Қабылдаған: Абнасирова м орындаған: Каирбекова н тобы



бет7/9
Дата25.10.2022
өлшемі38,47 Kb.
#45239
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовая работа

Ойынның мақсаты: Баспалдақпен жоғары шығу және төмен түсу арқылы әуеннің бағытын дауыспен айтуға үйрету. Жануарлардың суретін қолдана отырып, балаларды олардың жүрісін, қимылын, дыбыстауын көрсете білуге,шығармашылыққа баулу.


Ойынның шарты: Балаларға үйшіктің және қоян, балапан, бақа, күшік, т.б. суреттері ұсынылады. Музыка жетекшісі «Жоғарығы шығымын» деп әндетеді.Балалар әуенді қайталап, өздері қалаған суретін басқышпен жоғарыға жүргізеді. Үйшікке жақындап, «Қандай ғажап үйшік?» деп әндетеді. Келесі кезекте терезеден сурет көрсетіліп,балалар әуенді тыңдап, сәйкес келетін аңдардың , жануарлардың, балапанның, бақаның, т.б. суреттерін басқыштармен жүргізіп,үйшікке кіргізеді. Балалар терезеден көрінген суретке қарап,олардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.
«Әуенді сағат» ойыны


Ойынның мақсаты: Үйренген ән,әуендерді есте сақтап,бекіту үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе үзіндісінен табуға машықтандырады.


Ойынның шарты:Әртүрлі шығармадағы кейіпкерлер суреті салынған сағат бейнелі карточкалар беріледі.Жетекші таныс ән немесе әуенді ойнап,балалар «Әуенді сағаттан» сол әннің мазмұнын сай суреті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.
«Үш гүл — үш түрлі көңіл күй» ойыны


Ойынның мақсаты: Көңілді, сабырлы, мұңды музыкалық шығармаларды ажырата білуге үйрету. Есту қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу.


Ойынның шарты: Әр балаға үш гүлдің суреті бейнеленген карточкалар беріледі. Гүлдерде күлімсіреге , жылап тұрған және сабырлы адамның кейпі бейнеленген. Балалар шығарманы тыңдап, көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы көрсетеді.
«Әуеннің дауысын ажырат» ойыны


Ойынның мақсаты: Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету. Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.


Ойынның шарты: Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау суреттері беріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл қоңыраумен, орташа дыбысты сары қоңыраумен, жіңішке дыбысты қызыл қоңыраумен көрсетіп, карточкалардан табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет