Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп отыратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағытталу – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі.
Бастамашылық бөлініс: Мұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар.
Мәдени бөлініс: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады. Көшбасшылық белгілі бір рөлді орындауда емес, нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды.
Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты:
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау);
Ұжымдық іс-әрекет
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарымқатынас);
Құзыреттілік(басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу);
Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас).
Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:
• мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруі;
• оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
• ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы жоғары мәдениетті оқу ортасын орнату;
• оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту;
• оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
• әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің әлеуеттерін бөлуге болатындығына сенімді болу;
• оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды
тарту.