Абжанова сокращенная indd


Тамақтан улану және олардың алдын алу



Pdf көрінісі
бет119/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151
Тамақтан улану және олардың алдын алу
тамақтан улануға құрамында ауру микроағзалары немесе олардың 
токсиндері немесе тегі микробты емес ағза үшін басқа улы заттары 
бар тамақты жегенде пайда болатын әртүрлі аурулар жатқызылады. 
ішек инфекцияларына қарағанда, тамақтан улану контагинозды емес, 
ауру адамнан сау адамға берілмейді. бұл аурулар көптеген адамдарды 
қамтитын жаппай ауыру түрінде пайда болады. тамақтан улануға 
кенет басталу және қысқа уақыт болу тән. 
уланулардың пайда болуы, әдетте, құрамында зиянды заты бар 
белгілі бір тамақ өнімін тұтынуға байланысты. Құрамында зиянды 
заттары (пестицидтер, қорғасын) бар тамақ өнімдерін ұзақ уақыт 
тұтыну жағдайларында тамақтан улану созылмалы аурулар түрінде 
де жүреді. уланудың клиникалық белгілері, әдетте, асқазан-ішек 
жолының бұзылуымен сипатталады. бірақ бірқатар жағдайларда бұл 
белгілер (ботулизм, қорғасын қосылыстарымен улану және т.б.) бол-
майды. тамақтан улануға балалар, қарт адамдар мен асқазан-ішек 
жолы ауруларымен ауыратын адамдар сезімтал болып келеді. Олар 
уланудың, әдетте, ауыр түрімен ауырады. 
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ САПАСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ-
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі биологиялық нысандар-
дың мүмкін қауіпті химиялық қосылыстарының органолептикалық, 
физикалық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық көрсет-
кіштері мен тағамдық құндылық көрсеткіші бойынша анықталады. 


258
 
 

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі олардың санитарлық-гигиеналық 
нормативтерге, ветеринарлық және фитосанитарлық ережелерге 
сәйкес келуімен қамтамасыз етіледі. кең ұғымда қауіпсіздік тамақ 
өнімдерінің адам ағзасына оларды жалпыға бірдей мөлшерде 
қабылдағанда улы, канцерогенді, тератогенді, мутагенді немесе өзге 
қолайсыз әсерінің болмауымен түсіндіріледі. Қауіпсіздік құрамында 
тегі химиялық және биологиялық ластаушылардың, сонымен қатар 
адам денсаулығына қауіп төндіретін тамақ өніміндегі табиғи улы 
заттардың регламенттелетін деңгейін белгілеу және сақтаумен 
кепілдік беріледі. тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштері 
«тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен тамақ құндылығына қойылатын 
гигиеналық талаптардың» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері 
мен нормативтерінде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет