«Командирсіз» жаттығуы Орындау уақыты – 10 минут.
Мақсаты – қатысушылардың ептілігін, бастамашылдығын, өздерін ұстай білуін, жеке
жауапкершілігін, топта жұмыс жасау іскерлігін дамыту.
Тренер тыңдаушыларға кезекпен келесі бұйрықтарды орындауды сұрайды:
– бойлары бойынша бір қатарға тұру;
– бойлары бойынша 4 қатарға тұру;
– 2 шеңбер жасау;
– үшбұрыш жасау және т.б.
Дегенмен алдымен барлығын үндемей жасайтындығы, ешқандай ым мен ишара және
эмоциямен көрсетпейтіндігі, тек көзқарастары арқылы әрекет ету керектігі жайында олар ескертіледі.
Талқылау:
1. Айтыңызшы, осы жаттығуды көшбасшылықты анықтайтын тест деп атауға бола ма
және неліктен осылай ойлайсыз?
2.Сіз қайсыңыз болмысыңыздан көшбасшысыз?
Бұл жаттығудың мәні - қандай да бір міндетті орындауда әрбір қатысушы өзіне ғана
сенетіндігінде болып табылады. Өйткені бұл топтық тапсырма, әрқайсысының жетістігі
жалпы жетістіктің кепілі болады.
Метафора – басқаны астарлы меңзеп, терминдер арқылы сипатталғанға жаңа кейіп
берілетін хабарлама ретінде қарастырады . «Терминдер арқылы басқа салаға жататынды
екінші сала арқылы хабарлауды және осы арқылы алдын сипатталғанның жаңа айдарын
көрсетуді» метафора деп қарастыруға болады . Осылайша, метафора бірнәрсені ұғындырудың астарлы тәсілі болып табылады. Метафораны қолдану адамға қазіргі сәтте нені қабылдауға дайын, сол мағынаны алуға мүмкіндік береді.Сәтті метафора барынша түсінікті бейне жасап, қаперде сақталады, мәселені шешуге ынталандырады, шығармашылық тәсіл мен тың ойлардың, көріністердің келуі бұрын байқамаған шынайылықты көруге көмектеседі және де болашақты айқындауға апарады.
Уақытты басқару Аталған метафора белсенді іс-әрекетке мұғалімдердің ынтасын арттырып, оларды уақыттарын қалай кетіретінін ойлануына мүмкіндік береді.
Тауықтың білімі Метафораны мұғалімдерде бір жағдай туралы әртүрлі көзқарас қалыптасқанын байқағанда, біліктілікті арттыру курстарындағы сабақтың басында қолдандық. Мұғалімдер талқылаудың нәтижесінде қарым-қатынас барысында бір жағдайдың және бір ақпараттың өзін әлем туралы өз моделіне, түсінігіне сәйкес әр адам әрқалай өңдейтінін, ұғынатынын байқауға болатынды қорытынды ретінде келтірді.