Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың әдіс-тәсілдері
Қабылдаған: Абнасирова М
Орындаған: Каирбекова Н
Тобы: МБ-В-19
Курстық жұмыстың бағасы ____________________
«Шығармашылық» саласында музыка оқу әрекетінің басты мақсаттары-балалардың эстетикалық талғамын қалаптастыру, музыкалық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы эмоциялық қатынасын білдіруге баулу, әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу.
Балаларға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын бейнелейтін музыкалық шығармаларды таныстыру, олардың түрлері мен мәнерлілігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету, музыканың дыбысын естіп, түсінуге, адамгершілік-эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу- осы саланың негізгі міндеттері болып табылады.
Жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды. Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін, сипатын, ырғағын, тембрін ажыратып, түсінуіне әсер етеді.
Дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түседі.Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап,түсініктерін кеңейте түседі. Балалардың шығармашылық қабілетерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды.
Жұмыстың өзектілігі: Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерімізді жан- жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың музыкалық мәдениетін, эстетикалық талғамын, ұлттық сана- сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады. Балалардың ой- өрісін, талғампаздығын, есту қабілетін арттыруда атқаратын рөлі зор. Музыкалық тәрбие беру әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім мен жүйелі жаттықтырудың қажеттігін айқындайды. Тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым – қатынасты, ересек адамның балаға музыка туралы қарапайым білімдерді үйретіп, оның музыкалық қабілетін дамытуға көмектесетін практикалық дағды мен шеберлікті меңгеруіне мүмкіндік туғызатын мақсаты іс- қимылдарды оқыту әдістері деп түсіну керек. Балалардың ән айтуда, би билеуде, аспапта ойнауда белсенділік танытуына және музыкалық- эстетикалық дамыту саласындағы тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешуне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |