Қабылдаған: Абнасирова м орындаған: Каирбекова н тобы



бет2/9
Дата25.10.2022
өлшемі38,47 Kb.
#45239
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовая работа

Жұмыстың мақсаты: ойын арқылы балалардың музыкалық қабілетін дамыту.

Жұмыстың міндеті:
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға алуан түрлі музыкалық шығармалрмен таныстырып, алған әсерлерін байыту.
2. Балалардың эмоциялық әсер алғыштығын, дыбыстың биіктігін айыра білуін, ырғақты сезінуін дамыту.
3. Балаларды музыкангың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тәрбиеші жан- жақты болса тиімді жоспар құрып, нәтижелі сабақ өткізе білсе онда балалардың шығармашылық қабілеті, музыкаға деген ынта жігері жоғары болары анық.


ІІ. Негізгі бөлім: 

  1. Мектепке дейінгі мекемеде АКТ арқылы музыкалық-дидактикалық ойындарды тиімді қолданудың жолдары.

Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Бүгінгі заманның талабына сай зерделі, ой- өрісі жоғары, дамыған азаматты қалыптастыру жөніндегі мемлекетіміздің стратегиясын жүзеге асыру- біздің ең басты міндетіміз болып саналады. Сондықтан қазіргі заманның ұстаздарына қойылатын басты талап- ақпараттандырылған, жан- жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы, өзінің көзқарасы, ой- тұжырымы бар, білікті де кәсіпті маман тәрбиелеу.
Саналы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етіп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру талабы қойылып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде баланы оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі мақсат – жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуында педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану. Қазіргі кезде білім кеңістігін ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Балабақшаларда инновациялық білім беруді қолданудың маңызы зор.
Білім берудегі оқытудың жаңа инновациялық технологиялары:модульдік, деңгейлеп оқыту, АКТ технологиясы, ойын арқылы, дамыта оқыту, тірек сигналдары, жеке ізгілендіре оқыту.
Инновациялық білім беруге: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивтік тақта, электрондық оқулықтар, инновациялық сайт т.б жатады. АКТ-ны мектепке дейінгі мекемелерде қолданудағы мақсат- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқу іс-әрекеттерге белсенділігін, білімнің сапалы болуына, жағымды мінез- құлықтарының пайда болуына мүмкіндік туғыза білу.
АКТ-келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашады.
Ақпараттық-ақпарат, жаңалық, коммуникативтік – байланыс , қатынас, технология-іскерлік, шеберлік деген ұғымдарды білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ақпараттық коммуникативтік технологиялар — жеке тұлғаға жаңа ұғымдарды түсіндіру мен қабылдауын жеңілдететін маңызды жүйе. Олай болса, бүгінгі ұстаздың алдында балаға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік-жігерін, яғни өзбетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту. АКТ әр баланың түрлі мақсаттарын, қызығушылығын іске асыруға көмектеседі, баланың өзіндік ұйымдастыру қабілетін, белсенділігін, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі мекемеде музыка сабағы балаларға музыкалық- эстетикалық тәрбие беруде алдын ала құрылған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Музыкалық репертуарларды қабылдауда сабақтың құрылымы мен мазмұны тартымды, балалардың музыкалық сауаттылығын жетілдіруде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді шеберлікпен қолдана білудің маңызы зор.
Балалар бақшасында музыка ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіндегі басты қызмет түрлері: музыка тыңдау, ән салу, музыкалық ырғақтық- қимылдар, балалар аспаптарында ойнау, музыка сауаттылығын меңгерту.
Баланың өзбетімен әрекет ету жолдары жан-жақты да алуан түрлі, соның ең негізгілерінің бірі –музыкалық-дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар баланың музыка сауаттылығын жете меңгертуде, есту қабілетін, ырғақ сезімін, шығарма сипатын, тембрлік, динамикалық өзгерістерін терең ұғына білуге жетелейді. Музыкалық ойындар баланы жаңа сезімдер мен әсерлерге бөлей отырып, өзбетімен әрекет етуіне, музыканы қабылдай білу қабілеттері мен бала белсенділігін арттыра отырып, музыкалық дыбыстардың негізгі қасиеттерін айыра білуге үйретеді.
Музыкалық-дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы баланың алған білімдерін өмірде практикалық түрде қолдана алуында, яғни балалардың музыкалық қабілеттерін жан-жақты дамыту, меңгерту, ұйымдастыру ойын барысында жүзеге асырылып отырады. Мыс: «Ырғағынан әуенді тап», «Сипатын айыра біл», «Әуенін еске түсір» ойындары әуенді таза және ырғақ сезімін дәл орындауға үйретеді. Музыкалық-дидактикалық ойындар қарапайым, бала меңгеруіне жеңіл, қызғылықты да тартымды болуы қажет. Сонда ғана баланың ән айтуға, тыңдауға, ойнап , билеуге деген сезімі оянады. Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы орнайды, жауапкершілігі пайда болып, жеке адамгершілік қасиеттері дами түседі. Балаларға үлестірілген карточкалар әсерлі бояулармен беріліп, ойынның жалпы мағынасын толық аша түсетіндей тартымды болуы тиіс. Балалардың өз ынталарымен, белсенділігімен ұйымдастырылған ойындар бала үшін ең қажетті, ең сүйікті ойындар болып табылады. Мыс: фланелеграфқа салынған ноталар үлгісі т.б. Музыкалық-дидактикалық ойындар әсіресе балалардың музыка сабағында, бос уақыттарында және басқа сабақтар барысында кеңінен қолданылады.
Балалар әртүрлі сипаттағы, жанрдағы аспаптық, вокалдық шығармаларды тыңдай отырып, ерекше сезімге бөленеді. Музыкалық-дидактикалық ойындар шығарманы терең ұғынуға, қайталап тыңдағанда еркін меңгеруге жетелейді. Мыс: «Музыка жанрын анықта» ойынында ән, би, марш, күй жанрларын интерактивтік тақта арқылы тыңдау барысында шығармаларды дәл анықтауға үйренеді. Сонымен қатар, балалар мыс: И.Нүсіпбаев «Ойыншықтар», Н.Тілендиев «Құттықтаймын мама туған күніңмен», Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» әндерінде тыңдалған репертуарларды кіріспесінен, қайырмасынан, соңғы фразасынан айыра білуге үйренеді. Музыкалық репертуарлардың сипатын тыңдау кезінде сәйкес суреттер арқылы көрсете алады. Мыс: «Музыка сипатын анықта» (көңілді, мұңды).
Кіші топтарда музыка тыңдауда әртүрлі тартымды ойыншықтар балалармен сөйлеседі, жүреді, бұл әдістер балалардың материалды есте сақтауына, қабылдауына толық мүмкіндік береді. Ойын балалардың қызығушылығын оятып, кейіпкерлермен белсенді араласып сөйлесуіне жағдай жасайды. Мыс: «Музыкалық калейдоскоп» ойыны барысында әндерді тыңдау арқылы әуенін танып, интерактивті тақтадағы калейдоскоптың сағат тілін сол ойыншыққа бұрып қояды немесе ойыншықты таңдап алады.
Балалар сабақ барысында атақты композиторлар, олардың шығармашылығы туралы толық мәлімет алады. Ересек топтарда балалар әртүрлі музыкалық шығармалармен орыс, қазақ, шетел композиторлары: П.Чайковский, Д.Кабалевский, М.Глинки, Б.Дәлденбаев, И.Нүсіпбаев, А.Меңжановалармен танысады. «Музыкалық шығармалардың композиторын ата» немесе «Кім көп біледі?» ойындарында бір композитордың портреті балаларға көрсетіліп, оның шығармаларын немесе орындалған әндердің авторларын атау ұсынылады. Көп білген баланың қолына фишка беріледі.
Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі басты қызмет түрлерінің бірі-ән салу. Балабақшада балалардың ән салу дағдыларын дамытып, қалыптастыра білу басты міндеттердің бірі болып табылады. Мерекелік ертеңгіліктер мен ойын сауықтарда орындалған әндер, ойындар, хороводтар балалардың шығармашылығын дамытуда әсері зор. Балалардың ән салу кезіндегі музыкалық – дидактикалық ойындар әнді мәнерлеп еркін орындауға, бірге бастап, бірге аяқтауға, фраза аралығында тыныс ала білуге үйретеді.
Балалар әртүрлі сипаттағы әндерді орындау арқылы әннің мағынасын ұғынып, репертуарды сипатына сай орындау қажет екендігін түсінеді. Педагогтың басты міндеті — балалардың әнді өзбетімен орындауға тарта білуі. Балалардың үйренген әндерін бекіту мақсатында «Музыкалық телефон», «Неше бала ән айтып тұр?», «Әуеннің жалғасын тап» ойындары балалардың есту қабілетін дамытып, жеке немесе хормен орындалған шығармаларды айыра білуге және ән мәтінін жалғап орындауға үйретеді. Сөйтіп балалардың музыкалық репертуарлар қоры жинақталады.
Ересек топтардың музыкалық бұрышында балалардың дербес әрекет сәттерінен, балалар аспапта ойнап жатыр, ән, би , марш, орындап жатырғаны бейнеленген фото материалдар жинағы болады. Сонымен қатар, музыкалық аспаптар мен музыкалық – дидактикалық ойындар, композиторлардың портреттері көрініс табады. Ал кішкентайлар тобының музыкалық бұрышында: ойын – ермектер (қоян секіреді, қуыршақ билейді), ойыншықтар, сылдырмақтар, қуыршақ театрлары орналасады. Балалардың қызығушылығын, шығармашылығын үнемі дамытып отыру мақсатында айына бір – екі рет музыка бұрышын жаңартып немесе жаңа материалдармен толықтырып отыру қажет.
Балалар музыка сабағында үйренген ән репертуарларын шын көңілдерімен, шығармашылықпен, музыкалық- дидактикалық ойындар барысында көрсете алады. Олар үйренген әндерінің мағынасын терең ұғынғандығын сурет салу арқылы да бейнелей алады. Мысалы, А.Филипенконың «Пришла весна» әнін орындай отырып, Paint бағдарламасы бойынша мағынасын мәтініне сай интерактивті тақтадан элементтерді біріктіру арқылы сурет салу негізінде бейнелеп көрсетеді.
Музыка сауаттылығын жете ұғындырудағы балалардың есту қабілеті мен ырғақ сезімін дамытуда, ән айтар алдындағы шағын әуендер мен жаттығулардың да әсері зор. Мыс: «Музыкалық баспалдақ» ойынында балалар жаттығулар арқылы дыбыс бағытын айыруға үйренеді.
Сонымен қатар «Таба ғой», «Құс және оның балапаны» «Нота сызығындағы жеті дыбыс» ойындары арқылы дыбыстың жуан, жіңішке болатындығы немесе 7 нота дыбысының біртіндеп жоғарлау, төмендеу бағытын ұғынады.
Музыка сабағының басым бөлігі әуенмен әртүрлі қимылдар орындауға кетеді. Жүйелі орындалған тапсырмалар нәтижесінде балалардың есту қабілеттері мен орындаушылық қасиеттері артады. Сабақ барысында балаларды өз еріктерімен қызықтырып жеке әрекет етуге жетелеу қажет.
Кішкентайлар тобында балалар ойын, билерге тәрбиешінің қимылына еліктеушілік сипатын білдірсе, ал ересек топтар ырғақ сезімін дәл көрсете отырып, музыканы мәнерлі қимылмен орындай алады.
Музыкалық — дидактикалық ойындарда балаларды өзбетімен әрекет етуге мүмкіндік беру керек. Балаға неғұрлым сенім артсаң, сеніммен еркін, дәл орындауға талпынады. Дұрыс, тартымды ұйымдастырылған ойын келесі күндері де қайталанып отырады.
Балалардың күнделікті өмірінде кеңінен қолданылатын қызметтің қызғылықты да тартымды түрі — музыкалық аспаптарда ойнау. Бұл балаларға үлкен қуаныш әкеліп, қызығушылық пен белсенділік сыйлайды. Кіші топтарда балалар негізінен соқпалы аспаптар: металлофон, бубен, сылдырмақ, барабандармен танысып, ойнап үйренеді.
Егер балабақшада музыкалық тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылған жағдайда ересек топтың балалары барлық аспаптарда жеке, ансамбльде, оркестрде ойнай алады. Оркестрге топтың барлық балалары қатыса алады. Мыс: «Қандай аспапта ойнап тұр?» ойынында балалар музыкалық аспаптардың тембрлік дауыстарын дұрыс айыра білуге үйренеді. Аспаптарда ойнау балаларды ұжымдыққа, жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді. Жетістіктеріне бірге қуанып, балалардың өзара қарым-қатынасын үйлестіруге талпындырады. Әр топтарда балалардың жас ерекшеліктеріне сай «Музыка бұрышы» ұйымдастырылады.
Ересек топтардың музыкалық бұрышында балалардың дербес әрекет сәттерінен, балалар аспапта ойнап жатыр, ән, би , марш, орындап жатырғаны бейнеленген фото материалдар жинағы болады. Сонымен қатар, музыкалық аспаптар мен музыкалық – дидактикалық ойындар, композиторлардың портреттері көрініс табады. Ал кішкентайлар тобының музыкалық бұрышында: ойын – ермектер (қоян секіреді, қуыршақ билейді), ойыншықтар, сылдырмақтар, қуыршақ театрлары орналасады. Балалардың қызығушылығын, шығармашылығын үнемі дамытып отыру мақсатында айына бір – екі рет музыка бұрышын жаңартып немесе жаңа материалдармен толықтырып отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет