Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Математика кафедрасы
ОБӨЖ
Тақырыбы: « Білімгердің 2-ші аралық бақылау тапсырмалары»
Қабылдаған:Алиханова Б.
Орындаған: Слам Құралай
Тобы: ЖМА-111
Түркістан - 2023ж.
Жоспар:
Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері
Мұғалімнің көшбасшылық өсуінің сатылары
Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар мен метафоралар
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Басшылық жасау және көшбасшылық
Шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерді тәрбиелеу
Қазақстандағы көшбасшылық теориясы
Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері
Мектептердегі мұғалім - көшбасшылар басқаларды ынталандырып, оларды бағыттауы керек, тобының әрекет жауапкершілігін өзіне алуы және мақсат қоя білуі тиіс. Брайан Трейси өзінің зерттеуі барысында,табысты көшбасшылардың қасиеттерін жетеуін атап көрсеткен.
1.Болашақты айқындай білу іскерлігі. Көшбасшылар болашақты айқындауға және көре білуге қабілетті. Олар қайда және нені алуға ұмтылып отырғанын айқын және стандартты емес түрде елестете алады. Көшбасшы үнемі келесі екі сұрақты қоюы тиіс: «Біз не жасауға әрекеттенудеміз?» және «Қалай оны жасамақпыз?».
2. Батылдық. Батылдық бұл – жетістік болатынына кепілдік алмай тұрып, өз мақсатына жетуге тәуекелге дайын болуды білдіреді. Бұл мықты көшбасшының ең жарқын қасиеттерінің бірі. Болашақ қауіпсіздікке қарай ұмтылатындарда емес, әрқашанда тәуекел етушілерде екені белгілі. Ерлік – бұл ешқандай кепілдік болмай, әрекетке көшуге дайын болу. Маңызды шешім қабылдамай тұрып, неғұрлым көп ақпарат пен пікірді сараласаңыз, сіз дұрыс жасап жатқаныңыздың ықтималдығы артады. Бірақ тәуекелділікті толық алып тастай алмаймыз. Ерлік пен батылдық үнемі «Не істеуім қажет?» деп ойланғанда ғана көрініс табады. Неғұрлым әрекетке бағдарлансаңыз, соғұрлым өзіңізді сенімді сезінесіз, қажет кезде дұрыс әрекет етіп,
жеңіске жету ықтималдығыңыз жоғарылайды.
3. Адалдық. Адалдықтың негізінде шыншылдық жатыр. Бұл қасиет кез-келген жағдайда барлығына әрқашанда шынын айтуға талап етеді. Шынайылықтан сенім құрылады, бұл әрбір істің табыстылығына өте қажетті. Адал көшбасшылар өзінің әрекетіне, алатын нәтижесіне жауапкершілік алады. Көшбасшылар өзінің кінәсін басқалардың қателігі деп санамайды. Олар толығымен жауапкершілікті алады.
Достарыңызбен бөлісу: |