Қабылдаған: Алиханова Б. Орындаған: Слам Құралай Тобы


Көшбасшылықтың классификациясы



бет11/11
Дата20.11.2023
өлшемі48,63 Kb.
#124963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Көшбасшылықтың классификациясы :
Іс – әрекет бойынша Көшбасшы – шабыттандырушы, Көшбасшы – орындаушы,
Көшбасшы шабыттандырушы және орындаушы. Стиль бойынша Авторитарлы,
Демократиялық, Либералды. Мінез – құлық бойынша Әмбебап, Ситуациялық. Б.Д. Парыгиннің айтуы бойынша көшбасшы өзінің қабілеттерін іс-әрекет барысында көрсетеді. Бұл үрдіс барысында тәжірибе алмасу жүзеге асырылады. Іс-әрекет көп қырлы, олардың көбі жаңа міндеттерді, тың мәселелерді шешуге жұмсалады. Оқушы игерілген білімін, іскерлік дағдыларын жұмылдырады, ізденіс жұмыстарын, әртүрлі амал-айлаларды жүзеге асырады. Оқушы сабақ барысында белсенділік танытып, өз бетінше шешім қабылдауға жаттығады, танымдық қызығушылығы артады, нәтижесінде белгілі істі атқару мүмкіндігі, белсенділігі, өзіндік жұмыстарға қабілеттілігі дамиды. Адамның бойында іс-әрекеттің пайда болуын мына түрлерге бөліп қарастырған: – Көшбасшы – шабыттандырушы – ұжым мүшелерін ынталандыра отырып, оларды іс – әрекетке жұмылдырады.



  1. Қазақстандағы көшбасшылық теориясы

Лидерлік тақырыбы зерттеле түскен сайын көшбасшыны харизма, тұлғалық
қасиеттер тұрғысынан ғана бағалау нағыз лидердің тұтас сипатын айқындауға жеткіліксіз екені белгілі бола бастады. Себебі ел тізгінін ұстаушы – тек қана әдемі сөйлей білетін, үлкен уәделер беретін, күрделі мәселелерге қатысты моментальды шешімдер шығаратын тұлға емес, ол – өзінің білімі мен кәсіби тәжірибелері арқылы қоғамның мәселелерін терең түсінетін әрі проблеманы шешуге бағытталған тиімді стратегия құра алатын, өзгелерді тыңдай білетін, көпшілікті ортақ мақсатқа жұмылдыра отырып, халық үшін тиімді нәтижелерге қол жеткізе алатын қайраткер. Осы қабілеттер тізбегі ғалымдарды лидердің жаңа моделін жасауға итермеледі. Осылайша, лидерлік теориясында «Қабілеттер» моделі қалыптасты. Аталған модель лидердің тиімді, нәтижелі болу факторларын маңызды деп есептейді және көшбасшылық қабілеттер білім мен тәжірибенің негізінде толысып, дамып отырады деген тұжырымды алға шығарады. Дәл осы модельдің критерийлерін 2000 жылы Мэмфорд бастаған ғалымдар жүйелеп, мынадай бес өлшемді бекіткен: кәсіби қабілеттер, лидердің нәтижелілігі, тұлғалық атрибуттар, кәсіби тәжірибелері, ортаның әсері. Біз осы критерийлерге сүйеніп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың лидерлік тұлғасын бағалауға талпынып көреміз. Әлбетте, кез келген саясаткерді осы модель тұрғысынан зерделеп көруге болады. Кәсіби қабілеттер. Кәсіби қабілеттер үш компоненттен тұрады. Олар: лидердің әлеуметтік бағалау, сараптау қабілетінің, мәселені шешу қабілетінің және білімінің болуы. Ғалымдар бұл факторларды қабілеттер моделінің жүрегі деп есептейді. Әлеуметтік бағалау, сараптау қабілетіне келер болсақ, көшбасшы әрдайым қоғам қандай маңызды мәселелермен бетпе-бет келіп отырғанын түсініп, қоғам мүшелерінің мәселеге, өзгеріске қалай жауап қайтарғанынан хабардар болып, сол арқылы әрдайым халықтың пульсін сезініп отыруы керек. Мәселеге қатысты түрлі пікір-ұсыныстарды, болжамды шешімдерді зерделеудің мәселенің тиімді шешілуіне ықпалы зор. Ал мәселені шешу қабілетінің өзіне тоқталсақ, жаңа, өте күрделі мәселемен бетпе-бет келіп, оң шешім шығара білу – көшбасшының күнделікті әрі ең маңызды міндеттерінің бірі. Білімді лидер – адамдарды, мәселені, құрылымдарды, шешімдерді және күрделі жүйені түсінетін, олардың байланысын жақсы сезіне білетін тұлға, сол күрделі жүйеде оң өзгерістерге бастайтын лайықты стратегия құра алатын қайраткер. Білім – лидердің өткен жағдайларды, тәжірибелерді есепке ала отырып, болашақтағы мәселелерге де төтеп бере алатын конструктивті шешім ұсынуының кепілі болмақ. Қ.Тоқаевтың Президент ретінде өңірлерге жасаған сапарларында, билік, бизнес өкілдерімен өткізген кездесулерінде сөйлеген сөздерін зерделеп көрсеңіз, тұлғаның ең негізгі төрт бағдарын айқындауға болады. Олар: экономикалық өсім (мемлекеттің үлесін азайту арқылы бизнесті дамыту), азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру (сапалы жұмыс орындарын ашу және лайықты жалақымен қамтамасыз ету), әділеттілік (жемқорлықпен күрес) және коммуникация (қоғаммен тиімді қатынас орнату). Бұл басым бағыттар Қ.Тоқаевтың қоғамда туындап отырған өзекті мәселелерді нақты білетінін және оларға қатысты оңтайлы шешімдер ұсынуға деген ұмтылысы бар екенін көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев 24 мамырда өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінде мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтып, шекарасын нақтылап, шағын және орта бизнесті 2025 жылға қарай 35-40% дейін ұлғайту керектігін айтты. Дамыған елдерде мемлекет экономиканы заңнамалық тұрғыда ғана реттеуші рөлінде, мұндай саясат бизнестің қанат жайып, ел экономикасының әлеуетінің артуына әрі демократиялық құндылықтардың нығаюына тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар Қ.Тоқаев көтерген ең маңызды мәселенің бірі – азаматтарды лайықты жалақымен қамтамасыз ете алатын жұмыс орындарын ашу. Бұған қатысты Қ.Тоқаев 17 мамырда болған еңбек және жұмыспен қамту мәселелері туралы жиында «сапалы жұмыс орындарын құру» маңызды міндет екенін, 14 мамырдағы Қызылорда облысының халқымен кездесуінде «лайықты жалақы төлейтін жаңа жұмыс орындарын ашуға баса мән беру қажет» дегенді айтты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет