Абжанова сокращенная indd


Жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет142/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151
Жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жасанды жарықтан-
дыру жалпы және жергілікті немесе құрамдасьырылған (жалпы 
жергілікті) болуы мүмкін.
жарықтандыру – жарық ағымының жарық түсіп тұрған беттің 
ауданына қатынасына тең. Өлшем бірлігі – люкс, (лк).
жасанды жарықтандыру электрлі газды-разрядты шамдармен және 
қыздыратын шамдармен қамтамасыз етіледі.
жарықтандырғыштар жарық көзінен және арматурадан тұрады. 
арматураның гигиеналық тағайындалуы – қатты жарықтандырудан 
қорғау, шам шағылып қалған кезде айналаны сынық шыныдан сақтау.
Жылыту және желдеткіші гигиенасы
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы қарастырылған 
негізгі гигиеналық талаптарға ауа ортасының сипаттамаларының 
ағзаның физиологиялық қажеттіліктері мен бөлменің сәйкестігі 
жатады. адамның маңызды физиологиялық функциялары – 
температураға, ылғалдылыққа, ауаның қозғалу жылдамдығы мен 
химиялық құрамына байланысты жылу алмасу мен тыныс алу 
жатады. бөлме микроклиматы азық-түлік өнімдерін сақтау кезіндегі 
шыдамдылығына әсер етеді.


303
Қазіргі заманға сай ғимараттар мен қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарындағы тұрғын жерлер мен өндірістік бөлмелердегі 
ауа ортасы гигиеналық нормаларға сай жылыту және вентиляция 
жүйелеріне сәйкес болады.
Жылыту гигиенасы. 
жылыту гигиенасының мақсаты – 
адамдардың функционалдық қажеттілігі мен бөлмеге байланысты 
бөлме ауасының температурасын бірқалыпты сақтау.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жылытудың гигиеналық 
талаптарына келесілер жатады:
1. сыртқы температура мен бөлмедегі адам санына қарамастан, 
жылыту құралдары қажетті бірқалыпты температураны ұстап 
тұруы керек.
2. бөлмедегі ауа температурасы бөлменің қажеттілігіне байланы-
сты. ауа деңгейлес және тік бағытта бірқалыпты болуы керек. 
ауаның тәуліктік ауытқуы орталықтан жылытылғанда 2-3°C, ал 
пеш арқылы болса, +-3°C-ден аспауы керек.
3. Қабырғаның, төбенің, еденнің беткі қабатының температу-
расы бөлмедегі ауа температурасына жақын болуы керек. 
айырмашылығы 4-5°C-ден жоғары болмауға тиіс.
4. жылыту үздіксіз (жылыту мерзімі бойы) болуы керек және жы-
лыту кезінде жылу беру толық және сапалы болуға тиіс.
5. жылыту жүйесі ауаны түтінмен, отынның толық жанбаған зат-
тарымен ластамауы керек.
6. Қыздыратын құралдардың орташа температурасы 80°C-тан 
жоғары болмауы керек.
7. Құралдардың беткі қабаты тазалауға ыңғайлы болуы керек.
жылыту жүйесі жергілікті және орталық болып бөлінеді. 
жергілікті (пеш көмегімен) жылытудың гигиеналық көрсеткіштері 
төмен: ауаны күлмен, отынмен, түтінді газдармен, шаңмен ластайды.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында орталықтан жылыту 
тәулік бойы ауаны бірқалыпты жылытуды қамтамасыз етеді. Орта-
лықтан жылыту кезінде жылу тасығыш ретінде су, ауа, бу, газ 
қолданылады. жылыту құралдары терезенің астыңғы жағына 
қойылды. Осылай орналасқан жылу құралы ауаны аяққа қарай үрлеп, 
бөлмедегі температураны бірқалыпты сақтайды. жылыту құрал-
дарының келесі есептелген температурасы қолданылады:
– төбеден жылытса – 28-30°C,
– еденнен жоғары деңгейден жылытса – 25-27°C;
– ауысым ішінде жылытса – 40-45°C.


304
 
 

желдету гигиенасы. жабық бөлмеде адамдардың ұзақ болуы, 
өндірістік үдерістердің жүзеге асуы кезінде ауа ортасының санитарлық 
жағдайы төмендейді. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында 
ылғал мен жылуды бөлудің, ауа ортасының газ және механикалық 
қоспалармен ластануының негізгі көзіне адамдар, өндірістік құрал-
жабдықтар, тағам дайындаудың технологиялық үдерістері жатады.
ауаның ластануы бөлменің қажеттілігіне байланысты: ыстық цехта 
ауа зиянды газдармен ластанады, температура, ылғалдылық өзгереді. 
сауда залдарында ауа ағзадан бөлінетін көмірқышқыл мен, шаңмен, 
қоймаларда шаңмен, микроорганизмдермен ластанады. ластанған 
ауаны таза ауамен алмастыруға арналған жылу алмасуы табиғи және 
жасанды желдеткіш арқылы жүзеге асырылады.
желдеткішқойлатын талаптар:
– желдеткіш құрылғылармен барлық бөлмелердегі қажет етушілер 
қамтамасыз етілуі керек. 
– желдеткіш жылыту сияқты санитарлық талаптарға сәйкес, ауа 
ортасының қажеттілігін қамтамасыз ету керек.
– кәсіпорындардың барлық бөлмелері табиғи ауа алмасуды 
қамтамсыз ететін құралдармен жабдықталуға тиіс,
– жасанды желдеткіш құрылғыларын таңдаған және қондырған 
кезде, олардың қуаттылығы мен бөлменің қажеттілігіне мән 
беру керек.
табиғи желдеткіш – ашық терезелер мен есіктер арқылы жел-
дету. терезе арқылы желдету тұрақты емес, сырттағы және ішкі 
температураға, желдің соғуы бағытына байланысты. ауа алмасу 
екіжақты желдетуден көбейеді. Ол үшін терезе желдеткіші мен 
бағыттар қондырылады. бағыттар терезенің жоғарғы жағына жаса-
лып, төбеге қарай 45° бұрышта жоғары ашылғанда, салқын ауа жұмыс 
аумағына енеді де, төбедегі жылы ауамен араласып, суық тиіп қалу 
қаупін төмендетеді. гигиеналық талаптарға сәйкес фрамугалар 
терезелердің жартысынан көбінде, ал ыстық цехта барлық терезелерде 
болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет