Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13


«Аллаһ  иман келтіргендерді өзгермейтін, орнықты сөздермен бұ



Pdf көрінісі
бет26/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
«Аллаһ 
иман келтіргендерді өзгермейтін, орнықты сөздермен бұ 
дүниеде де, Ақыретте де орнықты етеді»
4
, – деген аяты қабірге 
қатысты дегенін естідім» – деген. 
Ахмад ибн әл-Қасим: «Ей, Әбу Абдуллаһ! Мүңкәр мен Нәкір 
және көр азабы туралы риуаяттарға сенеміз бе?» – деп сұрады. 
Сонда Әбу Абдуллаһ: «Субханаллаһ! Иә, оған сенеміз және бұл 
туралы айтамыз», – деді. 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
«Хашр» сүресі, 7-аят. 
3
Яғни, бұл аят бойынша Пайғамбардың (с.а.с.) әміріне бойсұну парыз 
дегені. 
4
«Ибраһим» сүресі, 27-аят. 


29 
Қабір азабы – барзах азабы 
Ғұламалар: «Әлбетте, қабір азабын барзах азабы деп білуіміз 
керек. Сондықтан қайтыс болған күнәкар адам жерленсе де, 
жерленбесе де көр азабынан құтыла алмайды. Жыртқыштар жеп 
қойса да немесе жанып, күлге айналса да, ауаға жайылып тарап 
кетсе де, дарға асылып немесе теңізге батып өлсе де, тәні мен 
жаны қабір азабын шегеді», – деген. 
Барзах – бұ дүние мен Ақырет аралығындағы өмір. Аллаһ 
тағала: 
«Олардың соңдарында қайта тірілтілетін күнге дейін 
барзах 
(өмірі)
 бар»
1
, – деген. 
Қабір өмірінің бақ не тозақ шұңқыры аталуы оның 
болатынының хақтығын білдіреді. Дарға асылып, отқа жанып, 
суға батып немесе аң-құстарға жем болып өлгендердің барлығы 
өздерінің амалдарына орай есеп беріп, барзах азабын шегеді 
немесе нығметке бөленеді. 
Ертеде кейбір адамдар мәйітті өртеп күлге айналдырса және 
жел ұшырып күлдің жартысы далаға, жартысы теңізге шашылса, 
қабір азабынан құтылады деп ойлайтын. Сөйтіп олар балаларына 
өзін өртеуді өсиет ететін. Бірақ Аллаһ тағала теңізге және жер 
бетіне әмір берген бойда олардың денесі қайтадан жиналып 
қалпына келеді. Сосын Жаратқан Иеміз оған: «Тұр!» – дейді. Сол 
кезде ол Құдіреттің құзырында тұрады. Аллаһ тағала: «Бұл 
ісіңмен нені көздедің?» – дейді. Ол: «Раббым, Өзіңнен қорықтым, 
Өзің жақсы білесің» – дейді. Аллаһ оны кешіргенше осы сөзді 
қайталай береді
2

Күлге айналып теңізге, далаға шашылса да, пенде барзах 
азабынан не нығметінен құр қалмайды. Мәйіт ағаштың басына 
желге қарсы ілінсе де денесі барзах азабы мен нығметінен тиісті 
үлесін алады. Тіпті, иманды кісінің денесі өртеніп кетсе де, тәні 
мен жаны барзах нығметтеріне бөленеді. Аллаһ ол үшін отты 
суытып аман қалдырады, ал имансыз адам үшін ауаны өртке 
айналдырып жібереді. 
1
«Муминун» сүресі, 100-аят. 
2
Әл-Бұхари, Ибн Мәжәһ. 


30 
Әлемнің барлық жаратылыстары Раббысына – бірден-бір 
шынайы Жаратушысына бағынышты. Аса Құдіретті Тәңіріміз 
оларды Өзі қалауына қарай жұмсайды. Оған ешкім қарсылық 
көрсете алмайды. Расында, олардың барлығы Аллаһтың 
құзырында, Оның құдіретіне бағынышты. Кімде-кім мұны жоққа 
шығарса, ол әлемнің Раббысына әдейі қарсы келген Оның 
Жаратушы екендігін мойындамаған кәпір деп есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет