Қабылдаған: Алиханова Б. Орындаған: Слам Құралай Тобы



бет7/11
Дата20.11.2023
өлшемі48,63 Kb.
#124963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кері байланыстың маңызы
Аталған метафора әрбір адам әрқашанда бір нәрсені көрмейді және естімейді дегенге меңзеп отыр. Сондықтан да, бір-біріңе кері байланыс ұсыныңдар, әсіресе маңызды жағдайларда кері байланыс беріңдер. Айналадағылар сізге не айтқанына көңіл бөлуді ұмытпаңыздар .
Мұғалім-көшбасшыларының, мектеп басшыларының міндеттерді тиімді шешу
дағдыларын дамытуына метафораны қолдану оң ықпал етеді. Тек кері байланыс ғана
көшбасшының жұмысы, оның іс-әрекетінің нәтижесі туралы ақпарат алуына мүмкіндік
беретінін атап өтті.



  1. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Мұғалімдер өз сыныбының шегінде оқу көшбасшылары ретінде қаралады, сонымен қатар, мұғалімдер өз мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің оқуын іске асыратын көшбасшы болып табылады. Оқытуды басқару мен көшбасшылық тұжырымдамасы мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар деген ұстанымға негізделеді. Оны жаңалық енгізумен және бірлескен кәсіби дамумен сүйемелденетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге болады. Бұл тұжырымдама педагогикалық жүйе сәтті болу үшін оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек деген көзқарасқа сүйенеді (MacBeath et al., 2006). Оқытудағы көшбасшылық тұжырымдамасы Дэвид Фрост пен Кембридж университеті қолдау көрсеткен Хертс Кэм Нетворк желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы аясындағы қызметке негіз болған мұғалім жүргізетін дамыту жұмысымен тығыз байланысты болып келеді.


Макбеттің (2004) зерттеуінде бөлінген көшбасшылық дамып жатқан үдеріс ретінде
қарастырылып, ғалым оның алты түрін атап көрсетеді:
Жай бөлініс: қызметкерлердің өздері үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Мұндай ортадағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет