Абжанова сокращенная indd


Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы



Pdf көрінісі
бет83/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151
Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы
іс-әрекет – даму мен денсаулық факторы. баланы тәрбиелеу 
(еңбекке баулу, ой өрісін кеңейту, әдет- ғұрыпқа үйрету) жан-жақты 
жүргізіледі, бірақ жас мөлшеріне байланысты мұндай тәрбиелеу 
көрінісінің арасындағы қатынас олардың түрлеріне байланысты 
болып келеді. баланың іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын 
анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті фактордың бірі болып саналады.
Қимыл-қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп 
келе жатқан организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін 
сезінеді. әсіресе үдемелі өсіп-даму кезеңінде қимыл-қозғалыс қажет-
тігінің маңызы арта түседі. Өйткені қимыл-қозғалысты іс-әрекеттер 
биологиялық дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар дағдылану 
механизмдерін де қалыптастырушы фактор болып табылады.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі орталық жүйке жүйесінің, бұлшық 
еттердің дамуын жақсартады, зат алмасуын жоғарылатуға қатысады, 
сөйлеу қабілетінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. балалар ертерек 
жүріп кетсе, оның сөйлеуі де тезірек қалыптасады, мектеп жасына 
дейінгі кезеңде іс-әрекет қимылдары жақсы қалыптаса бастаса, одан 
былайғы еңбек дағдылары да жеңіл дамиды.


181
солай болғанымен, қимыл-қозғалыстағы биологиялық қажеттілік 
балаларды дұрыс тәрбиелемегендіктен болатын гиподинамияның 
дамуын жоққа шығармайды. мұндай жағдайлар, көбінесе қимыл-
қозғалыстағы табиғи қажеттілік ата-анасының тәрбиесіне байла-
нысты (жаяу жүргізудің орнына балаларға арбашаларды қолдану, 
телехабарларға көп әуестендіру т.с.с.) шектелген, мектеп жасына 
дейінгі балаларда кездеседі.
іс-әрекеттің кез келген түрінің организмнің функционалдық 
мүмкіндіктерін уақытша азайтуға, яғни қажуға әкеліп соғуы оның 
заңды нәтижесі болып есептеледі. бұл үдеріс қайтымды және жұмысты 
тоқтату, жоғалған қызмет қабілетін қайтадан қалпына келтіреді.
Қызмет қабілетінің үш: еңбекке дағдылану, ең өнімді жұмыс 
уақыты және қажу сатысын айыруға болады. еңбекке дағдылану 
сатысы жұмыс қабілетінің ақырындап ең өнімді жұмыс уақыты саты-
сына дейін көтеріле бастауымен сипатталады, одан соң қажу сатысы 
дами бастайды.
сондықтан қатты қажуды болғызбау үшін, балалардың іс-әрекет-
терінің барлығы мөлшерленуі керек. гигиеналық нормаландыру 
баланың жас мөлшеріне және организмдерінің қызмет мүмкіндіктеріне 
байланысты жасалады.
Организмнің қоршаған ортамен байланысында үнемі ішкі және 
сыртқы ырғақ бір-бірімен әсерлесіп отырады, олардың қосындысы 
физиологиялық жағдайды анықтайды. биологиялық ырғақ дегеніміз – 
организмнің әртүрлі жағдайларының және физиологиялық қызмет-
терінің белсенділігінің мезгіл-мезгіл алмасып тұруы.
Организмнің биоритмологиялық құрылысы тұқым қуалағыштық 
заңы бойынша жасалған және онтогенез үдерісінде үзіліссіз құрылып 
тұрады. бірақ әрбір биологиялық кезеңнің құрылуына белгілі бір 
алдыңғы себептер қажет болады.
сондықтан биологиялық ырғақ балалар организмдерінің қоршаған 
ортаға дағдылануының негізгі механизмдерінің бірі болып есептеледі. 
егер баланың іс-әрекеттерінің (оқу, дене еңбегі) қандай да бір ырғақ 
оның биологиялық ырғақпен қабаттаса жүрсе, онда ол қызмет 
қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Организмнің физиологиялық функциясының кезеңдегі әрбір 
адамда ерекше, бірақ белгілі бір аралықта болады. адамдарда ең төмен 
физиологиялық көрсеткіштер (тыныс алу, тамыр соғысының жиілігі, 
артериялық қан қысымы, бұлшық ет тонусы т.с.с.) түнгі уақытта 
байқалады. күндіз бұл көрсеткіштер жоғарылайды, бірақ бір қалыпта 


182
 
 

тұрмайды. ересек адамдардың көпшілігінде таңертеңгі және кешкі 
биоритмиялық ең қолайлы функционалдық жағдайларын анықтауға 
болады. балаларда мұндай уақытқа байланысты болатын белсенділік 
онша білінбейді. бірақ олардың функционалдық көрсеткіштері тәулік 
ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі уақыттарда 
жоғарылайтыны анықталды. сондықтан кейбір авторлар балалар 
арасында акрофазаның (белсенділік кезеңдері) үш: таңертеңгі, кешкі 
және аритмиялық түрін бөліп қарауды ұсынады (бұл шартты түрде 
алынған).
балалардың биологиялық ырғағы арасында, ең жақсы үйлесімділік 
болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын өңдеп жасау 
хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып табылады.
гигиеналық тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде 
балалар мен жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатын-
дары ғана (оқу жағдайларын ұйымдастыру, қажу, ауыспалы еңбек 
және күн тәртібі сияқтылар) ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. бұндай 
жағдайларда гигиеналық принциптердің сақталмауы организмдегі 
биологиялық үдерістерді бұзады және сонымен бірге әртүрлі 
ауытқулардың дамуларға әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет