Мысалы:
1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойын.
«Анасын тап» ойыны
Ойынның шарты: Әнді немесе әуенді тыңдап, жануарлар мен төлдерінің жүрісін, қимыл-қозғалысын көрсете білуге, олардың дауыс ырғақтарын ажыратып, есте сақтауға үйрету.
Ойынның шарты: Жануарлардың және олардың төлдерінің суреттері бейнеленген карточкалар беріледі. Музыка жетекшісі шығарманы ойнап, балалар әуенге сәйкес суреттегі жануардың төлін тауып, енесінің жанына қояды. Олардың жүрісін, қимылын көрсетіп, дауысын салады.
«Аспаптың даусын ажырат» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптардың тембрын ажыратуға баулу, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты:Карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай, домбыра, жетіген, қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген. Үнтаспада аспаптардың орындауында пьесадан үзінді орындалып, балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.
«Қай аспапта ойнаймын?» ойыны
Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрлемелі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: Балаларға аспаптардың (домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады. Музыка жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды. Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын ажыратып, лайықты суретті көрсетеді.
«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларға арналған музыкалық аспаптардың дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспаптарда өз еріктерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.
Ойынның шарты: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады. Муыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын ажыратып, суретті карточкалардан көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |