Қабылдаған: Алиханова Б. Орындаған: Слам Құралай Тобы



бет2/11
Дата20.11.2023
өлшемі48,63 Kb.
#124963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4.Қарапайымдылық. Ең мықты көшбасшылар – күшті және табанды, сонымен бірге
қарапайым адамдар. Қарапайымдылық әлсіздікті немесе күмәншілдікті білдірмейді, ол адамның жеткілікті түрде өз күшіне сенімді екенін, өзінің және басқа адамдардың бағасын, құндылығын мойындай білетін, оларды қауіп түрінде көрмейтінін білдіреді. Қарапайымдылық өзінің дұрыс жасамағанын және барлық сұраққа жауап беруге қабілетті еместігін мойындауға мүмкіндік береді. Қарапайымдылық басқалардың сіңірген еңбегін мойындауға көмектеседі. Қарапайым көшбасшылар әрқашанда мықты болуға ұмтылатындығымен және оқып - үйренуін үзбейтіндігімен ерекшеленеді.
5.Көрегенділік (болжағыштық). Көшбасшылар болашақты және жағдай дамуын
болжауға, көруге қабілетті. Жақсы көшбасшыларда стратегиялық ойлау тамаша дамыған. Олар жағдайды үнемі талдайды, қазіргі орын алған жағдайдың негізінде, болашақта бұл жағдайдың дамуын нақты болжауға қабілетті. Көшбасшының болашағын айқындауға арналған құралдардың бірі – сценарийлік жоспарлау, яғни үш-төрт нақтыланған жұмыс жоспары.
6.Мақсаттылық. Көшбасшы іс-әрекеттің маңызды бөліктеріне күштері мен ресурстарын бағыттай алуға міндетті. Олар басты назарды нәтижелерге бөледі, яғни олар өздері, әріптестері және тұтас ұйым неге жету керектігіне басымдық береді. Көшбасшылар өзінің және басқа адамдардың мықты жақтарын тірек етеді. Олар өздерінің ұйымының артықшылықтарын сүйеніш етеді. Көшбасшы өзінің жеке үлгі мысалымен барлығын шабыттандыруы, құлшындыруы тиіс.
«Мақсаттық әрекет» (path-goal theory- М.Г.Эванс) теориясына сәйкес, көшбасшымен
назардың пайда болуы дәрежесі жақтастарымен болашақ марапаттауды түсінуін анықтайды, ол көшбасшамен құрылымның нақтылануының дәрежесі бағыныштытылармен дәл қандай әрекет марапатталатыны жайлы саналаумен анықталады. Бұған жақын «мативациялық теория» (Р.П.Хау, Б.Т.Басс) көшбасшалықты таптың мүшелерінің мотивациясын өзгерту арқылы топ мүшелерін өзгерту деп түсіндірілді. Ф. Е. Фидлердің есептеуінше, «көшбасшылық әрекет» нақты жағдайдын талаптарына байланысты. Мысалы, «жұмысқа бағытталған көшбасшы қиын жағдайларда нәтижелі болады. (тым жеңіл немесе тым ауыр жұмыс). Көшбасшы болса, «өзараәрекеттесуге» бағытталған, әдетте «орташа», жай сөзбен айтқанда «аралық» мәселерді шешуде нәтижелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет