Әсем: Қол алысу арқашанда достықты білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыртпайтындай қысу керек. Қолды селқос, сұлық ұсынса дұрыс емес. Тамақтанып отырған кезде, ас үстінде қол ұсынбайды. қолғапты, бас киімді шешіп амандасу да адамды құрметтегеннің белгісі.
Назерке: Сәлемдескенде ешқашан дауысты көтермей, жылы шыраймен, ізет көрсету - сәлемдесу әдебінің шарты. Дауыс ырғағының өзі маңызды қызмет атқарады. Кейбір елде адамдар дауыс ырғағынан -ақ"кім екенініңді білдім" дейді. Бұл кездейсоқайтылған сөз емес. Көне көз қария бір сәтте-ақбойыңыздағы барлыққасиетіңізді байқап қалады.
Арайлым: Егер сен амандасу үстінде қабағыңды шытып естілер-естілмес ерінді жыбырлатып және үлкен кісінің қолын қаттыраққысып жіберсең, сенің дөрекілігің бірден көрінеді.
Ақерке: Сәлем беруде кездесушілер бір-бірне "сәлем" деп ишара етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді.
Мұндай сәлемдесу Еуропа халықтарында көп кездеседі.
Назым: Үлкенге сәлем берушінің міндетті, қазақта "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді" деген дәстүр бар. Алыстан келген кісіге сәлем беру тәртібі жасқа байланысты емес. Ал кездескенде кіші үлкенге сәлем бермей кетсе, ол көргенсіздік, әдепсіздік болады.
Жансерік: Қалыптасқан дәстүр бойынша үлкен қария ауыл сыртында отырса, аттүсті келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша сәлем берген. Жас адам ұзақ жолдан келсе, ауылдағы қариялар барып, сәлем беріп шығуға міндетті болған.
Мұғалім: Қазір балалар әңгіме бойынша жұмыс істейміз.