15
әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей
болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы,
биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. униполярлы нейрондарда
бір ғана өсінді болады. мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда
және омыртқалы жануарлардың эмбриондық даму кезеңінде кездеседі.
псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол ары
қарай екі тармақталып кетеді. биополярлық нейрондарда екі өсінді
бар. мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон
және бірнеше дендрит шығады. бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын
қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.
нейрондар қызметі жағынан үш топқа жіктеледі:
1) афференттік (сезімтал, қозуды орталық нерв жүйесіне Онж
өткізеді;
2) эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық нерв
жүйесінен жұмыс мүшесіне қарай өткізеді);
3) қондырма (қосымша немесе аралық нейрон, афференттік ней-
рондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).
нейрондарды тудыратын нәтижелері бойынша да жіктеуге болады.
мысалы: қозғағыш (моторлық), секреторлық, трофикалық, тежеуші,
қоздырушы т.б. пішіндеріне қарай нейрондарды – пирамида тәрізді,
жіп тәрізді, жұлдыз тәрізді, себет тәрізді, тригулярлық, бұта тәрізді
т.б. деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: