түркістан аудандары 126 мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. Осымен Ақтөбе майданының тарихтағы 1-ші кезеңі аяқталды (1918 шілде-1919 қаңтар). 1918 ж. күзінде ақ гвардияшылар Жетісудағы Саратов, Покровское, Покатимовское жерлеріне белсенді шабуылдап, Қызыл Армия қарулы күштерінің қарсылығына қарамастан Сергиополь, Үржар, Сарқант және т.б. жерлерге бекінді. Сөйтіп, Солтүстік Жетісу майданы құрылды. 1918 ж. аяғында Жетісу майданында 10 мың қызылармияшылар мен біріктірілген Черкасск партизан күштері орналасты. 1918 ж. наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласында Кеңес билігіне шабуылдап, облыстық атқару комитетінің мүшелерін қамап, соңынан оларды өлтірді. Алашорданың Батыс бөлімімен бірлесіп әрекет еткен Дутов бөлімдері Орал-Гурьев ауданында генерал Толстов басқарған ақтардың негізгі күштерімен бірікті. 1918 ж. күзінде Орал ақтарымен күресу үшін ”Ерекше армия (кейінгі шығыс майданының төртінші армиясы) құрылды. Жыл бойы Шығыс майданындағы Колчак әскерлерінің шешуші жеңісіне дейін Орал аймағы қолдан-қолға өтті. Орал облысында “Бірінші ерекше атты әскер” бригадасы құрылып, кейін Қызыл армияның 4-армиясының құрамына кірді. 4-ші Армияның қолбасшысы болып М.В.Фрунзе тағайындалды. Оралды босату операциясына В.И.Чапаев басқарған 2-ші Николаев дивизиясы және 4-ші армияның бөлімдері қатысты. 1919 ж. 24-ші қаңтарда қала босатылды. Сөйтіп большевиктер үшін азамат соғысының алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. 1919 ж. көктемде Колчактың шабуылдауына байланысты Шығыс майданында жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Колчак армиясы Орынбор мен Оралды алғаннан кейін Оңтүстік майдандағы Деникинге қосылу қажет болды. Сондықтан бұл аудандағы әскери қимылдар М.В.Фрунзе басқарған Шығыс майданының Оңтүстік әскери бөліміне тапсырылды. Шығыс майдандағы туған шиеленіс Батыс Қазақстандағы жағдайды да қиындатып жіберді. Осылайша Орынбор шығыстан, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 100-120 шақырымда Колчак армиясымен қоршауға алынып, қаладағы 1-ші Дутовтың орынбор казак корпусы және 2-ші корпусы шабуылдап, әскери қимылдар қайта басталып, 1919 ж. сәуірдің бас кезінде Ақтөбеге шабуыл жасауға кірісті. Ақтөбедегі жұмысшы отрядтары әскер күшін жабдықтай алмауынан 1919 ж. сәуірде қала тасталынып, қызыл гвардияшылар Қандыағаш станциясына шегініп, жергілікті тұрғындардан жаңа әскери күш жинақталып, оңтүстік Ақтөбе майданы құрылды. Ақтөбе майданы Түркістанның болашағы үшін стратегиялық негізгі нүкте болды. Партиялық ұйымдар “Бәріміз Колчакқа қарсы күреске” деген ұранмен жұмысшылар, шаруалар, теміржолшыларды мобилизациялап, соғысқа аттандырды. Ақтөбе майданына Түркістан майданынан жүздеген ұлт өкілдері бар армия келіп қосылды. Майдан Түркістан АКСР-іне бағындырылды. Майдан құрамына Колузаевтың отряды (1105 адам), Қостанай партизан отряды (750 адам) қосылды. Майданды басқарған Колузаевтың Ембі ауданы және Темірде жүргізген әскери қимылдары сәтсіз өтті. Сондықтан да Түркістан АКСР-нің революциялық-әскери советі Колузаевті майдан қолбасшысы қызметінен алды. Ақтөбе майданы әскерлерінің қолбасшысы болып А.И.Астраханцевті, ал комиссары етіп И.Ф.Казаринды тағайындады. П.Кобозев басқарған ТүрЦИК комиссиясы мен Жиляев арасындағы әскери келіспеушілік нәтижесі майдандағы жағдайды қиындата түсті. 1919 ж. шілде аяғындағы шабуылға шыққан ақ гвардияшылар кеңес әскерлерін ескі Арал теңізіне шегіндірді. Бұл кезде Шығыс майданының әскери бөлімдері Түркістанға көмекке келді. М.В.Фрунзенің ұсынысымен оңтүстік әскери топ Түркістан майданы болып бөлінді, олардың алдында: Орал мен Орынборды босату және Түркістанға экспедиция жіберу мақсаты тұрды. 1919 ж. 30 тамызы мен 1-қыркүйекте қарсыластар Ақтөбе майданына шабуыл бастады. 1919 ж. қыркүйегінде Түркістан, Ақтөбе майдандары Мұғалжар станциясында бірікті. Оңтүстік Колчак армиясының негізгі күші талқандалып, Түркістанға жол ашылды. Қазақстанның ақ гвардияшылар басып алған жерлерінде, олардың жіберген қателіктерінің салдарынан, партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері де кеңінен өріс алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы - Қостанай уезі болды. Партизан қозғалыстары 127 Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында, Павлодар, Өскемен, Бұқтырма мен Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында кең қанат жайды. Партизан отрядтарының негізін құраған шаруалар Қазақстанның барлық уездеріндегі большевиктік ұйымдарды құруда да ерекше роль атқарды. 1919 ж. көктемінде Шығыс және Ақтөбе майданының жақындауына байланысты партизандар қозғалысының белсенділігі күшейді. Шаруалар жергілікті ақ гвардияшыларды қамауға алып, әскери революциялық комитеттер сайлап, көптеген жаңа отрядтар жинақтады. Мәселен, Бурабай поселкісінде 1270 адамдық отряд құрылды. Шаруалар көтерілісін әскери–революциялық штаб басқарып, сәуірде Қостанай қаласы алынды. Қостанайға ақ гвардияшылардың ірі әскери күштері мен 32-ші Донецк полкі аттандырылды. Кескілескен ұрыстардың нәтижесіне партизан отрядтарының әскери дайындығының нашарлығы әсер етсе, оның үстіне қостанайлықтардың Ақтөбе майданына қосылуына “Алаш Орда” кедергі жасады. Партизан отряды Торғайға қарай аттанып, Торғай атты әскер отрядымен бірігуге тырысты, себебі Ақтөбе қаласын Дутовшылардан қорғау үшін қосымша әскери күш қажет еді. 1919 ж. А.Иманов Торғайдағы гарнизондар мен әскери ұйымдарды көшіру туралы бұйрық берді. Осы уақытта Қостанайлық партизандар штабы бастығының көмекшісі Л.Таранның отряды қалаға жақындайды. А.Иманов және Л.Таранды жолдастарымен Алашордашылар тұтқындап, бір айдан кейін жазалады. Тірі қалған Қостанай партизандары Ақтөбе майданының құрамына енгізілді. Нәтижесінде Қостанайлық партизан отряды Ақтөбе майданының үлгілі 4- Долбушев жаяу әскер полкіне айналды. Сондай-ақ, Азамат соғысы тарихындағы партизан қозғалысының ірі ошақтарының бірі - Черкасск қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың “Тау қырандары” отрядтарының қозғалысы Қазақстандағы Азамат соғысы тарихынан өшпес орын алды. 1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйреуі батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы Дутов пен Анненковтың армияларының қалдықтарынан босатылып, 22 наурызда кеңес әскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан станциясын азат етті. 22 наурызда Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты станциясын, 25 наурызда атаман Анненковтың ставкасы тұрған Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе бүктіріп, атаман Анненков және Дутов бастаған ақ гвардияшылардың қалдықтарын Синьцзянға қарай қуды. 1920 ж. 29 наурызында ең соңғы майдан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан қалпына келтірілді. Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жерлерде бұқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалармен одақ құруы және 1919 жылы шілдеде Казревком құрылғанда қазақтардың жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс шовинистік көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына ұлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдап жүрген Алаш орда үкіметін де мойындамады. Сібірдегі уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан-4 қарашадағы грамотасымен Алаш орда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Сонымен қатар, Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың территориялық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса, 1919 жылы жазға қарай ақтар Сібірде жеңіліске ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет