Абжанова сокращенная indd


Диеталық және емдік-профилактикалық тамақтану



Pdf көрінісі
бет84/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151
Диеталық және емдік-профилактикалық тамақтану
1. Ауруды кешенді емдеудегі диеталық тамақтану
емдік-профилактикалық 
тамақтану. 
емдік-профилактикалық 
тамақтану организмнің төзімділігін, удың әсерінен пайда болған 
бұзылыстарға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарылатады. сонымен 
қатар ол жеке химиялық заттарға әсер көрсетіп, олардың жиналуына 
кедергі, шығарылуына мүмкіндік жасау керек.
тамақтанудың көмірсулық сипаты бауырдағы гликогеннің құрамын 
жоғарылатып, оның кедергілік функцияларын, организмнің фосфор, 
хлороформ, циан қосылыстарына төзімділігін арттырады. бірақ бұл 
рацион уланулармен күресудің әмбебап құралы болып табылмайды.
тағам құрамындағы, зат алмасуға белсенді қатысатын минералды 
заттардың бірі болып, көптеген ағымына әсер ететін фактор ретінде 
кальций табылады. Оның рационда жетіспеушілігі организмнің 
көптеген уларға, әсіресе фторидтерге және майлар қатарының хлор 
алмасқан көмірсутегілеріне қарсы тұруын төмендетеді. керісінше, 
тағамда кальцийдің жоғары мөлшері бұл улану ағымын едәуір 
жеңілдетеді. 


183
емдік тамақтану ауру адамды емдеу мақсатында белгіленеді. емдік 
диета адам организміне әртүрлі әсер етеді. Ол заталмасу бұзылғанда, 
кейбір асқазан-ішек, бүйрек ауруларын емдейтін жалғыз ем болып 
табылады. жүрек-тамыр жүйесі, нерв жүйесі, тері т.б. ауруларында 
емдік тамақтанумен қатар, емнің басқа да (медикаментоз, хирургия, 
физиотерапевтік) әдістерін белгілейді 
емдік тамақтану аурудың түріне және деңгейіне байланысты және 
оны дәрігер диета түрінде белгілейді.
Диета
– ауру адамның тамақтануының емдік рационы. бұл 
жүйеде 15 түрлі негізгі диета бар. № 1, 2, 5, 9, 10, 15 диеталар кало-
риясы және химиялық құрамы бойынша алдын алужәне тағамдық 
заттарға деген қажетсінуді толығымен қамтамасыз етеді. сондықтан 
оларды науқастар ұзақ уақыт пайдалана береді. № 4, 5а, 8 және т.б. 
диеталар алдын алу рацион және ұзақ мерзімге пайдаланылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет