3 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
3.1 Бағалы тұрақты және сәнді интродуцент түрлерінің қалыптасуы
Зерттеу объектілері Астана қаласы жағдайында 2013 жылдың көктемінде
интродуцирленген ағаш түрлері болды. Ағаш түрлерінің таңдалуы Астана
қаласында өсіп жатқан өсімдіктердің есебімен жүргізілді, ал енгізілген жаңа
өсімдіктер биологиялық және экологиялық ерекшеліктері бойынша өсудің
жаңа жағдайларына сәйкес болуы тиіс.
Осы жағдайға қарап, 2013 жылы Алматы облысының «Орман тұқымбағы»
АҚ автокөлікпен жеткізілген 13 ағаш түрінен тұратын өсімдіктердің алғашқы
тобы жерсіндірілген.
Өсімдіктер бірдей үш түрлі топқа бөлінген. Барлық үш түрлі өсімдіктер үш
тәжірибелі нысанға отырғызылған. Зерттеулер жүргізген кезде жалғыз
ерекшелік принципі толық сақталған, айырмашылықтары тек тәжірибелі
нысандарында белгіленген.
Өсімдіктің дамуы мен өсуі бойынша мүмкін ерекшеліктері тәжірибелі
нысандардың микроклиматына тәуелді болады.
Зерттеу бағдарламасына келесі сұрақтар енеді:
1. Бағалы тұрақты және сәнді интродуценттердің түр түрінің қалыптасуы.
2. Ұсынылған интродуценттердің тесттік қондырғыларын жүргізу.
3. Жапырақ қатпарларындығы биоморфологиялық параметрлері бойынша
интродуценттердің салыстырмалы бағасы.
4. Ағаш түрлерінің жапырақ қатпарларындағы ауыр металлдардың
экологиялық - биологиялық ерекшеліктерінің жинағының анықталуы.
Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерінің нақты анализы және Астана
қаласының орман тұқымбағындағы ағаш қондырғы материалының түрлері
негізінде, сонымен қатар әдеби көздер мен жеке бақылауымыздан Астана
қаласы жағдайында интродукцияға белгіленген 50 бұталар мен ағаштарының
түрлері құралды.
3.2 АҚ «Астана - Көгалдандыру құрылысы» бірігіп ұсынылып
отырған интродуценттердің тесттік отырғызуын жүргізу
Тесттік отырғызуын және кейінгі зерттеуін жүргізу үшін Астана
қаласында, әр бөлігінде орналасқан үш контрастілі экологиялық нысандар
таңдалды (1 сурет).
Осы тәжірибе нысандарында келесі өсімдіктер отырғызылған: Сары
қараған - Сaragana arborescens; Алша - Prunus divaricate; Бұталы аморфа -
Amorpha fruticosa; Амур барқыты - Phellodendron amurense; Үштікенді
гледичия - Gleditsia triacanthos; Вавилон талы - Salix babilonica; Гиннал үйеңкісі
- Acer ginnala; Емен жапырақты магония - Мahonia aquifolia; Маньчжур
жаңғағы- Juglans mandshurica; Симон терегі -Рopulus simonii; Аралық форзиция
- Forsythia x intermedia Zabel; Кәдімгі мойыл - Рadus avium; Кәдімгі арша (п.
шар тәрізді) - Fraxinus excelsior L.
43
Бірінші тәжірибелі нысаны; «Бейбітшілік және келісім» сарайының
жанындағы президент паркінде орналасқан.
Екінші тәжірибелі нысаны; «Хан Шатыр» сауда ойын сауық
орталығының жанындағы Ғашықтар паркінде орналасқан.
Үшінші тәжірибелі нысаны; «Қазақстан спорт» орталығының жанындағы
Студенттер паркінде орналасқан.
.
Сурет 1 – Тәжірибелі нысандарының орналасу схемалары
Жапырақ
қатпарларындағы
биоморфологиялық
параметрлері
бойынша интродуценттердің салыстырмалы бағасы
Нақты орташа көрсеткіш алу үшін 10-40 ағаш және бұта түрлері жеткілікті
[217].
Зерттеуге арналатын жапырақтар ұшарбастың ортасындағы бөлігінің шеткі
аймағы бойынша жақсы жарықтанған өркендердің орталық бөліктерінен 30
44
данадан алынған. Бұл мөлшердің жеткіліктілігі N=20-30 саны болғандағы
Стьюдент нақтылық критерий t˃3 және тәжірибе нақтылығы 5% шегінде
болғандағы алдын ала есептеулермен бекітіледі. Жапырақ қатпарларының ені
мен ұзындығын нақтылығы 1 мм дейінгі сызғышпен анықтаған [218,219].
3.3 Ағаш түрлерінің жапырақ қатпарларындағы ауыр металдардың
экологиялық - биологиялық ерекшеліктерінің жинағының анықталуы
Астана қаласының жасыл көшеттері үлкен рөл атқарады, бірақ олардың өзі
техногенді қала жағдайларында түрлі және спецификалық, қала көшеттерінің
өсуіне, қала өсімдіктеріне көп әсер ететін ортаның негізгі факторларының
(топырақты гидрологиялық жарықты және температуралық режимдер) әсеріне
ұшырағыш болып келеді.
Жарықты режим: тозаңдану және түтіндеу салдарынан күн
радиациясының төмендеуі, жарық сапасының өзгеруі және ультракүлгін
сәулелер мен фотосинтетикалық белсенді радиация құрамдарының аздығы,
өсімдіктердің фотокезеңдік процестеріне әсер ететін.
Гидрологиялық режим: асфальтты жабындардың әсерінен судың аз
келуі, канализациялық жүйеге түсетіндіктен ылғалдың көп бөлігі жойылады;
қаладағы өсімдіктердің сулы режимі ауаның жоғары құрғақтылығымен,
тозанданған жапырақтардың қызуымен күрделенеді; қала жағдайларында
оқшауланып өскен ағаштар (әсіресе жолүсті көшеттері) жапырақты беткі
қабатының қызуынан және транспирация жолымен судың жоғалуынан зардап
шегеді;
Температуралық
режим:
температуралардың
тәуліктік
жолы
айқындалмаған; аяздардың әлсіреуі; оң ауа температурасы кезеңінің ұзаруы;
қыста қардан тазалау кезіндегі топырақтың сууы; үйлердің бетонды
қабырғалары мен асфальттың күндізгі қызуы және түнде олардан шығатын
күшейтілген жылу сәулелерінің болуы.
Топырақты факторлар: қаланың көп территориясының асфальтпен және
бетонмен жабылуы; тамырлы жүйелердің дамуына теріс әсер ететін
топырақтың (сулы, газды және жылу режимінің өзгеруі) желдетуінің
нашарлауы; жапырақтарды жинап жағу кезінде (подстилки) өсімдік табиғи
құнарлы заттардан айырылады, сонымен қатар топырақтың үсіп кету теңдігін
жоғарылатады; қаланың техногенді ортасының ауыр металдармен, тұздармен,
газдармен, тозаңмен және т.б. ластануы түрінде әсер ету.
Ауыр металдарды анықтауда экологиялық-биологиялық зерттеулер үшін
жапырақтарды іріктеу әр нысанда әр түрдің өсіп өнуі соңында орташа сынау
әдісімен жүргізілген. Әр ағаштан 10-нан кем емес жапырақтан алынған.
Жапырақтардағы ауыр металдардың құрамы бақыланған температуралық
режимде муфель пешіндегі өсімдік сынамаларын жағу жолымен органикалық
заттардың толық ыдырауына негізделген құрғақ мелиорация әдісімен
анықталған [220,221]. Химиялық заттардың мүмкін шекті концентрациялары А
қосымшасының кестелерінде келтірілген. Зерттеу жұмысының өндіріске еңгізу
акттысы Ә қосымшасында көрсетілген.
45
4 АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ИНТРОДУКЦИЯ ҮШІН ӘР
ТҮРІЛІ АҒАШТАРДЫҢ ЖЕРСІНУІ
4.1 Астана қаласындағы интродукцент ағаш және бұталардың әр
жерде жерсінуі
Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерінің нақты анализы және «Орман
тұқымбағы» АҚ ағаш қондырғы материалының түр түрі негізінде, сонымен
қатар әдеби көздер мен жеке бақылауымыздан Астана қаласы жағдайында
отырғызуға жарамды 50 бұталар мен ағаштардан топ құралды.
Қылқан жапырақты түрлері
1.
Сизай шыршасы - Eль сизая - Picea glauca
2.
Гмелин балқарағайы-Лиственница Гмелина, (даурская) - Larix gmelinii
3.
Сукачев балқарағайы - Лиственница Сукачёва - Larix Sukaczewii
4.
Жапон балқарағайы-Лиственница японская,(кемпфера)-Larix leptolepis
5.
Кәдімгі арша - Можжевельник обыкновенный - Juniperus communis L.
6.
Виргиндік арша - Можжевельник виргинский - Juniperus virginiana
7.
Сібір ашасы - Можжевельник сибирский - Juniperus sibirica Burgsd.
8.
Банкс қарағайы - Сосна Банкса - Pinus banksiana
9.
Таулы қарағай - Сосна горная - Pinus mugo Turra.
10.
Қырым қарағайы - Сосна крымская - Pinus pallasiana
11.
Сары қарағай - Сосна желтая – Pinus ponderosa
Жапырақ жапырақты түрлері
12.
Сары қараған - Акация желтая – Caragana arborescens (f.pendula).
13.
Бұталы аморфа - Аморфа кустарниковая – Amorpha fruticosa.
14.
Амур бархаты - Бархат амурский – Phellodendron amurense.
15.
Амурлық барбарис - Барбарис амурский — В. amurensis Rupr.
16.
Зибольд барбарис - Барбарис Зибольда - Вerberis sieboidii
17.
Тунберг барбарис - Барбарис Тунберга - Вerberis thunbergii.
18.
Қағазды қайың - Береза бумажная - Betula papyrifera Marsh.
19.
Европалық қабыржық - Бересклет европейский - Еuonymus europaea L.
20.
Тікенді, кәдімгі долана - Боярышник колючий, обыкновенный -
Crataegus oxyacantha, laevigata
21.
Ал қызал долана - Боярышник кроваво-красный - Crataegus sanguinea
22.
Жұмсақтау долана - Боярышник мягковатый - Crataegus submollis
23.
Үш тікенді гледичия-Гледичия трехколючковая-Gleditsia triacanthos L.
24.
Көкшіл ұшқат - Жимолость синяя - Lonicera coerulea L.
25.
Алтай ұшқаты - Жимолость алтайская - Lonicerа altaica Pall.
26.
Кәдімгі каприфол ұшқаты Жимолость-каприфоль обыкновенная -
Lonicera caprifolium
27.
Вавилондық тал - Ива вавилонская - Salix babilonica L.
28.
Ақ тал - Ива белая или ветла - Salix alba
29.
Сынғыш тал - Ива ломкая или ракита - Salix fraqilis L.
46
30.
Үшкір жапырақты тал (қызыл) - Ива остролистная, шелюга красная,
краснотал – Salix acutifolia (willd)
31.
Канадалық ирга - Ирга канадская - Amelanchier. canadensis (L.)
Medic.
32.
Гиннал үйеңкісі - Клён Гиннала – Acer ginnala.
33.
Татар үйеңкісі - Клен татарский - Acer tataricum
34.
Үшкір жапырақты үйеңкі - Клен остролистный - Acer platanoides
35.
Қызыл үйеңкі - Клен красный - Acer rubrum
36.
Қантты үйеңкі - Клен сахарный - Acer saccharum
37.
Кәдімгі орманжаңғақ - Лещина обыкновенная - Corylus avellana
38.
Емен жапырақты магония-Магония падуболистная– Mahonia aquifolia.
39.
Манчжур жаңғағы - Орех маньчжурский – Juglans mandshurica.
40.
Сұр жаңғақ - Орех серый – Juglans cinerea
41.
Үш жапырақты птелея - Птелея трехлистная - Рtelea trifoliata
42.
Ал қызыл свидина - Свидина кроваво-красная - Thelycrania sanguinea
43.
Салпиған алхоры - Слива растопыренная или aлыча - Prunus divaricata.
44.
Орташа тобылғы - Таволга средняя - Spirea media
45.
Симон терегі - Тополь Симона, или китайский - Populus simonii Can.
46.
Амурлық трескун - Трескун амурский - Ligustrina amurensis
47.
Аралық форзация - Форзиция промежуточная –Forsythia intermedia.
48.
Кәдімгі мойыл - Черёмуха обыкновенная - Padus avium Mill.
49.
Күміс түсті шефердия - Шефердия серебристая - Shepherdia argentea
50.
Кәдімгі шаған-Ясень обыкновенный, шаровидный-Fraxinus excelsior L.
Жоғарда көрсетілген сәндік ағаш және бұта түрлерінің төменде қысқаша
дендрологиялық сипаттамасы келтірілген:
Сизай шыршасы - Picea glauca
Биіктіктігі 20-30 м ағаш, желегінің диаметрі 60-120 см, қалың, конус
тәрізді. Жас өсімдіктерінің бұтақтары жоғарыға қисайып, ал кәрі өсімдіктердікі
төменге бағытталған. Қылқанды жапырақтары көкшіл жасыл, уқалаған кезде
қара қарақат иісі келеді.
Солтүстік Америка орман зоналарында табиғи жағдайда өседі, әсіресе таза
және аралас екпе ағаштарын түзетін көлдер мен өзендер жағалауында.
Тауларда 1500 м биіктігіне дейін көтеріледі. Сәнділігі бойынша кең
таралған (Picea pungens Engelm.).
Қысқа және құрғақшылыққа тұрақты, 300-500 жасқа дейін өмір сүреді.
1700-шы жылдан бастап Канада аумағында өсірілген, Батыс Европа
ормандарында кездеседі.
Дауырлық балқарағайы - Larix gmelinii
Шығыс Сібірі, Алыс Шығыс пен Солтүстік Шығыс Қытай кеңістіктерінде
үлкен массивтер түзеді. Ірі жапырақтары түсетін ағаш биіктігі 45 м дейін
жетеді.
47
Жас өсімдіктердің ұшарбасы дөңес пирамидалды, өскен сайын кең дөңесті,
селдір, діңгегі көп шыңды болады. Діңгектегі қабығы қалың, терең сайлы,
қызылша немесе сұр. Біржылдық өркендер ашық сары немесе қызыл қоңыр,
кейде сирек шаштары бар. Жұмсақ, жіңішке сызықты, ашық жасыл түсті 1,5-3
см ұзындықты қылқан сібір балқарағайына қарағанда ерте ашылады. Көктемде
ұшарбасының түсі нәзік ашық жасыл түсті, жазда қанық жасыл түске енеді,
күзде жылтыр түсті болады. Басқа тұқымдар түрінен кіші өлшемді
бүршіктерімен 1,5-2,5 см, тік қабыршақтарымен ерекшеленеді. Тұқымдары
қисық дөңесті, ашық түсті. Қысқа төзімді тұқым өкілі.
Сукачёв балқарағайы – Larix Sukaczewii
Биіктігі 30—35 (40) м дейін жететін және диаметрі 1,5 м күшті ағаш. Ірі
(ұзындығы 3-5 см), кең жұмыртқа тәрізді немесе сопақ және шар тәрізді
бүршіктері мен ерекшеленеді.
Тұқымдық қабыршақтары қалың, мықты, ағаш, жоғарғы жағы кішкене
ішке қарай майысқан, домаланған бүршік немесе кең жұмыртқа тәрізді, күңгірт,
төменгі арқа жағы қалың.
Балқарағай жарықты жақсы көреді (көлеңке жерде бойлауы әлсіреген,
ағаш ауырған және өліп қалуы мүмкін), Кеш көктемгі аяздарға және қысқы
суықтарға тұрақты (- 60°С дейін). Қайта отырғызуды көтереді, тіпті кәрі
жасында (20 жасқа дейін), қосымша немесе қосалқы тамырлардың түзілуіне
қабілеттілігімен байланысты. Жер талғамайды, бірақ күшті, ылғалды және
жақсы жыртылған сортаңдарды немесе баурайлардағы супенсияларды құрайды.
Жас уақытында балқарағай кесуді көтереді және белгілі бір пішінді
қылуға болады.
Жапон балқарағайы - Larix leptolepis
Биіктігі 35 м дейін жететін тез өсетін, әдемі ағаш. Ұзын, қалың, көлденең
бұтақтары өзіндік, кең пирамидалы ұшарбасын түзеді. Жоғарғы шыңды діңінің
көп бөлігі жұқа, қызыл күрең қабықпен қапталған. Жас өркендері боз және
қызылдау келеді. Бұтақтарының қабығы сұр, бүршіктері жылтыр, қара қоңыр,
қылқанының ұзындығы 5 см дейін жетеді, түсі көк, жасыл. Бүршіктері жас
кезінде жоғарғы бөлігі раушангүл жапырақтарына ұқсас болып келеді. Жұқа,
былғары қабыршақтары бар, сары жасыл, шар тәрізді (2-3 см), бұтақтарда 3
жылға дейін сақталады.
Жапон балқарағайы сәнділік қатынаста өзінің ерекше желегімен ерекше,
қызыл реңді қылқанымен, бүршіктерінің пішінімен басқаларынан асып тұрады.
Шырша, қарағай, арша, жөке, емен, шаған және басқа сәнді ағаш және
бұталардан жақсы көрінеді. Орманды алқаптарда 1861 жылдан бастап өсіп
келеді.
Виргиндік арша – Juniperus virginiana
Отаны Солтүстік Америка, Канададан Флоридаға дейін. Тауларда, өзендік
террасаларда, теңіз жағалауы бойымен, баурайларда, кейде батпақтарда өседі.
48
Мәңгі жасыл, бір үйлі, кейде екі үйлі, биіктігі 30 м дейін, кейіннен кең
тұрақты бұтақтарымен қалыптасатын, жас кезінде тар жұмыртқа тәрізді желегі
бар.
Өркендері жұқа, анық емес төрт шекті. Қылқаны ұсақ (0,1-0,2 см),
қабыршақ тәрізді, немесе ине тәріздес, қара жасыл. Жалпы жарық сүйгіш, өңі
қара жасыл немесе боз жасыл, қысқы кезеңде күрең жасыл болады.
Қыс айларына төзімді. Кейде ағаштарды қар басудан зардап шегеді және
құрғақшылыққа төзімді. Жер мен ылғалды қатты таңдамайды, алайда ашық
батпақты, сортаңды және құмды жерлерде жақсы өседі. Желегін кесуге тұрақты
және берілген пішінді ұзақ сақтайды. Көлеңкеге төзімді.
Сәнділігі жағынан тұқымның басқа өкілдеріне дес бермейді. Әсіресе,
күзде, желегі нәзік көкшіл бүршікті жидектермен безендірілген кезде әдемі.
Қоршауларда, көгалдарда жеке отырғызылған кезде қызығушылық көп
тудырады. Туя, қайың, қарағай, ақ сарықараған, балқарағай, кипарис ағаштары
мен, төмен өсетін бұталардан жақсы көрінеді.
Кәдімгі арша - Juniperus communis
Ағаш немесе бұта. Биіктігі 5 - 10 м, желегінің диаметрі көп өзгеріп тұрады,
діңгегінің диаметрі 20 см дейін. Ұшарбасы нығыз, (ағаштарда) конус тәрізді,
(бұталарда) жұмыртқа тәрізді, аталық түрінде, аналыққа қарағанда жіңішке.
Қабығы сұр күрең, талшықты, өркендері қызыл күрең.
Отаны: Европа, Сібір, Солтүстік Америка, Солтүстік Африка. 200 жасқа
дейін өмір сүреді.
Орман жамылғысы ретінде, әсіресе қайыңды және қарағайлы саябақты
алқаағаштарында, көгалдандыруда және көгал жасау ретінде қолданылады.
Жалғыз және топтық отырғызуларда жақсы көрінеді.
Сібір аршасы – Juniperus sibirica Burgsd
Төмен өсетін, биіктігі 1 м дейін жетеді, жердің беткі қабатында жайылып
жататын бұталары қалың, кейде қысқа, жуан, жоғары қарап шығып тұратын үш
шекті бұталары бар бұта. Сібір аршасының өркендері екі жылға дейін
сақталады, қылқандары ашық, ақ жолақтары арқылы сәнді көрінеді. Бүршікті
жемістері шар тәріздес, диаметрі 0,6-0,8 см, шамалы қалыңдау, екінші жылы
піседі.
Қыс айларына төзімділігі жоғары, жер талғамайды, таулы субстратта
мелкоземнің аз көлемінде, шымтезекті жерде өсе береді. Төзімділігі шамалы,
бірақ баяу өседі. Екі түсті қылқаны арқасында өте сәнді. Төмен топтарды
құруда, тасты бақтарды безендіруге ұсынылады.
Банкс қарағайы- Pinus banksiana
Биіктігі 25 м-ге дейін жететін, негізінен сирек шашыраңқы ағаш. Желегі
шағын, қалың емес, сопақ, кәрі ағаштарда кең жайылған. Діңінің қабығы қызыл
күрең, жуан, қабыршақ түрлі қатпарларға бөлінген. Жас өркендері алдымен
жасыл болып, содан соң күрең түске енеді. Басқа қарағайларға тән өзгешелігі
айқындалмаған. Ұзындығы 2—4 см, майысқан және оралған ашық жасыл
49
қылқан өркендерде 3-5 жыл сақталып тұрады. Бүршіктері қисық және
майысқан, конус тәрізді, 4,5 см дейін, ағашта жабық күйінде бірнеше жыл
тұрады. Жас кезінде тез өсіп, 30 жылдан кейін баяулайды.
Аязға, құрғақшылыққа төзімді және жер талғамайды, аздаған тұздылықты
да көтереді. Зиянкестер мен ауруларға аз зақымданады. Желегінің ашық
жасылдығымен сәнді.
Таулы қарағай – Pinus mugo Turra
Биіктігі 10 м дейін (кейде 20 м дейін) өсетін ағаш, бірақ бұталы және
жермен қапталған жайылма формалары да кездеседі. Діңнің қабығы қоңыр сұр,
жас кезінде тегіс, сосын діңнің жоғарғы бөлігінде (таулы қарағайдың сипатты
белгісі) сақталатын қара қоңыр қабыршақтарымен жабылады. Жас өркендері
жасылдау, сосын сұр қоңыр болады. Қылқаны барлық жақтан қара жасыл, бұл
да таулы қарағайға тән, қысқа (ұзындығы барлығы 2,5 см ), қатты, өткір емес,
кішкене оралған.
Қыс айларына, құрғақшылыққа төзімді, жарықты жақсы көреді, жер мен
ылғалды қатты талап етпейді. Зиянкестер мен аурулармен зақымданбайды,
жердің нығыздалуы мен ауаның ластануын көтереді, кәдімгі қарағайға
қарағанда көлеңкеге төзімді. Қар басулардан зардап шекпейді. Жерді бекітуші
ретінде және қатты тасты баурайларда қорғаныш телінуші ретінде төмен өсетін
сәнді топтарды құру үшін қолданылады. Шырша, балқарағай, қайыңдардан
жақсы көрінеді.
Қырым қарағайы– Pinus pallasiana
Биіктігі 30 м дейін жететін ағаш, жас кезінде ұшарбасы пирамидалды, ал
үлкен ағаштарда ұшарбасы қолшатыр тәрізді. Тікенекті және қылқаны шамалы
майысқан, бір бүршікте 2 ден, ұзындығы 15 см дейін, қара жасыл, шет жақтары
майда желекті, өркендерін қалың жабады. Қылқанының ұзындығы 18 см дейін
жетеді, түсі қара жасыл, желегі қалың өте сәнді көрінеді. Баяу өседі.
Қырымда 800-1000 м. биіктіктегі Яйла баурайларында ашық ормандар
түзеді. Кавказда 300-400 м биіктіктегі теңіз жағасы жолағында оңтүстікке қарай
Геленджика кездеседі.
Құрғақшылыққа төзімді, жарықты жақсы көреді, қала жағдайларына
тұрақты, желге қарсы тұра алады. Жер талғамайды.
Қырым қарағайы тік баурайлардың ормандануы үшін және мемлекеттің
оңтүстігінде саябақтарда сәнді ағаш ретінде қолданылуы мүмкін. Ізбесті, тасты
және құмды жерлердегі саябақтар мен бақтарда топтық немесе жеке
отырғызуларда қолданыла алады.
Сары қарағай– Pinus ponderosa
Биіктігі 50 м дейінгі, тар конусты, селдір, ашық желегі бар, мықты,
салыстырмасы көп, жайылған, жиі доғады, майысатын бұтақтардан құралған
кең пирамидалды ірі ағаш. Діңі кәрі ағаштарда 10 см дейін жететін қалыңдықта
және ірі қатпарлармен бөлінетін қара немесе қызыл күрең түсті қалың
қабықпен жабылған. Қылқаны қара жасыл, шеті үшкір, қалың, өте ұзын 30 см,
50
бір шоғырда 3-тен, кейде 2-5-ке дейін орналасқан. Ұзарған цилиндрлік
бүршіктері (20 х 10 см) 3 данадан жиналған, бұл ағаштарға ерекше сәнділік
береді. Жас кезінде баяу өседі, кейіннен тез өсе бастайды.
Жер талғамайды, бірақ терең және қажетті ылғалды сортаңдарды қалайды,
ылғалдың көптігін және батпақтануды көтермейді. Сары қарағайды өте сәнді
тұқымы, ландшафтты дизайнда көп қолданылады. Сары қарағайды қалалық
және қала сыртындағы объектілерде қолданылады.
Сурет 3 - Дауырлық балқарағайы -
Larix gmelinii
Сурет 2 - Сизай шыршасы - Picea glauca
Достарыңызбен бөлісу: |