Абжанова сокращенная indd


Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын сұйық және қатты



Pdf көрінісі
бет140/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын сұйық және қатты 
қалдықтардан тазартудың гигиеналық талаптары
Қоғамдақ тамақтандыру кәсіпорындарында сұйық қалдықтардан 
тазарту ішкі тұрмыстық және өндірістік канализация көмегімен 


300
 
 

жүзеге асырылады. ыдыстарды жууға арналған технологиялық 
құрал-жабдықтармен және санитарлық-техникалық құралдардың 
канализациядағы қалдықтармен ластануын болдырмау керек. ірі 
кәсіпорындарда ағынды суларды май, крахмал, құмнан тазартатын 
құрылғылар болуы керек.
кәсіпорындарда қатты қалдықтардың жиналуы әртүрлі микро-
организмдердің дамуына, шыбындардың, жәндіктердің пайда болуына 
әкеліп, кәсіпорынның санитарлық жағдайын төмендетеді. 
Өндірістік және жуу бөлмелеріне арналған 12-15 метрлік қалдық 
жинау сыйымдылықтары қалдықтарға арналған камераларда сақта-
лады. Қалдық жинау үшін көбінесе 80-100 литрлі металл, қақпағы бар 
қалдық жинау сыйымдылықтары қолданылады. Олар күнделікті хлор-
ланып тұруы керек.
Жарықтандыру гигиенасы. 
Жарықтандырудың гигиеналық маңыздылығы
Қоғамдық, тұрмыстық және тұрғын үй ғимараттарында екі түрлі 
жарықтандыру қолданылады:
1. табиғи – күн сәулесімен жарықтандыру;
2. жасанды – газ-разрядты және қыздырылатын шамдармен 
жарықтандыру.
адамдардың дұрыс өмір сүруі үшін олар көп жүретін бөлмелерді 
күн сәулесімен жарықтандыру керек. себебі, табиғи жарықтандыру 
ағза биоритміне, эмоциясына, алмасу үдерістерінің қарқынды-
лығынажағымды әсер етеді.
Өндірістік бөлмелердегі жұмыс орындарының жарықтандырылуына 
қойылатын гигиеналық талаптардың бірі – адамның жұмыс істейтін 
заттарының жарықтандырылуына байланысты көру функциясының 
қамтамасыз етілуі.
көрудің негізгі қасиеттеріне келесілер жатады:
– қарама-қарсылықты сезіну (көздің затты жалпы фоннан ажырата 
білу қасиеті);
– көру қырағылы (көздің ұсақ заттарды көре білу қасиеті);
– заттарды ажырата білу жылдамдығы;
– анық көру тұрақтылығы (заттың бөліктерін ажырата білу 
қасиеті).
жарықтандыру жеткіліксіз болса, жоғарыда аталған көру қасиеттері 
төмендейді, көздің жағдайы нашарлайды, жұмысқа қабілеттілік, 
тиянақтылық төмендеп, өндірістік жарақат алуы мүмкін.


301
көру функцияларын жүзеге асыру үшін жарықтандыру барлық 
жерге бірдей тарап, бірқалыпты болуы керек.
Қатты түсіп тұрған жарық (күн көзі немесе жасанды жарық көзі) 
көздің қарама қарсылығын сезінуін, көру тұрақтылығын төмендетеді.
ғимараттың сәулет-жобалық шешімдері күннен қорғау шара-
ларын (верандалар, уақытша құрылғылар – перделер, экрандар) 
қарастырады. жасанды жарықтандыру кезінде шамдарды ілу 
биіктігіне, жарықтандырылу арматураларына, көз алдындажылтырай-
тын заттардың болмауына мән берілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет