Қабылдаған: Абнасирова м орындаған: Каирбекова н тобы



бет9/9
Дата25.10.2022
өлшемі38,47 Kb.
#45239
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовая работа

«Музыка бояулары» ойыны


Ойынның мақсаты: Музыка сипатын ажырату. Ән, Би, Вальс, Марш жанрларын ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне қарай жанрларды ажырату.


Ойынның шарты: Жасыл түс-ән айту, Қызыл түс-көңілді билеу, Сары түс-вальс ырғағы, Көк түс-марш ырғағы екенін түсіндіру. Музыкалық шығарма тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай білуге үйретеді. Балалар түрлі жанрдағы музыканы тыңдап, желпуіштерді көтеруге үйренеді.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Қорыта келе музыка сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық ойындары оқушылардың байқампаздығын, іздемпаздығын тәрбиелейді
Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, жаман қылықтардан бойларын аулақ салуға үйренеді. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамутымен қатар олардың әсерлі ән орындауына, сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады.
Осыған байланысты оқушылардың әуен шығаратын қабілеттері дамып, сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады.
Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.
Музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс — әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын — сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс — әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс — әрекеттерінде музыкалық — дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл — күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата — аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне — өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.
Музыкалық — ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын — сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу — тәрбие жұмысын жан — жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс — салтына, әдет — ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби — музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады.
Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.


Қызылорда 2022


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет