Қабылдаған: Алиханова Б. Орындаған: Слам Құралай Тобы


Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар мен метафоралар



бет5/11
Дата20.11.2023
өлшемі48,63 Kb.
#124963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
кт бөж2

Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар мен метафоралар

«Мен ... таңдаймын» жаттығуы
Орындау уақыты – 10 минут.
Әдетте бұл жаттығу топтағы тыңдаушыларды біріктіру үшін, сонымен бірге күтпеген
жағдайда жылдам шешім қабылдау және таңдау жасау іскерлігін дамыту мақсатында
жүргізіледі. Тренердің пікірінше, топтағы жұмыста көшбасшылық позицияны қабылдау іскерлігі бар 4-6 (топтың санының құрылуына қарай) мұғалімге өз әріптестерінен топ құру сұралады. Барлық мұғалімдер үстелдегі өз орындарына отырады. Өзіне топ жинайтын мұғалімдер тепе – тең жағдайда болуы тиіс. Олардың әрекеттері: олар әріптесінің қасына барып өз тобына шақырады, оған неліктен оны таңдағанын түсіндіреді, оны өзі тұрған жерге апарады. Барлығын жылдам жасауы тиіс. Жеңіске жетуші анықталады.
Талқыланатын сұрақтар:
• Неліктен олар осы адамдарды өз тобына таңдады?
• Тапсырманы орындау қиын болды ма? Неліктен?
• Таңдағандарға жағымды болды ма? Неліктен?
• Таңдалғандарға жағымды болды ма? Неліктен?
• Бірінші топты құруыңызды немен түсіндіресіз?
Талқылау кезінде мұғалімдер осы жағдайда жасалған әрекетіне жауапкершілікті, өздерінің бойында әлдебір қысымды сезінгендерін, әрекеттерінде сенімсіздік болғанын атап өтті. Біздің бақылауымыз, өзіне топ жинаған мұғалімдерде икемділік, шешім қабылдаудағы жылдамдық, міндетті орындаудағы шапшаңдық, жағдайды алдын ала болжаудағы іскерлік секілді көшбасшылық қасиеттері жоқ екенін көрсетті. Бұл жаттығуды топта бірін бірі жақсы таныған жағдайда және өзара жағымды қатынас құрылғанда жүргізуді ұсынамыз.
«Сенің жағымды жақтарың – бұл...» жаттығуы
Орындау уақыты – 5-10 минут.
Мақсаты – өзінің бойындағы жағымды қасиеттерді көре білу, өзіндік бағаны арттыру және топта жағымды көңіл-күй туғызу қабілетін дамыту. Тапсырманы орындауға бас киім қажет. Қатысушылар шеңберленіп тұрады. Тренер мұғалімдер кезекпен бір-біріне бас киімді кигізетінін хабарлайды. Бас киім кімге кигізілсе, сол адам өзінің бойындағы үш мықты жағын атап, басындағы бас киімді оны кимеген әріптесіне кидіреді және де осылайша әрқайсысы бас киімді кигенінше жаттығу жалғасады.
Талқыланатын сұрақтар:
1. Өзіңізде қандай эмоциялар байқадыңыз?
2. Бұл жаттығу әлдекімде қиындық тудырды ма? Егер иә болса, онда қиындық неде
болды?
3. Өзіңнің мықты жақтарыңды есіңде сақтау не үшін маңызды?
Бұл жаттығуды орындату кезінде, өзіндік бағасы төмен мұғалім өз мықты жақтарын айта алмау жағдайы болуы мүмкін екенін тренер ескергені жөн. Тренер оған ойлануға уақыт беріп, әзірше бас киімді келесі адамға бере тұруды ұсынуы қажет. Аталған жаттығуды бірбірімен таныс мұғалімдердің арасында жүргізген абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет