Қабылдаған: Алиханова Б. Орындаған: Слам Құралай Тобы



бет3/11
Дата20.11.2023
өлшемі48,63 Kb.
#124963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7. Өзара әрекет. Тиімді көшбасшылық үшін басқалармен ортақ тіл табысу қажет.
Жетістіктің міндетті жағдайлары – ол бір мақсатқа жету үшін барлығын реттелген жұмысқа бағыттау. Конструктивті өзара әрекетті қамтамасыз ету үшін, барлық әріптестермен күнде жақсы қарым-қатынаста болу қағидасын ұстану қажет. Мұғалім осы көшбасшылық қасиеттерін өзінде тәжірибе жасау мен қайталау арқылы дамыта алады. Өз әрекеттерін күнделікке жазуды ұсынамыз, онда көшбасшылыққасиет, күні, орындалған тапсырма белгіленеді.
Түйіндей келе, тек көшбасшылық қасиеттерге ие мұғалім өзінің беделін, оқыту мен оқудың тиімді тәжірибесін арттырып, оны сақтауға, қазіргі таңдағы білім беру мақсатына жетуге қабілетті.



  1. Мұғалімнің көшбасшылық өсуінің сатылары

«Көшбасшылық – бір мақсатқа жетелейтін қасиет» олай дейтінім әр көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар:


1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы басқаларды тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы, салмақты болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына
үлкен мақсаттар қойып, оған жете білу керек.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің
шешімін дұрыс табады, дұрыс шешім қабылдайды. Өзін де, басқаны да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
Әрбір мұғалім көшбасшы болуы мүмкін, өйткені әрбір адамда көшбасшылық әлеует бар. Тек оны дамыту керек. А.К.Тихонов атақты көшбасшылардыңтарихын зерттеп, әртүрлі зерттеу нәтижелерін жалпылап және эксперимент пен бақылауды жүргізіп «адамның көшбасшылық әлеуетін дамытудың белгілі бір заңдылықтары» бар екенін анықтады. Ол көшбасшылықты пирамида түрінде көрсетті, оның негізінде тұлғаның базалық сипаттарыжатыр,пирамидадеңгейіжоғарылағансайын әлеуметтік байланыс пен қатынасқа байланысты болады.
Осы пирамидаға сүйеніп, мұғалімнің көшбасшылық өсу сатылары жөнінде айтуға болады. Пирамида бойынша:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет