Абжанова сокращенная indd


Рефлекс және рефлекс доғасы



Pdf көрінісі
бет10/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
Рефлекс және рефлекс доғасы.
Рецепторлар тітіркенуіне нерв 
жүйесінің қатысуымен организмнің қайтаратын жауап реакция-
сын рефлекс деп атайды. Рефлекстік реакцияны кез келген сыртқы 
немесе ішкі ортаның өзгерісі туындатады. Рефлекс жасалуында қозу 
өтетін жол рефлекс доғасы деп аталады. Рефлекс доғасы – рефлексті 
іске асыратын, ерекше ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв 
элементтерінің кешені. Рефлекторлық доғаның негізгі бес байла-
ныс ажыратады: рецептор; афференттік нерв жолы; рефлекторлық 
орталық; эфференттік нервтік жол; эффектор немесе жұмыс органы.
белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын 
рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. 
Рецептор – тітіркену энергиясын нервтің импульс энергиясына айнал-
дыратын сезімтал құрылым. Оларды негізгі үш топқа бөледі: 
1. эксерорецепторлар тітіркендіруді сыртқы ортадан қабылдайды;
2. интеро- немесе висцерорецепторлар тітіркендіруді организмнің 
ішкі ортасынан қабылдайды; 


19
3. проприорецепторлар дененің кеңістіктегі қалпының өзгерісін 
қабылдайды.
ең қарапайым рефлекторлық доға екі нейроннан: афферентік және 
эфферентік нейрондардан түзеледі, аталық нейрон болмайды. бұларды 
бір ғана синапс байланыстырады және оны моносинапстық доға деп 
атайды. бірақ күрделі рефлекстердің барлығында рефлекторлық 
доғалар көп нейроннан түзеледі, яғни көптеген синапстық байланы-
стары болады. сондықтан оларды полисинапсты доғалар деп атайды.
тітіркендіргіш әсер еткеннен бастап жауап реакциясы туғанға 
дейінгі уақытты «рефлекс уақыты» деп атайды. Рефлекс уақыты 
тітіркендіргіш күшіне, синапстық санына т.б. байланысты болады.
Рефлекстер бірнеше топқа жіктеледі. биологиялық маңызына 
қарай рефлекстер қоректік, қорғану, жыныстық, бағдарлау т.б деп 
топтап аталады. Рецепция белгісіне қарай экстерорецептивтік, 
интерорецептивтік, проприорецептивтік деп бөлінеді. Орындалатын 
реакцияның сипатына қарап қозғалу, секреторлық, трофикалық, тамыр 
қозғағыш, висцеромоторлық т.б рефлекстер ажыратылады. Орталық 
нерв жүйесінің қай бөлімінің міндетті түрде қатысатындығына 
байланысты да рефлекстер жіктеледі: жұлын рефлекстер жұлын 
сегменттеріндегі нейрондар қатысуының нәтижесінде орындалады; 
бульбарлық рефлекстер – сопақша мидың; мезенцефальдық рефлек-
стер – ортаңғы мидың, диэнцефальдық рефлекстер – аралық мидың; 
кортикальдық рефлекстер ми қыртысы нейрондардың міндетті түрде 
қатысуында орындалады.
Организмнің барлық рефлекстері шығу тегіне қарай шартсыз 
және шартты деп үлкен екі топқа бөлінеді. Қаңқа еттеріне келетін 
қозғағыш нервтер арқылы іске асатын рефлекстерді сомотикалық деп, 
симпатикалық және парасимпатиқалық нервтер арқылы іске асатын-
дарды вегетативтік рефлекстер деп атайды.
Рефлекторлық доға тек салыстырмалы түрде доға ретінде 
қарастырылады, себебі эффектор мен рефлекторлық орталық ара-
сында кері байланыс жолы болады. егер тура байланыс арқылы 
орталық нерв жүйесі эффектордың қызметін басқарса, кері байланыс 
арқылы эффектордың жағдайы туралы мәлімет алады, эффектордың 
жауап реакциясын бағалайды жєне қателік кетсе, әр уақыт үзіндісінде 
түзету ендіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет