Мұғалім: Сәлемдесу рәсімі туралы не білеміз.
Әсем: Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген , мәдинетті нағыз адам болып өсуі, әрі халықтың ғасырлар бойы дамып қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Үлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі балаларды сыпайылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа,баулу.
Халқымыздың жас ұрпакты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлімі мен рәсімдері көп. Солардың бірі-сәлемдесу рәсімі.
Ана тіліміздің баға жетпес байлығы мен жас ұрпаққа жол сілтер
бағыт-бағдарларының айналасында сөз қозғаймыз.
Адина : Сәлеметсіз бе?!-кішігірім ғана бір ауыз сөз.
Ал бірақ бұл " Мен сені аман-есен ұшырастырып түрмын, ағайын.
Пейілің шырайлы, жүзің жарқын болсын, мен сені сыйлаймын, сені де сыйластық танытады деп білемін. Өз басым саған денсаулық, амандық, бақыт тілеймін",- деген бір қауым ойларды меңзейді.
Талғат: "Болар, елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен таны"-
деген қариялар. Олай болса біз сіздерге сәлемдесу,
амандасу жолдары туралы айтып берейік.
Бақытжан: Адамзат баласының дамуы, өркениеттің алға жылжуы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты.
Ізгі ниетсіз, адамгершіліктің қарапайым қағидаларынсыз қоғамның алға басуы мүмкін емес. Онда адамдық қарым-қатынастарда ерекше орны бар қағидалар, өмір сүруімізді жеңілдететін мінез-құлықтың
этикалық нормалары сөз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |