Абжанова сокращенная indd


Ақуыздардың биологиялық құндылығы



Pdf көрінісі
бет26/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151
Ақуыздардың биологиялық құндылығы.
ақуыздардың биология-
лық құндылығы құрамында алмастыруға болмайтын амин қыш-
қылдарының болуына, олардың алмастыруға болатын амин 
қышқылдарымен қатынасы, ас қорыту жүйесінде ферменттермен 
қорытылуына негізделген.
биологиялық құнды және құндылығы аз ақуыздар болады. 
біріншілері барлық алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан 
тұрады. Құндылығы аз ақуыздарға бір немесе бірнеше алмастырыл-
майтын амин қышқылы кірмейді. 
алмастырылмайтын амин қышқылдары организмде синтез-
делмейді, сондықтан да олар организмге тамақпен бірге түсуі керек. 
Оларға: метионин, лизин, триптофан, фенилаланин, лейцин, изо-
лейцин, треонин, валин жатады. балалар организмі үшін тағы екеуі: 
гистидин, аргинин қосылады. кейбір авторлар олардың қатарына 
цистин мен тирозинді де жатқызады. алмастырылатын амин 
қышқылдары да тамақпен қажетті мөлшерде түсіп тұруы керек. Үлкен 
адамға тәулігіне: триптофан – 1 г, лейцин – 4-6 г, изолейцин – 3-4 г, 
треонин – 2-3 г, валин – 3-4 г, лизин – 3-5 г, метионин – 2-4 г, фенила-
ланин – 2-4 г, гистидин – 1,5-2,0 г, аргинин – 6,0 г қажет.
Көмірсулардың организмдегі рөлі, олардың жіктелуі. 
Тәуліктік рациондағы көмірсулардың нормасы. 
Тамақ өнімдеріндегі қаннтың мөлшерін азайту жолдары
ақуыздар мен майлар сияқты, көмірсулар да макронутриенттерге 
жатады. Олар тағамдық калориялардың 45 -тен 65-ке дейінгі пайы-
зын қамтамасыз ететін салауатты тамақтанудың маңызды кешені. 


59
көмірсулар – рационның басым бөлігін құрайтын тағамның міндетті 
кешені. тағамның көмірсулық кешендердің саны мен арақатынасы 
адам тамақтануында, оның денсаулығын сақтауда және негізгі 
аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
көмірсулар – бұл органикалық қосындылардың қомақты бөлігі.
Өсімдік жасушаларында олардың үлесіне барлық кепкен заттардың 
90%-ы тиесілі. көмірсулар өсімдіктерде жүретін фотосинтез кезіндегі 
күн сәулелерінің әсері арқасында, ауадағы көмір қышқылы газын 
хлорофиллдің ассимиляциялауы нәтижесінде пайда болады.
көмірсулар жай немесе моносахаридтер мен дисахаридтер-
ден тұратын қанттарға және күрделі көмірсуларға – крахмал мен 
күрделі крахмал емес полисахаридтерден құралатын полисахарид-
терге бөлінеді. соңғылары тағамдық талшықтар ретінде танымал. 
көмірсуларды тағам және химиялық құрылысы тұрғысынан жіктеу 
18-кестеде көрсетілген.
Шығу тегіне қарай көмірсулар сүт және дақылдар, көкөністер 
мен жемістер сияқты өсімдік тектес тағамдық өнімдердің құрамына 
кіретін ішкі және де кондитерлік заттар мен тәттілерді (қант және оны 
алмастырғыштар, бал) әзірлеу кезінде қолданылатын сыртқы (немесе 
қант қосу) деп бөлінеді.
көмірсулардың негізгі функциясы – бұл организмді энергиямен 
қамтамасыз ету. көмірсулар энергия көзі ретінде белоктармен және 
майлармен алмастырылуы мүмкін, бірақ олардың тамақта жоқтығы 
денсаулыққа кері әсерін тигізеді. көмірсулардың жетіспеушілігі 
аштықты еске түсіретін белгілермен білінеді. көмірсуларсыз немесе 
көмірсулары аз диетада отыратын адамдар тез шаршағыштықтан, 
әлсіздіктен зардап шегеді.
көмірсуларды артығымен қабылдаған жағдайларда глюкоза майға 
айналады. бұдан кез келген артық мөлшерде тамақ жеу организмде 
май жинақталуына және салмақ қосуға соқтыратынын білуге болады.
Қантты таза күйінде немесе құрамына қант кіретін тамақтарды жиі 
жеу тісжегінің дамуына соқтырады, ал одан тіс бүлінеді және түсіп 
қалады.
сонымен, көмірсулардың артықтығы және оның жетіспеушілігі 
денсаулыққа жағымсыз болып табылады. салауатты тамақтану деге-
німіз – тамақтағы негізгі тағамдық заттар мен олардың құрамдас-
кешендердің белгілі қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет