Өзін-өзі басқару қабілеті, «Қаласам істей аламын принципі». Өзінің уақытын, күш-қуатын толыққанды, тиімді пайдалану. Қиындақтан шыға білу, туындаған мәселенің шешімін таба білу қабілеті. Көшбасшы еқашан уақытын босқа жұмсамайды.
Айқын мақсаттардың болуы, «Не қалайтынымды білемін принципі». Алға қойған мақсаттың шынайылығы, жетістікке жетудегі іс – әрекетінің мақсатқа сай
болуы. Оқушы өзінің алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін бүкіл ұжым мүшелерін іс – әрекетке жұмылдырады. Мәселенің шешімін таба білу, «Көптеген пікірлердің арасынан дұрыс шешім қабылдау». Туындаған мәселенің маңызды бөлігін анықтап, шешімін табу үшін бүкіл мүмкіндіктерді қарастыру. Шешімді қабылдағаннан кейін, нәтижесін болжау. Қабылдаған шешімнің қандай зардаптар мен қиыншылықтар алып келуі мүмкіндігін алдын – ала ойлау.
Ұжымды ұйымдастырудағы шығармашылық жолдар, «Басқалардан өзгеше болу принципі». Мәселенің шешімін табу үшін жаңа жолдарды қарастыру. Ұжымның іс – әрекетін жаңа бағыт арқылы ұйымдастыру.
Ұжымға әсер ете білу, «Ұжым мүшелеріне билігін жүргізу принципі». Өз-өзіне деген сенімділік, ұжымда жақсы ахуал ұйымдастыру, ұжымды сендіру және бағындыру, ұжым мүшелерінің пікірін тыңдай білу қабілеті. Ұйымдастырушылық іс – әрекеттің ерекшеліктерін білу.
«Іс – әрекетті ұйымдастыру». Ұжым мүшелерінің қызметтерін тиянақты бөлу, атқаратын рольдерімен таныстыру, жоспар құру, атқаратын жұмыстарын қадағалап отыру. Ұйымдастырушылық іс – әрекеттің жиынтығы, «Ұйымдастыра білу принципі». Ұйымдастырушылық түйсіктің болуы, іс – шараны тиімді ұйымдастыру үшін күш – қуаттың жиынтығы, ұжым мүшелерінен талап ету, сынау, ынталандыру жұмыстарын жүргізе білу қабілеті.
Ұжымммен жұмыс істей алу қабілеті, «Ұжым мүшелерін бір іске жұмылдыру принципі». Ұжым мүшелерін топтастыру, біріккен іс – әрекетке жұмылдыру, кедергілерден өту,ұжым аралық қарым-қатынасты дамыту жолдарын іздестіре білу қабілеті. Осы кестеден көшбасшының бойында қандай қабілеттер болу керек екендігін байқаймыз. Көшбасшы мына принциптерді ескере отыра ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнату және өзін-өзі дамыту жұмыстарын жүргізе алады. Принциптер тізімінде «өзін-өзі басқару принципі» бірініші орынға жайдан-жай қойылмаған. Ғалымның пайымдауы бойынша кез-келген тұлға ұжымды басқару үшін, ең алдымен өзін басқара білу керек.