12
тармақты келеді. аксонның нейрон денесінен басталатын жері
аксон
төмпешігі
деп аталады. төмпешікте тигроид заттар мен миелин
қабығы болмайды. аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары.
сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонының ұшында
рецеп
-
тор (қабылдауыш)
болады. ал орталык жүйке жүйесіндегі жүйке
талшығының ұшы жуандап, бүршікке ұқсайды.
нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп, синапс
құрады. Қозу серпінінің рецептордан жүйке орталығына бағыттап
өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік) деп аталады, ал
орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты қозғалт-
қыш (эфференттік) деп атайды. жүйке талшықтары майлы жұмсақ
қабығының болу-болмауына байланысты миелинді, миелинсіз деп
екіге бөлінеді.
Нейроглия
деп нейрондар аралығын толтыратын клеткаларды
(глиондарды) айтады. глия – грек сөзі, «желім» деген мағынада.
Расында да, олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып
тұрады. глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер.
бұлардың аксоны болмайды және өзара синапстар кұрмайды.
нейроглияның функциялық маңызы:
1. трофикалық қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті
қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға
өткізеді.
2. нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды.
нейрондардың айналасындағы сұйықтықтың иондық құрамын,
медиаторлар мен судың, деңгейін бірқалыпта сақтайды.
3. Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин қабығын
жасауға қатысады.
4. нейроглия нейрондар арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді,
есте сақтауды, уакытша байланыстардың пайда болуын жеңіл-
детеді.
Достарыңызбен бөлісу: