Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет6/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
9
1-БӨЛІМ. 
ТАМАҚТАНУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
тамақтану физиологиясы тамақ саласындағы мамандарды қалып-
тастырудағы негізгі ғылымдардың бірі болып табылады. әрбір орга-
низм өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қоректік 
зат қажет етеді. Қазіргі уақытта тұрғындарды организмнің талабына 
сай келетін өніммен қамтамасыз ету керек, әр уақытта тағамның 
биологиялық құндылығы сақталуы қажет. 
тамақтану физиологиясы курсының негізгі мақсаты:
– студенттердің санасына екі − физиологиялық және экономика-
лық, көрсеткіштің қатар болуын қалыптастыру, яғни барлық топтағы 
адамдарды экономикалық тиімді, теңгерімді тағаммен қамтамасыз 
ету. курсты оқытудың азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалануға 
үйретуде де маңызы зор. 
адам өміріндегі тамақтың атқаратын рөлі. Оттегі сияқты, тамақ 
та адамның өмір сүруінің, өсуінің, дамуының, жұмысқа жарам-
дылығының, ерте қартаюдың алдын алудың, әртүрлі аурулардың 
алдын алудың маңызды биологиялық факторы болып табылады.
пәннің зерттеу тақырыбы – организмнің тағамдық заттардағы 
(нутриенттердегі) қажеттілігін анықтау. тамақ физиологиясы пәні 
химияның, генетиканың, физиканың, медицинаның жетістіктеріне 
негізделеді және қоғамдық тамақтану өнімдерін өндірудің технологи-
ясы, өнеркәсіптік тауарларды ауыстыру (тауартану) пәндерінің негізі 
болып табылады.
тамақтану физиологиясы жасқа, жынысқа, денсаулық жағдайына, 
тамақтану режиміне әсер ететін химиялық заттарды ағзаның сіңіруін, 
сонымен бірге өнімдерді технологиялық өңдеу әдістерін, оларды 
сақтауда құрамының өзгеруі және басқа факторлардың әсерлерін 
зерттейді.
Физиологияның даму кезеңдері
басқа да биологиялық ғылымдар іспетті физиология ертеден 
дамыған. бізге жеткен деректер бойынша, байырғы Қытай, Үнді, грек, 
Орта азия елдерінің ойшыл ғұламалары, дәрігерлері организмнің 
құрылысы, тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жина-
ған. жаңа дәуірге дейінгі IV ғасырда өмір сүрген гиппократ пен 


10
 
 

аристотельдің (б.з.д. 384-322 жж.) еңбектерінде адам организмінің 
негізін, оның көптеген құбылыстарын түсінуге арналған әрекеттері 
байқалады. алайда ғылымның өте нашар дамуына байланысты олар 
біраз сауалдарға, қазіргі тұрғыдан алғанда, дұрыс жауап таба алмаған. 
Өйткені физиологияның алғашқы кезеңінде тірі организмді 
тәжірибелер арқылы бақылау болмады. Дегенмен аристотель мен 
гиппократтың кейбір функциялар туралы ұғымдары дұрыс бағыт-
талған. бұл ғұламалар беделінің күштілігіне байланысты, жүздеген 
жылдар бойы олардың ілімдері өзгертусіз сақталған.
Ұлы орыс ғалымы м.В.ломоносов та тамақ мәселесімен айналысқан. 
камчаткаға экспедицияға дайындалып жатып, өздерімен бірге 
жолсапарға алатын тағамдардың құрамында цинга ауруына қарсы 
тұратын заттардың болуын талап еткен. Яғни құрамында с дәрумені 
мол тағамдарды алуды қадағалаған. тамақ биохимиясының негізін 
қалаушы Ю.либиха болды, ол тағамдық өнімдердің құрамын зерттеді. 
н.и.лунин организмге қажетті «қосымша» тағамдық өнімдерді ашты. 
Ол заттар кейіннен витаминдер деп аталды. и.п.павловтың зерттеу 
жұмыстарымен тамақ физиологиясы ғылымын үдерістерді зерттеу 
тәсілдерін ұсынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет