Қабылдаған: Алиханова Б. Орындаған: Слам Құралай Тобы



бет4/11
Дата20.11.2023
өлшемі48,63 Kb.
#124963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.Ішкі көшбасшылық. Бұл көшбасшылық құзіретін дамытудың базалық кезеңі.
Көшбасшылықтың туындауының және оны дамытудың алғышарты. Мұғалім ең алдымен өзін басқара алу керек. Өзін жұмысқа ынталандырып, өзінің әрекетіне жауапкершілік алуы және жағдайды бақылауда ұстай алуы қажет. Мұны мұғалімнің оқушыларымен, әріптестерімен жұмысында бақылауға болады.
2. Жағдаяттық көшбасшылық. Мұғалімнің жағдаятқа байланысты көшбасшы ролін
алғанда және нақты жағдайда байқалады. Ол болып жатқан жағдай үшін уақытша жауапкершілік алады. Көбінесе мұндай мұғалім – көшбасшылар мүмкіндігіне емес, қажеттілікке қарай ынталанады, мысалы, қиын жағдаяттың өзі көшбасшылық қасиеттің
байқалуын қажет етеді. Егер мен болмасам, кім? -дегенді ұстанады. Жағдаяттың өзектілігі басылған соң, адам өзінен көшбасшылық рөлін алып тастап, күнделікті роліне оралады. Мұндай мінез-құлық кейде көрініс табады.
3.Топтық немесе тактикалық көшбасшылық. Көшбасшы үнемі өз тобын басқарады.
Оның моторы болып табылады. Топты басқаруға бастама жасап, ұзақ уақыт бойында қолына алады. Өзінің тобына және оның мүшелеріне жауап береді. Әдетте тактикалық
мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылады. Оған нақты мәселені шешу үшін өзінің мұғалімдер тобымен жұмыс істейтін бірінші және екінші деңгей Бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған мұғалімдер мысал бола алады.
4.Жүйелі немесе стратегиялық көшбасшылық. Көшбасшы барлық жүйені тұтас
басқарады. Бұл көшбасшылардың көшбасшысы. Яғни, ол басшы- көшбасшыларды
басқарады. Стратегиялық мақсаттар қояды, болашақты айқындайды, дамудың болашақтағы жоспарын анықтайды. Перспективті мақсатқа жету үшін адамдарды жігерлендіреді. Бұл жағдайда мектептен тыс жерде және басқа мектептердің кәсіби желілік қоғамдастығында мұғалімді көшбасшы ретінде мойындап, оның көшбасшылық қолдауын қажетсінетінмұғалімдерді айтуға болады.
5. Жаңалық шығарушы көшбасшылық. Нарықта, білім саласында бірінші болуға
ұмтылады. Барлық жүйеге өз ережесін кіріктіреді. Барлығы өмір сүретін әлем жасайды.
Мұғалім үшін бұл – білім беруде бірінші болу және Қазақстандағы білім беру жүйесіне
ықпал етуге қабілетті болу. Пирамиданың әрбір келесі деңгейі алдыңғысына сүйенеді. Яғни келесі деңгейге дамып жету үшін бірнәрсені тірек ету қажет. Дұрыс дамытылмаған деңгей реттеліп, келесі жоғары қадамдар жасалады. Пирамида төменгі деңгей тек тірек ғана емес, оның бір негізі ретінде құрылған.
Сонымен, көшбасшылық жолға түсу үшін және өзіңде көшбасшылық әлеуетті дамыту үшін ішкі көшбасшылық қасиеттерді дамытудан бастау қажет. Мұғалім айналадағыларға мысал болуы тиіс және қарым-қатынас дағдыларына үйренуі қажет, көшбасшылық кеңістікті жаулап, оны тұрақты ұстауы керек. Сосын топты және идеяларды тиімді басқаруды меңгеруі, мақсатпен және ынталандырумен жұмысты үйренуі, болашақты айқындауы, құлшындыруы қажет.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет