Абжанов талғат сагидоллаұЛЫ



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата19.01.2017
өлшемі10,14 Mb.
#2259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күтілетін нәтижелер
 
Астана  қаласының  климаттық  жағдайдарына  тұрақты  интродуценттерді 
зерттеу нәтежесінде сәдік ағаш-бұталы өсімдіктердің  өсу және даму сатылары  
анықталды. Қысқа және құрғақшылық төзімділігі бойынша өсу дәрежесі жақсы 
көрсеткіш берген, жеміс беруі сақталатын сәндік қасиеттері жоғары өсімдіктер 
іріктеліп  анықталды.  Олардың  топырақ  климаттық  жағдайына  тұрақтылығы 
ұзақ, өмір сүруі басты көрсеткіш болып алынды.  
Сонымен қатар интродуцент сыналатын сәндік ағаш-бұталы өсімдіктердің 
аталған  топырақ  киматтық  жағдайына  бейімделудің  коэффиценттері 
анықталатын  болды.  Зерттеу  жұмыстарының  нәтежесінде,  Астана  қаласын 
көгалдандыруға  сәндік  пішіндегі  топырақ  климатық  жағдайларына  төзімді 
инртодуцент түрлері іріктеліп алынады. 
Диссертация тақырыбы бойынша басылымдар  
Диссертация  тақырыбы  бойынша  жұмыс  нәтижелері  «Международный 
научно-практической  конференции»  (Санкт-Петербург,  2013ж.);  Ізденістер, 
нәтижелер. Ғылыми журнал «Алматы - 2014»; «World Applied Sciences Journal» 
Scopus  (Пакистан,  2014ж.),  «Modern  Applied  Science»  Scopus  (Канада,  2015ж.) 
Международный  журнал  Волгоград  (Наука  и  мир  2015  ж.),  Инновационное  
развитие  аграрной  науки  и  образования:  мировая  практика  и  современные 
приоритеты, «Году сельского хозяйства» в Азербайджане 2015 ж. журналында 
баяндалды  және  диссертацияның  негізгі  нәтижелері  11  ғылыми  жұмыстарда 
жарық көрді, оның ішінде жоғары аттестация комитеті бекіткен басылымдарда 
4 мақала, импакт-факторы бар журналда – 2, халықаралық және республикалық 
ғылыми-практикалық  конференция  материалдарында    3  мақаласы  және 
шетелдік  басылымдарда 2 мақала жарық көрді.  
Диссертация  құрылымы  мен  көлемі.  Жалпы  машиналық    129  жазба 
беттен,  оның  ішінде  кіріспеден,  7-тараудан,  қорытындыдан,  20  кестеден,  81 
суреттен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 2 қосымшалардан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
12 
1    ӘЛЕМДІК  ӨСІМДІКТЕРІН  ЖЕРСІНДІРУ  ІСІНЕ  ҚЫСҚАША        
ШОЛУ 
  
1.1
 
 Қазақстандағы өсімдіктерді жерсіндіру жағдайы 
Жерсіндіру  –  бұл  өсімдіктерді  бір  ауданнан  екінші  бір  жерге,  табиғатқа 
әсер  ететін  әдісін  қолдана  отырып,  олар  болмаған  жерге  көшіру.  Жерсінген 
өсімдіктердің  көндіктіру  жағдайын  көптеген  зерттеушілер  көрсеткендей 
[1,2,3,4,5,6,7,8,9], көп уақытқа дейін табиғат жағдайына танылған (өсімдіктерді 
тіршілік  ету  жағдайы  ұқсастық  жерге  көшіру),  ал  өсімдіктердің  теріс  қасиеті 
олардың жаңа жағдайға бейімделуі.   
1868  жылы  Воронеж,  Харьков,  Пенза  губернияларының  жергілікті 
зиялылардың,  ақсүйектердің,  әуесқой-бағбандардың  талаптары  бойынша, 
Николаев  ботаникалық  бағынан  әртүрлі  іріктеме  өсімдіктер  алма,  жүзім, 
серігүл,  емен,  сүйір  және  далалы  үйеңкі  тұқымдары,  шетен,    ат  талшын, 
алхоры, шаған, жапон қарағаны түрлері әкелінді. Бұл апатты жерсіндіру болды. 
1868 жылы Колпаков генерал-губернаторының өкімі және ағаш өсіруші ғалым 
Э.О.Бауманның  қатысуымен  Верненск  шоқ  тоғайының  негізі  салынды,  1879- 
жылы  көшеттермен  бірге  санағанда  152  мың  га      аумағын  алып  жатты.  1871 
жылы  Москвадан  қарағай,  балқарағай  тұқымдары  әкелінді,  ал  1874  жылы 
тәжірибелі  егіншілермен  боз  және  сары  қарағай,  долана,  шаған,  тұт  ағашы 
шығарылды.  Сол  жылы  Москвадан  Pinus  pinaster,  P.peuce,  P.  cembra,  Thuja 
occidentalis, Juniperus virginiana [10] тұқымдары алынды.  
Сол  уақыттарда  Қазақстан  өсімдігін  зерттеушілердің  бірінші  ірі 
экспедиция  жұмыстарының  қорытындылары  жарияланған  еді:  А.И.  Шренка  – 
бай  жинақтама,  Балқаш  және  Алакөл  көлдері  маңдарынан  жиналған, 
солтүстікте  Жоңғария,  Жоңғариялық  Алатау,  Тарбағатай  және  оңтүстік 
далаларда 1841  және 1842 жылдары F.E.Fischer et С.А.Meyer  [11] жарияланып 
шығарылды;  Г.С.Карелина,  Балқаш,  Жоңғария,  Тарбағатай,  Жоңғар  Алатау 
көлдері  алабынан  жиналған  өте  бай  жинақтама,  осы  жинақтың  бірінші  тізімі 
1840-1841  жылдары  [12,13,14]  жарық  көрді;  П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің 
[15]  1856-1857  жж.  Заилийск  және  Күнгей  Алатау,  Тянь-Шань  сілемдері  және 
жоталарынан  шамамен  1200  өсімдік  түрлері  жинақталған.  Ол  өзінің  Тянь-
Шаньға барған саяхатын 1858  ж. Жариялаған, оның жинақтары өңделіп, 1864-
1868  жж.  E.Redel  et  F.Herder  [16]  тізімдері  жарияланды.  Сол  уақыттарда 
көндіктіру  туралы  жұмыстар  белгілі  болған.  Көндіктіру  туралы  алғашқы 
комитет К.Ф.Рулье және оның шәкірті А.П.Богдановпен 1857 жылы 30 қантарда 
құрылған, ал 1860 жылы сол кісілердің талаптары бойынша «Көндіктіру» атты 
журнал  шыға  бастады;  өсімдіктердің  көндіктіру  бөлімін  белгілі  ботаник 
Н.И.Анненков басқарды [17,18].  
Санкөл  және  Нарын  өзені  маңайындағы,  Тянь-Шаньның  оңтүстік 
беткейіндегі  Қашқараға  қарай  тараған  ағаш  түрлері  туралы  О.Р.Остен-Сакен 
[19]  1867  жылы  өзінің  Занары  өңірі  саяхатынан  кейін  маңызды  мағлұматтар 
берді. 1876 жылдан бастап А.Регель Түркістан және Жетісу жерлерге  бірнеше 
саяхат  жасап,  бай  гербарий  жинақтарымен  Қаратау  тауы  және  Күльджу  мен 
Ташкенттен  Күлджуден  [20,21,22]  жасаған  өзінің  ботаникалық  экскурсия 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
13 
нәтижелері  жайлы  жариялаған.  Сол  кездері  Пишпек  қаласынын  аға  бағбаны 
1875  жылдан  1879  жылдар  аралығында  Вернск  қазыналық  бақ  меңгеруші 
болған  А.М.Фетисов  Заилийск,  Терск  және  Күнгей  Алатауға  жасаған 
экскурсиялары  жайлы  баяндаған.  Ботаникалық  жинақтар  туралы  алғашқы 
жариялым  1878  жылы  [23]  жарық  көрді.  1877  жылы  Верн  қ.  бақ  өсірушілер 
мектебі  ашылып,  басшылық  жасаған.  М.Н.Растегаев  айтқандай,  алдымен 
Ресейдін  оңтүстік  аудандары  әуесқой-бағбандары  өсірген  жеміс  түрлерінің 
барлығы  құрып  кеткен.  Сондықтан  да,  Э.О.Баум  көп  жылдар  бойы  Воронеж, 
Пенза,  Саратов,  Казан,  Волынь,  Вятск,  Курск,  Орлов  губериясы,  Москва, 
Петербург, Киев қалаларынан көшет материалдары және әр алуан ағаштардың 
тұқымдары  мен  бұталар  түрлерін  көшіріп  отырды.  Сонымен,  1875-1876 
жылдары  Верный  қ.  алма  көшеттері  (шамамен  80  түрі),  емен  көшеттері 
(Quercus  robur  L.),  үйеңкі    (Acer  campestre  L.)  және  үшкір  жапырақты 
(A.platanoides  L.),  гүлді  шаған  (Fraxinus  ornus  L.)  және  американдық 
(F.americana  L.),  қара  жаңғақ  (Juglans  nigra  L.),  қангүлді  терек  (Populus 
balsamifera  L.),  австралиялық  орамжапырақ  (Corylus  australis),  кәдімгі  қаны 
жапырақ (Ligustrum vulgares L.), батыс боз аршасы (Thuja occidentalis L.), альпі 
аршасы (Juniperus alpina), Нордмандық самырсын (Abies Nordmanniana Spach.), 
гималай  қарағайы  (Cedrus  deodara  Lond.)  әкелінді.  Бірақ,    Э.О.Баум  қайың 
тұқымдарын  Петропавлскіден,  қара  шағанды  Чарын  орман  шаруашылығынан, 
ал қараған тұқымдарына (Ulmus pumila L.) Жаркентке тапсырыс берген [24,25]. 
Сондықтан,  Бауман  бастаған  жерсіндіруді  «апатты»  деп  атауымыз  әділетсіз, 
себебі,  қайың,  қарағаш  үйеңкі,  шамшат,  емен,  жөке  ағашы,  орман  жапырақ 
тұқымдарының  егістері  қазыналық  бақ  көшеттерінде  өндіріліп  қана  қоймай, 
сонымен  бірге  Сазанов,  Отар,  Чилик,  Гавриловка  (Талды-Корған),  Сарканд, 
Үшарал,  Үрджар  көшеттерінде:  Қаракөл  көшетінде  Москвадан  әкелінген 
балқарағай  және  сібір  балқарағайы,  қанагүл  самырсыны,  кәдімгі  қарағай, 
бөріқарақат,  үйеңкі,  қандағаш  және  қайыңдар  тұқымдары  себілді.  Бұл 
көшеттерде шығынқы егістерді, олардың экологиялық мүмкіндіктеріне тексере 
жерсіндірулеріне  байқау  өткізілді,  Пишпектен  Пржевальск,  Отардан  Лепсі, 
Үшарал,  Урджарға  дейін  (шамамен  1000  км  шақырым).  Сол  кезде  әлемдік 
тәжірибеде  болмаған  бұндай  жұмысты  экологиялық-географиялық  нысан  деп 
атауға  болатын  еді.  Себебі  Э.Баум  атап  кеткендей  «ағашты-орманды  шоқ 
тоғай»  еменнен,  шағаннан,  қайыңнан,  қарағаннан,  таулы  шегіршіннен,  тау 
бетейлерде, далалы және шөлді аудандардың негізгі даңғыл жолдарда, сонымен 
қатар  елді  мекендерде  немесе  оларға  жақын  маңда  орналасқан  жерлерде 
құрылды. Күльджа және Талғар даңғыл жолдардан – бірінші және екінші Кіші-
Алматы тоғайы, әрі қарай Талғарлық (1889 ж.), Софийлық (Иссык), Тургендік, 
Маловоднилық  және  Чиликтік.  Семейлік  даңғыл  жолына  –  Верндік,  Илийлік, 
бірінші  және  екінші  Гавриловтық,  Копалдық,  Айнабұлақтық,  Конырөлендік, 
Саркандтық,  Лепсиндік,  Учаралдық,  Осиновтық,  Урджарлық.  Ташкент  даңғыл 
жолына – Тастақтық, Колпаковтық, Қарагалиндік, Қаскелендік, Ұзын-Ағаштық, 
Самсиндік,  Тарғандық,  Отарлық,  Пишпектік.  Пржевалдық  бағытына  – 
Такмалық,  Джил-Арықтық,  Сазандық,  бірінші  және  екінші  Прежевалдық 
тоғайлары.  Заилийлік  Алатауының  солтүстік  баурайынан  Верн  қ.  алыс  емес 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
14 
Аксай (1871 ж.) және Кардон тоғайларының, Қотырбұлак (1879 ж. 12 мың га), 
Камендік емен тоғайының (1888 ж.) және Иссык шатқалындағы (1880 ж., 5 мың 
га) Үлкен-Алматылық тоғайларының негіздері салынған.   
Э.О.Баум,  А.Гумбольдтың  [26],  Alph.  De-Candoll  [27,28],  К.Ф.Рулье 
[29,30],  А.П.Богдановтың  [31],  Э.Регельдің  [32],  А.П.Бекетовтың  [33,34] 
жұмыстары  бойынша  өсімдіктердің  жерсіндіру  және  көндіктірулері  жайлы 
жақсы  білгенмен,  әйтседе,  бұл  ең  алғашқы  жұмысы  болғандықтан,  сонымен 
қатар, жерсіндіру жиынтығы жағынан көлемді және аудан ортасы жағдайының 
сыналуы  әр  түрлілігіне  байланысты,  бұндай  күрделі  жұмыс  ешқашан  сәтті 
аяқталмаған.  Қазіргі  методологиялық  орындауларға  терминология  жағынан 
қарағанда,  бірақ  Ресейдің  қоңыржай  аймағының  ағаш  түрлерінің  кең 
экологиялық-географиялық  нысандарына  қарай,  өсімдіктердің  жерсіндіруін 
жаңа  географиялық  жағдайына  қарай  биологиялық  тексерістерден  немесе  ауа-
райларының ұқсастығы әдістеріне қарай сипаттама беруге болады.  
1885 жылы Верненск уезінде 400 мың жапырақты ағашта,  соның ішінде, 
көбінесе,  қарағаш,  терек,  тал  және  жемісті  өсімдіктер  отырғызылған.  Бірақ 
кейбір шөлді-далалы жерлі ауылдарда, мысалы, Маловоднида тек 450 қарағаш 
өсімдігі отырғызылған. Көшеттерде өсірілген ассортименттерінің негізгі бөлігі 
терек,  тал,  шаған,  қайың,  емен,  және  әсіресе  көп  бөлігі  100  және  150  пұт 
қарағаш  тұқымдары  кездесетіні  кездейсоқ  емес.  Қарағайдың  және  кейбір 
қылшақты  және  көптеген  жапырақты  ағаштардың  түрлері  ойдағыдай  жерсінуі 
жайлы орта жағдайларына және Верн және Пишнек қалаларындағы қарағайлы 
саябақтың  (кейін  Дзержинск  саябағы),  собор  алаңындағы  саябақтың  (28 
Панфилов-гвардейцтер  ат.  саябақ),  Жаркент  уезіндегі  Борохудзирлік  жемісті 
бақтың  (1871  ж.,  33  мың),  Джангиз-Ағаш  Копалдық  уездегі  жемісті  бақтың 
(1878  ж.,  2  мың),  Саркандағы  тоғай  және  көшеттердің  (1882  ж.,  20  мың), 
Урджардағы бақтың (1882 ж., 4 мың) қазыналы бақтарының және көшелерінің 
жасылдандыруларына  байланысты  екендігін  көрсетеді.  1893  жылы  Верненск 
және  Пишпектік  уездарда  27  көшеттер  жұмыс  істеген.  Шөлді-далалы  және 
далалы  аудандарда  шөлге  және  суыққа  төзімділігіне  қарай,  топырақ 
талғампаздығы  және  салыстырмалы  түрде  көшеттерде  жеңіл  өсірілетіндіктен, 
көбінесе қарағаш отырғызылған (Гаврилов, Сарканд, Лепсин, Учарал, Урждар, 
Отар).  Бірақта,  Сарканд  орманды  саяжайына  1906  ж.  шырша,  қарағай  және 
майқарағай  тұқымдары  әкелінді,  бірақ,  Э.О.Баум,  қарағаш  осы  аудан 
жағдайына  ыңғайлы  келеді  деп  ойлады.  Әрине,  Э.О.  Баум  алдында  айтылған 
белгілі  флорист,  географ  зерттеулер  нәтижелерімен  жақсы  таныс  болған, 
әлбетте  Қара-Тау  және  Тянь-Шань  және  1865-1868  жж.  Нарын  және  Аксай 
өзендері  бастауларына  дейін  көтеріліп,  экспедиция  жасаған    Н.А.Северцев 
жұмыстары  да  белгілі  еді.  Болашақ  жануартанушы  ретінше  оны  көбінесе 
хайуанаттар  әлемі  қызықтыратын,  бірақ  геологиялық  құбылыстар  мен  1867, 
1869, 1873 жж. жарық көрген зерттеулеріндегі ботаникалық баяндаулары едәуір 
орын алды [35,36,37].  
Іле,  Лепсі  өзен  аңғары  мен  Балқаш  өзен  маңайындағы  ағаш  өсімдіктерін 
А.М.Николдың [38] физика-географиялық және зоологиялық белгілері жағынан 
түсіндіріп берді. Балқаш өзені, Іле, көлі, Шу-Илийлік тауларына, алдыңғы және 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
15 
А.Н.Красновтың  орталық  Тянь-Шань  1886  жылы  экспедиция  нәтижесі 
бойынша,  осы  аудан  [39]  өсімдіктеріне  түсінік  беретін  бірнеше  жұмыстары 
пайда  болды.  Жоңғар  Алатауының  Солтүстік  беткейде  қылқанды  жапырақты 
орман  жайлы  алғашқы  рет  Р.Закржевский  [40]  ашты.  Оңтүстік  Алтайдағы 
өсімдіктер дүниесі жайлы О.А.Федченко және Б.А. Федченко [41] жазды. Орал 
облысы ормандарының жағдайларын қорытындылай келе, Ф.Дергит [42] Темір 
қазыналық орман мекемесі орманшаруашылығы бағытын мысалға ала отырып 
толық түсінік берді.  
С.Ю.Рунер  [43]  Түркістан  таулы  орманын  зерттей  келе,  оның  су  сақтау 
және  топырақ  сақтаушылық  қасиеттеріне  ғана  көп  көңіл  бөлмей,  сонымен 
қатар, сол өлкенің су шаруашылығына қандай әсер тигізетініне тоқталды. 1902 
жылы  В.В.Сапожниковтың  Семиречье  облысына  жасаған  іссапары  жайлы 
есебін  өсімдіктер  туралы  баяндамасымен  1903-1907  жж.  [44,45,46]    жазып 
шағарды.  Орта  Азияның  өсімдіктер  дүниесі,  Түркістанның  ботаникалық 
зерттеулер  тарихын  және  орман  өсімдіктері  жайлы  белгілі  ботаник 
В.И.Линский  [47,48,49,50]  өзінің  жұмыстарында  жазды,  ал  В.В.Резниченко 
[51,52]  жаратылыстану-тарихи  сипаттамасын  және  оңтүстік-батыс  аудандары 
ормандарының сипаттамасын жасаған.  
В.А.Палецкий  [53]  Орта-Азия  теміржол  бойы  құмдардың  бекітіп  тастау 
мүмкіндіктерін  зерттей  келе,  өсімдіктердің  түрлеріне,  оларды  осы  мақсатта 
пайдалануға  болатындығын  сипаттап  берді,  сонымен  қатар,  1914  жылы 
құмдардың бекітіп тастау кезінде өсімдіктердің табиғи алмасу туралы жұмысы 
жарық көрді [54]. 
Ақмола  және  Семей  облыстарының  қазыналық  ормандары  туралы  толық 
сипаттама  В.Барышевцевтың  [55]  еңбегінде  көрсетілген.  Жетісу  ормандары 
және  оны  қорғау  мәселелері  жайлы  А.А.Андреевскийдің  [56]  1914  жылғы 
еңбегінде  басылып  шыққан.  М.Н.Пташицкий  [57,58]  топырақты-ботаникалық 
зерттеуге қатыса отырып Іле көлі хауызындағы өсімдіктерге сипаттама берген, 
ал  В.Н.Шнитников  [59]  Жетісу  ормандарына  жалпылама  сипаттама  берген. 
1916  жылы  В.С.Титов  А.И.Бессоновтың  [60]  жетекшілігімен  топырақты-
ботаникалық  экспедицияға  қатыса  отырып,  Верненск  уезіндегі  өсімдіктерге 
сипаттама  берген,  сол  жылы  Р.И.  Аболиннің  Верненск  уезінің  топырақты-
ботаникалық сипаттамасы бар еңбегі жарыққа шықты [61].  
Сонымен, 
Э.О.Бауманның 
жерсіндіру-жасылдандыру 
жұмыстары 
басталғанға  дейін  және  оның  қызмет  бабында  география,  өсімдіктер  жайлы, 
олардың  түрлері,  су  сақтау  және  қорғау  қасиетіне,  көндіктіру  теориясы, 
оңтүстік,  оңтүстік-шығыс,  болашақ  Қазақстан  шығысындағы  топырақ 
сипаттамаларында,  және  де  жалпы  Түркістан  туралы  мағлұматтарында 
кемшіліктері болған емес, ал бұл ғалым орманшы жұмыстарының бағыты мен 
әдісі  белгісіз  еді,  дәлел  ретінде  Э.О.Бауманның  бірнеше  өте  маңызды  және 
қазіргі  уақытқа  дейінгі  пікірі,  таулы  және  жазық  ормандарды  сақтауда, 
алаңдарды  жаңа  егістермен  кеңейту,  Жетісу  суының  бұлағын  коректендіретін, 
қар еріген кезде су ағысын реттеу кезінде мұнда «судың әрбір тамшысы есепте 
болу  керек»  дегендей  жағдай  жасау  болып  табылады.  Көпшілік  жағдайда 
Ресейдің  орталық  аудандарынан  әкелінетін    жемісті  түрлердің  жерсіндіру 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
16 
жетістігі, 1912 жылы Верненск уезінде шамамен 4000 мың га алаңда, шамамен 
3000 мың бақ құрылуына мүмкіндік жасады. Бұл ағаш түрлерін, әсіресе жемісті 
өсімдіктер түрлері, сол сияқты жаңа орта жағдайына аса сезімтал өсімдіктерді 
жерсіндіруге ғылыми тұрғыдан терең ұғынуға негіз болатын, дәлел болып отыр.  
1917-1924  жж.  революция  және  революциядан  кейінгі  қиыншылықтарға 
қарамастан, Орта Азия мен Қазақстанға ботаникалық экспедициялар жалғасын 
тапты.  1921  ж.  жазда  М.Г.  Попов  Угам  көлі  маңынан  (Черчиктің  оң  жақ 
тармағы) экспедиция жұмыстарын жүргізген  және 1922 жылы осы экспедиция 
жайлы 
ботаникалық 
қорытындыларын 
жарыққа 
шығарды 
[62]. 
Н.В.Шипчинский  Семей  облысына  (Зайсан  ауданы)  барған  сапарында  талдың 
жаңа  түрлеріне  және  қайыңға  [63,64]  сипаттама  берген,  ал  1925  жылы 
Н.В.Павлов  Торғай  облысын  зерттей  келе  оған  ботаника-географилық 
мінездеме беріп арал орамандарына сипаттама берді [65,66]. Кейінгі жылдарда 
геоботаникалық және ботаникалық зерттеулерге тоқтатылған жоқ. Т.Попов [67] 
Зайсан шұңқырының Calligonum L. жаңа түрлеріне сипаттама берді. М.Г.Попов 
өзінің зерттеулерін Орта Азия мен Қазақстанда жалғастырды, оның нәтижелері 
1927-1934 жж. жарық көрді. Онда Орта Азиядағы өсімдіктер дүниесінің дамуы, 
жабайы  жемісті  ағаштар  мен  бұталардың,  сонымен  қатар,  Алматы  қ.  маңында 
[68,69,70]  тіршілік  ететін  жабайы  жемісті  ағаштарға  сипаттама  берді.  1933 
жылдан 1938 жылдар аралығында Алматы қ, Қазақ  КСРО ғылым Академиясы 
Ботаникалық  секторының  жетекшісі  қызметін  атқара  жүріп,  М.Г.Попов 
Заийлинск  Алатау  [71]  жабайы  жемісті  ормандарын  зерттеу  жұмыстарын 
жалғастырды.  1940  жылы  М.Г.Попов  Алматы  Мемлекеттік  қорығының 
өсімдіктер  дүниесін,  ал  1941  жылы  Заийлинск  Алатауының  [72,73]  жоғары 
белдеуіне сипатта берген.  
Осы  жылдары  Қазақстанның  Орал  өзені  аңғарындағы  [74],  Бетпақ-Дала 
шөлінің  өсімдіктерін  және  Қарсақпай  жазығындағы  [75]  өсімдіктер  дүниесін 
академик  Н.В.Павлов  зерттеген.  1935  және  1938  жж.  оның  Орталық 
Қазақстандағы  өсімдіктер  дүниесі  жайлы  еңбектері  [76,  77],  ал  1947  жылы  – 
оңтүстік  Қазақстандағы  өсімдіктер  қоры  және  1949  жылы    «Қазақстанның 
өсімдіктер шикі заты» атты қорытынды еңбегі шығарылды [78,79].  
Алдыңда  айтылған  еңбектер,  көбінесе  ағаш  және  бұталы  түрлерінің, 
жасылдандыру  жұмыстарының  ареалдарының  кеңеюіне  және  бұрын 
отырғызылмаған  жабайы  түрлерін  отырғызылуын  енгізу,  жерсіндіру  мен 
көндіктіру  жетістігінің  себебінен  болды.  Бұл  1933  жылы  Қазақ  КСРО  ғылым 
академиясының  филиалы  Ботаникалық  секторының  құрылғандығын  көрсетеді. 
Сол  жылы  ботаника  Институты  құрамында  Қазақ  ҒА  КСРО  филиалы  Алматы 
ботаникалық  бағы,  кейінірек  1946  жылы  Президиумына  бағынатын  жеке 
ғылыми-зерттеу  орны  болды.  1936  жылы  П.С.Чабан  Қиыр  Шығыстан 
ботаникалық  баққа  арнайы  маньчжур  жаңғағын  (Juglans  mandshurica  Maxim), 
маньчжур  жөке  ағашын  (Tilia  mandshurica  Rupr.  et  Maxim.),  амур  бархатын 
(Phellodendrom  amurense  Rupr.),  шегіршін  (Ulmus  propinqua  Koidz.),  амур 
жүзімін (Vitis amurencis Rupr.) әкелді. Олар барлығы жақсы жерсініп кетіп, осы 
уақытқа дейін гүлдеп, жемістерін беруде.  

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
17 
1939  жылы  «Жасыл  құрылыс»  жинағында  Н.В.Шипчинскийдің  Балқаш  қ. 
жасылдандыру  жұмыстары  кезінде  шөл  және  шөлді-дала  аймақтың  жабайы 
түрлері  енгізілген  мақаласы  шықты.  Н.В.Шипчинский  кейінгі  жылдарын  да, 
Балхаш [80,81] маңайын жасылдандыру жұмыстарына көп көңіл бөлді, ал 1946 
жылы  «Теоретические  и  практические  основы  зеленого  строительства  в 
пустынных  и  полупустынных  зонах  Казахстана»  («Қазақстан  аймағындағы 
шөлді және шөлейтті жасыл құрылыстың теориялық және практикалық негізі») 
атты  кандитаттық  диссертация  авторефератында,  шөлді  және  шөлейт 
аудандарда  түрлерінің  әр  алуандылығы  әлі  зерттелмеген  [82]  деген  ойын 
жеткізді. Балқаш қаласын жасылдандыру мәселелеріне тағы да, 1950 жылы [83], 
жасылдандыруға  енгізілген  6  түріне,  1935  жылдан  бастап  Балқаш  қаласын 
ботаникалық бағында сыналған 23 түріне, әлі де толық тексерілмеген 24 түріне  
(соның ішінде жасылдандыруға жарамайтын), қалалы жасылдандыруға міндетті 
түрде  кіргізілетін  жергілікті  жабайы  өсімдіктер  дүниесінің  8  түріне    және 
бақтар  мен  саябақтарды  безендіру  үшін  қолданылатын  біржылдық  гүлді-
безендіру өсімдіктернің 62 түріне сипаттама беріп оралды. 
Қазақстанның  оңтүстігінде  ағаш  түрлерін  жерсіндіру,  әсіресе  Алматы 
қаласын  жасылдандыруды  қайта  құру.  М.Г.Попов  және  П.С.Чабан 
жұмыстарында  көрсетілген  [84].  1941  жылы  П.С.Чабан  Алматы  қаласы 
ағаштарының  түрлерін  көндіктіру  нәтижелерін  сипаттаған.  Б.А.Быков  және 
Е.Лубенец  [85]  Алматы  қаласының  ағаштарымен  бұталарына,  оның  ішінде 
көпшілігі  жерсіндірме  түрлеріне  сипаттама  жасаған.  Кейінірек  Б.А.Быков  [86] 
Чарын  жайылмасындағы  бірден-бір  шаған  орманнына  сипаттама  беріп,  таулы 
орман-мелиорациялық  жұмыстар  [87]  бағытына  нұсқау  жасаған.  Қазақ  ҒА 
КСРО 
филиалының 
Ботаникалық 
бағы 
(ағаш 
түрлеріне) 
секторы 
жұмыстарының  қорытындылары  және  ботаникалық  бағының  арборетум 
жұмыстары  нәтижелері  жайлы  Б.М.Козо-Полянский  баяндаған  [88,89].  Оның 
1948  жылы  жарық  көрген  еңбегінде,  Б.М.Козо-Полянский  Заилийск  Алатау 
мәдени  аймағына  «ең  алдымен  Алма-Ата  қаласы  маңындағы  «көлбейген 
жазықтыққа»  ағаштар мен бұталардың шамамен 100 түрін кірістіруге ұсыныс 
берген.  Басқа  аудандар  үшін  автор  «сол  жерде  тексеру  жеткілікті  деп» 
есептеген.  
Қазақстан Алтай өсімдіктерінің жерсінуі және көндіктіру қорытындылары 
туралы  проф.  О.В.Троицкая  [90]  көгалдандыруға  ұсақ  жапырақты  балқарағай, 
тікенекті шырша, кулундиялық қарағай, аласа арша, қарапайым шаған, суыққа 
төзімді жасыл шаған, берлинск және москвалық терек, манчжур жаңғағы, 50ºС 
төмен  суыққа  төзімді  бұталы,  жемісті-жидекті  дақылдар,  әсемдік  және  емдік 
шөпті  өсімдіктерді  енгізуді  ұсынған.  Балқаш  қаласы  өсімдіктерін  өте  қиын 
жағдайда  көндіктіру  жұмыстары  проф.  О.В.Троицкая  [91]  алдын-ала 
құрылымды  игеруді,  органикалық  нәрлі  затпен,  сортаң  немесе  жердің 
сортаңдануын  тұрақты  және  қатты  топырақты-климатты  жағдайда  жиде  мен 
қараған  тұқымдарын,  топырақты  азотпен  құнарландыруды  немесе  екіқабатты 
отырғызуды  ұсынған.  Бірінші  қабатта  емен  өсімдігін  қорғау  үшін  жиденің 
өсімталдығына қарай және «тон» ретінде, сонымен қатар қыстың суық желінен 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
18 
қорғағыш  қасиетіне  қарай,  ал  суыққа  төзімсіз  мырзатеректің  орнына    көбіне 
қара теректі енгізген.    
Мырзатерек (Populus pyramidalis Rozier), манчьжур жаңғағы, амур бархаты 
және  басқа  да  Қиыр  шығыс,  сонымен  қатар  Солтүстік  Американдық 
өсімдіктердің  жерсіндіру  түрлерінің  биология,  экологиясын  А.М.Мушегян  
[92,93,94,95,96] зерттеген. А.М.Мушегян 1951 жылы Алматы ботаникалық бағы 
жағдайында  [97]  Солтүстік  Америка  және  Қиыр  Шығыс  ағаштарының  18 
түрлерінің    дәрежелерін  сұрыпталуына  қарай  жерсіндіруне  сипаттама  берген. 
Келесі  жылы  оның  «Культура  древесных  экзотов  в  Алма-Ата»  кітабы  шықты. 
Автор  Солтүстік  Американдық  және  Қиыр  Шығыстың  ағаш  тектеріне 
сеппекөшет  өсіруде  агротехникасын  көрсету  мен  көгалдандыру  және 
орманшаруашылығын қолдануда, [98,99] ағаштардың 38 түрінің морфологиясы, 
фенологиясы,  өсуінің  биіктігі  мен  диаметрінің  орта  жылдық  өсімі,  көлеміне 
қарай  ағымды  өсу  процентіне  толықтай  сипаттама  берген.  1947-1950  жж. 
аралығында  Алматы  ботаникалық  бағының  арбортумында  ағаштармен 
бұталардың  шамамен  1000-ға  тарта  түрі  бақыланған,  оның  ішінде  100  түрі 
көндіктірілген  болып  саналған,  ал  өндіріске  70  енгізілген  [100].  Жұмыстың 
авторы  Алматы  қаласын  Қазақстанның  солтүстік  аудан  мен  облыстарында 
өсімдік  түрлерін  көндіктіруде  әрі  қарай  ілгері  басуларына    баспалдақ  ретінде 
қарастырады.  
Келесі  жылдары  А.М.Мушегян  Қазақстан  ағаш  өсімдіктерінің  түр-тұқым 
құрамына  қарай  зерттейді  [101,102,103],  қайыңның  жаңа  түрлерін  (Betula 
alatavica  Mush,  B.Crassijula  Musheg.)  [104],  жидені  (Elaeagnus  iliensis  Mush.) 
[105],  және  Қазақстанның  дендрология  ауданын  [106]  сипаттайды.  1959  жылы 
А.М.Мушегянның  редакциясымен  «Деревья  и  кустарники  Алма-Атинского 
ботанического  сада»  атты  еңбегі  шығады,  онда  жерсіндіру  жұмыстарының  22 
жылдық кезең аралығындағы ағаштармен бұталардың әртүрлілігі және пішініне 
қарай  730  түріне  сипаттама  берілген.  Онда  өз  уақыттарында  ҒА  КСРО  мүше-
корреспонденті,  профессор  Б.М.Козо-Полянский,  биология  ғылымдарының 
кандитаттары  П.С.Чабан,  Б.К.Скупченко,  А.М.Мушегян,  В.Г.Рубаник,  ғылыми 
қызметкерлер А.Ф.Мельник, А.Смагуловтар қатысқан. Өсімдіктерді көндіктіру 
баспалдағы  өсу  мен  даму  сәйкестігі  мен  20  тобын  қарастырған 
А.М.Мушегянның суыққа төзімділігі шкаласымен бағаланады [107]. 1962 және 
1966  жж.  А.М.Мушегян  өзінің  терең  зерттеулерін  «Деревья  и  кустарники 
Казахстана» атты екі томдық еңбегімен аяқтайды [108-109]. 
1960  ж.  В.Г.Рубаник  ҒА  КазКСРО  Республикалық  ботаникалық  бағының 
25  жылдық  жұмыстарын  қорытындылай  келе,  дендролгия  бөлімі,  жерсіндіру 
мен  көндіктіру  тақырыптарын  жетілдіре  отырып,  700-ге  тарта  атауы  бар,  42 
тұқымдас  және  124  туыстыққа  жататын  ағашты-бұталы  түрлер  жинағы  бар 
екендігін  атап  кеткен.  Әсіресе  көпшілігі  Acer  L.-15,  Betula  L.-20,  Crataegus  L.-
32,  Pinus  L.  21,  Picea  Dietr.  –  13,  Populus  L.  –  26,  Spiraea  L.-32  тұқымдастар 
құраған.  Көп  жылдар  бойы  бағалы  түрлерінің  фенология,  суыққа  төзімділігі, 
жеміс  салу,  сәндіктігі  [110]  зерттелуде.  Орталық  ботаникалық  бағындағы 
Gymnospermae  түрінің  кеңінен,  жан-жақты,  биологиялық  талдау,  экологиялық 
ерекшеліктеріне  қарай,  онтонегездегі  туыстық  жиынтық  құрамына  қарай 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
19 
сыналуы  1953  жылы  басталды.  Өсу  динамикасы,  мерзімдік  дамулары, 
генеративты  мүшелердің  морфогенезі,  тұқым  таратушылығы  зерттелді,  195 
түрінің  қысқы  төзімділік,  құрғақшылыққа  төзімділігі  мен  ыстыққа  төзімділік 
бағасы жасалып, нәтижесінде перспективалы, әрі қарай сынауды қажет ететін, 
перспективалы емес және құрыған болып бөлінді. Осындай голотұқымдастарды 
сынау  жұмыстың  17  жылдық  нәтижелері  В.Г.Рубаник  1974  жылы  шыққан 
монографиясында  мазмұндады.  Болашақта  Қазақстанға  өндірістік  сынауға  28 
түрімен  3  гибрид,  14  түр  мен  18  декоративті  түрі  ұсынылған  [111].  Батыс 
Европадан,  Европа  бөлігінен,  Қырымнан,  Кавказдан  әкелінген  ағаштармен 
бұталардың  248  түрлердің  мінездемелерімен  қысқа  төзімділік,  мерзімдік 
дамуларына,  көбею  ерекшеліктеріне,  ыстық  пен  құрғақ  ауаға  төзімділігіне 
қарай 
көндіктіруді 
В.Г.Рубаник, 
Т.А.Жеронкин 
[112] 
30 
жылдық 
жұмыстарының нәтижелерін мәлімдеген, ал ағаштар мен бұталардың 325 түрін 
Алматы  жағдайында  жерсіндіру  олардың  өсу,  даму  және  көндіктіру 
нәтижелерін  сипаттап,  В.Г.Рубаник,  И.Н.Солониннің  [113]  көпшілігі  аралас 
қылқанды  жапырақты  және  Аласа  таулы  ксерофитті  ормандардың  150  түрге 
тарта түрлерінде өндіруді ұсынған.  
Қазақстан  Республикасы  ботаникалық  бағының  кейбіреулері  қуаңшылық 
аймақтарда  орналасқан  (Қарағанды,  Жезқазған,  Іле  және  Манғышлақ)  ағаш 
түрлерінің  жерсіндіру  нәтижелерін  И.О.Байтулин  мен  В.Г.Рубаник  талдаған 
[114].  Авторлардың  айтуларынша,  ботаникалық  бақпен  біркелкі  топырақты-
климатты  зонада  шамамен  өсімдіктердің  225  түрі  мен  формаралы  ұсынылған: 
Алматы  қаласын  көгалдандыру  үшін  176,  соның  ішінде  23  түрі  қылқанды, 
Жезқазған мен Қарағанды облыстары үшін, сәйкесінше 76 және 5, 170 және 17; 
Оңтүстік Балқаш – 54 және 1, Шығыс Қазақстан үшін – 117, оның ішінде 20-сы 
қылқанды  түрі.    Сонымен  қатар  осы  жұмыста  Иссык  екпе  тоғайдағы  кәдімгі 
қарағайдың  14  жыл  ішіндегі  өсу  динамикасы  келтірілген,  яғни  негізгі 
ботаникалық бақтағы 1980 жылдағы өсуі мен биіктік деңгейіне қарағанда жетіп 
алған [114].  
Тәжірибелі-көрсеткішті орманды тұқымбағы екпе тоғайдағы соңғы 20 жыл 
ішінде  жерсіндіру  кезіңдегі  жағдайы,  өсу  мен  дамуында  өкінішке  орай  нақты 
жарияланулар болған емес. 
Республикадағы  орманшаруашылығы,  жерсіндіру  және  ағаш  түрлерінің 
селекциясы  төңірегендегі  зерттеулер  мен  тәжірибелі  жұмыстар  Қазақ  ұлттық 
агроуниверситетінің  орманшаруашылығы  факультетіне  қарасты.  1948  жылы 
ашылған  жоғары  білікті  орман  шаруашылығы  мамандарының  «ұстаханасы» 
ғана  емес,  сонымен  қатар,  биология  ғылымының  жетілуіне  маңызды  үлес 
қосып, жаңа биолог-ғалымдардың ғылыми еңбектерінің дамуына жол ашты.  
1951  жылы  А.Н.Протасовтың  «Лесные  питомники  Казахстана»  [115],  ал 
1965  жылы    «Типы  лесных  культур  Казастана»  [116]    атты  күрделі  еңбектері 
жарық көрді, онда автор өсімдіктердің бағалы түрлерінің (емен, грек жаңғағы, 
ақ  тұт  ағашы,  сібір  қарағайы,  сібір,  даур  балқарағайлары  және  басқалары) 
көшет  материалдарының  отырғызылуының  озық  тәжірибелі  ғылымның  даму 
жетістіктері  туралы  жұмыс  тәжірибелерін  жинақтап  қорытты.  Алдыңда 
айтылғандай,  1966  жылы  профессор  А.М.Мушегян  дендрогологиялық 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
20 
зерттеулерін  аяқтай  келе,  «Деревья  и  кустарники  Казахстана»  [108,б.18; 
109,б.18]  докторлық  диссертациясын  қорғай  отырып,  «Экологические  основы 
лесоразведения  в  подпоясе  еловых  лесов  Северного  Тянь-Шаня»  [117]  атты 
көпжылдық  зерттеуін  аяқтады.  Онда  Тянь-Шаньның  [118]  орман  өсімдіктерін 
аудандастыру  жұмысы  орындалған.  Солтүстік  Тянь-Шань  таулы  жағдайында 
өсіп  жетілу  классификациясы  ұсынылған,  экологиялық  құңдылығы  аз 
«қарағайлы-балқарағайлы  жарамды»  және  «қайынды  жарамды»  [119]  түрлері 
анықталған.  1997  жылы  ғылым  мен  орманшаруашылығын  жетілдіру  үшін 
көшет  материалдарының  отырғызу  кезіңде  жеткен  жаңа  жетістіктер  туралы 
айтылған «Лесные питомники в Казахстане» [120] атты кітабы шықты.  
Профессор  П.П.Бессчётов  Қазақстаннан  басқа  шет  жақтарда  [121] 
қолданылатын  еменнің  (Қазақстандық,  Қайрат  және  т.б.)  құнды  түрлері  үшін 
будан жасады.   
1989 
жылы 
ауылшаруашылық 
ғылымдарының 
кандидаты 
А.П.Марковиннің  басшылығымен  орман  шаруашылығы  факультеті  ғылыми-
қызметкер-түлектер тобы профессор А.И.Медведеевтің ғылыми жетекшілігімен 
Талғар  қаласы  «Солдатское»  шатқалында  «Клон»  атты  агрофирма  құрылды. 
Зерттеу  жұмыстармен  өңдірістік  қызметтерді  бір  жерге  ұйымдастырудың 
арқасында,  сонымен  қатар  өзін-өзі  қаржыландыру  арқылы,    ағашты-бұталы 
дақылдардың  селекциясы,  емдік  өсімдіктердің  жерсінуі,  техникалық  жағынан 
құнды  зерттеулер  орындалды  [122].  Мұнда  итмұрын,  шырғанақ  (шамамен  30 
пішіні)  және  негізгі  орталық  селекциясынан  басқа  да  түрлері  мен  сорттары 
жиналған. 
Осыны негізге ала отырып доцент В.И.Сахаров өсімдіктердің генетикалық 
түраралық  және    ішкі  аралық  байланыстарын  жаңа  теориялық  ыңғайын  оқып 
білуге  математикалық  әдістерді  өзгермелі  сандық  белгілерінің  талдауын 
қолдана отырып зерттеген [123,124,125].  
1994  жылы  В.И.Бессчётов  «Полиморфизм  казахстанских  популяций 
облепихи  крушиновидной  (Hippophae  rhamnoides  L.)  по  хозяйственным  и 
адаптивным  признака»  атты  зерттеуін  аяқтап,  докторлық  диссертациясын 
қорғады  [126],  онда  ол  «Клон»  агрофирмасында  құрылған  шырғанақ 
сорттармен пішіндерінің жиынтығын табысты қолданған.  
1996  жылы  Е.Ж.  Кентбаев  «Эколого-физиологическое  обоснование 
ведения  облепихи  в  культуру»  [127]  атты  кандидаттық  диссертациясын 
қорғады,  ал  2007  жылы  «Клон»  [128]  агрофирмада  жинақталған  материалдар 
бойынша  «Эколого-лесоводственное  и  селекционные  основы  плантационного 
разведения  Hippophae  rhamnoides  L.  на  юге-востоке  Казахстана»  атты 
докторлық диссертациясын қорғады.  
Қазіргі  кезде  Астана  қаласы  бойынша  өсімдіктерді  жерсіндіру  туралы   
Е.Н.  Нысанбаевтың  [129]  еңбектері  жатады,  бұл  еңбектерде  Қазақстан 
Республикасы Астанасын жасылдандырудың көпжылдық нәтижесі көрсетілген. 
Астана  қаласын  қылқанды  жапырақты  жерсіндірме  түрлерін  туралы    
Ж.Ж.  Жұмағұловтың  [130]  еңбектерінен  кездестіруге  болады.  Бұл  ғылыми 
еңбектерде  қылқанды  жапырақты  ағаштардың  негізінде  қазіргі  қаланың 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
21 
техногендік    жағдайының,  нашар  экологиялық  факторларарына  әсерлері 
көрсетілген. 
Астана қаласының топырақ климаттық жағдайы өте күрделі екені баршаға 
мәлім,  сондықтан  көгалдандыру  жұмыстарында  көшеттерді  өсіруде  көптеген 
қиыншлықтар 
кездесуде. 
Н.Б.Сейдабзалов, 
Ж.Т.Боранбай 
және 
Т.С.Абжановтың [131] еңбектерінде Астана қаласында жапырақты ағаштардың 
ішінде интродукциялау мақсатында теректің бірнеше түрлерін енгізу қажеттігі 
атап  көрсетілген.  Терек  ағашы  топырақтың  сортаңдануына  төзімді  ағаш  екені 
белгілі,  сонымен  қатар  халық  шаруашылығында  да  маңызы  зор  ағаш.  Терек 
ағашы  сәндік  ағаш  ретінде  де саябақтарда  жиі  өсіріледі.  Авторлардың  зерттеу 
жұмысында  терек  екпелерінің  «Жасыл  Аймақ»  РМК-сы  аумағында  өсу  және 
даму  жағдайын  зерттеген,  яғни  дәстүрлі  ағаш  түрлері  ақтерек,  көктерек  және 
қара терек ағаштарынан басқа да, жаңадан енгізілген интрордуцент түрлері де 
қамтылған,  атап  айтқанда  болле  терегі,  қазақстан  терегі  және  үшжемісті 
көктерек  ағаштарын  жерсіндіру  ұсынылған.  Сонымен  қатар  Ж.Т.Боранбай, 
А.Х.Нурущев  және  Т.С.Абжановтың  [132]  Ақмола  облысы  аумағындағы 
қорғаныштық  орман  алқаағаштарына  жүргізген  зерттеу  жұмыстарында 
жапырақты ағаштарының ішінен, теректен басқа, ұсақжапырақты шегіршін мен 
қотыр  қайыңға  да  көңіл  аударуды  ұсынады.  Авторлардың  зерттеу 
жұмыстарында  ұсақжапырақты  шегіршіннің  жас  кезінде  жақсы  өсетіні, 
қуаңшылыққа  тұрақты  екені  және  топырақ  тұздалуына  төзімділігі  атап 
көрстеліген. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет