Абжанова сокращенная indd


Өндірістегі еңбек ету шарттарын жақсарту



Pdf көрінісі
бет101/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151
Өндірістегі еңбек ету шарттарын жақсарту.
Қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындарында еңбек ету шарттарын жақсарту 
жұмыстарын жүргізу керек. Өндірістік цехтардағы дұрыс еңбек ету 
шарттарын жасау үшін, температураны, ылғалдылықты, ауа ласта-
нуын төмендету маңызды болып табылады. Ол электр жылытқышы 
бар модульді құрал-жабдықтардың жаңа түрін енгізу және өндірістік 
бөлмелерді орталық және жергілікті желдеткіш арқылы жүзеге асы-
рылады.
желдеткіш ауа қозғалысы 0,2м/с, ылғалдылығы 40-60%, темпе-
ратура 18-20°C болатын жылулық ортаны сақтап тұру үшін үздіксіз 
жұмыс істеуі керек. жұмысшыларға суық тимеуі үшін қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындарында жел соғуын болдырмау керек. Ол 
үшін жұмыс орындарындағы есіктер мен тамбурдың құрылысы дұрыс 
жобалануы керек. Өндірістік бөлмелердің жарықтандырылуы дұрыс 
ұйымдастырылуы керек.


224
 
 

Өндірістік шуды болдырмау үшін, цех ішіндегі тасымалдау көлік-
терінің дөңгелектеріне резеңке дөңгелектер кигізіледі, ал суыту агре-
гаттары мен желдеткіш шу шығармайтын электр қозғалтқыштармен 
жабдықталады.
еңбек ету шарттарын жақсарту үшін, қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарында санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, дем алу және 
тамақтану бөлмелері қарастырылуға тиіс. жұмысшылар ауруға 
шалдықпауы үшін, жеткілікті мөлшерде санитарлық киіммен, арнайы 
аяқ-киіммен қамтамасыз етілуі керек.
санитарлық-тағамдық заң негіздері мен санитарлық-тағамдық 
бақылауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасының мем-
лекеттік санитарлық бақылау ережелеріне» сәйкес мемлекеттік 
санитарлық бақылау ұйымдастырылған. мемлекеттік санитарлық 
бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іске асырады. 
санитарлық-тағамдық бақылау жалпы санитарлық бақылауың 1-ші 
бөлігі болып табылады және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын-
дарында ғылыми-гигиеналық негізді ескере отырып және тағамдық 
инфекциялық аурулар мен уланудың алдын алу үшін ұйымдас-
тырылған. 
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ҚР Денсаулық сақтау 
министрлігі жүйесіне еніп, оны ҚР бас мемлекеттік санитарлық 
дәрігері басқарады. бұл қызметтің тәжірибелік 
мекемелеріне 
санитарлық-эпидемиологиялық станция
(сЭс) жатады. санитарлық- 
эпидемиологиялық станция республикадағы, облыстағы, аумақтағы
қаладағы, аудандағы ағымдық санитарлық бақылауды жүзеге асы-
рады.
ескертетін санитарлық-тағамдық бақылау мақсаты – қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындарындарын жобалау мен салу кезінде және 
жұмыс істеп тұрған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындарын 
реконструкциялау кезінде санитарлық ережелердің бұзылуына жол 
бермеу.
санитарлық дәрігер мен оның көмекшілерің шығарылатын 
өнімді тексеру мақсатында еш кедергісіз қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарына келу құқықтары бар.
тағам сапасы органолептикалық әдістермен және жұмысшылардың 
қолы мен санитарлық киімдерін жуу әдісімен лабораториялық зерт-
теулер көмегімен анықталады. тексеру нәтижелері, кәсіпорынның 
санитарлық жағдайы директор кеңсесіндегі арнайы санитарлық 


225
журналға немесе жасалған актіге енгізіледі. санитарлық дәрігер жазба-
лары міндетті түрде болуы керек. санитарлық талаптар орындалмаған 
болса, мемлекеттік санитарлық бақылау мүшелері жүргізіліп жатқан 
құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатып, кәсіпорынды жабады. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тәжірибелік жұмыстарды 
аспаздық өнімнің сапасын, шикізат мөлшерін, кәсіпорынның 
санитарлық жағдайын тексеруге құқығы бар санитарлық дәрігерлер, 
фельшерлер жүргізеді.
Қоғамдық санитарлық бақылауды
жалпы мамандандырылған 
жиналыста сайланған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының 
жұмысшыларынан құралған топ жүзеге асырады. Қоғамдық санитар-
лық бақылау мақсаты – кәсіпорын қызметкерлерінің санитарлық 
ережелерді орындауын бақылау үшін әкімшілікке көмектесу. Қоғамдық 
бақылау тобы санитарлық қызметпен, санитарлық-эпидемиологиялық 
станциямен (сЭс) бірлесе жұмыс жасайды.
санитарлық тағамдық бақылау өз жұмысы кезінде санитарлық 
заңға негізделген құжаттармен жұмыс істейді. тағамдық азық-
түліктердің сапасын анықтайтын негізгі құжаттарға мемст (мемле-
кеттік стандарт), тШ (техникалық шарт), ҚРст (ҚР стандарттары), 
санитарлық нормалар мен ережелер жатады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының басқармасы келесі-
лермен қамтамасыз етуге тиіс:
– адамдардың денсаулығына зиянсыз өнімдерді шығару 
мақсатында тағамдарды дайындаудың, шикізатты өңдеудің 
санитарлық ережелері мен нормаларын қадағалауға қажетті 
шарттар;
– кезеңдік медициналық тексеруден өткені жайында ескертулері 
бар жеке медициналық санитарлық кітапшалардың әрбір 
жұмысшыда болуы;
– жеке медициналық кітапшаға санитарлық минимумды өткені 
жайында ескерту енгізу арқылы жаңадан келген жұмысшыларға 
санитарлық ережелерді оқыту сабақтары мен жыл сайын барлық 
қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық білімін тексеру 
жұмыстары жүргізілуі керек;
– жұмысшының жұмыс орындарында жеке санитарлық-гигиена-
лық білімін тексеру, білмеген жағдайда қайта оқыту жұмыстарын 
жүргізу;
– нормаға сәйкес санитарлық және күнделікті киіммен қамтамасыз 
ету;


226
 
 

– өндірістік еңбек құралдарымен, ыдыстармен және материалдық-
техникалық жағынан қамтамасыз етілуі керек;
– дезинфекциялық бөлімшелермен келісім-шарт арқылы дезин-
фекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу;
– күнделікті тексеру жүргізілгені жайында тіркелетін журнал бо-
луы керек;
– дәрілері бар дәрі салғыштың болуы және олардың уақытында 
толықтырылып отырылуы;
– санитарлық жұмыстарды ұйымдастыру (семинарлар, лекциялар).
санитарлық жағдай мен санитарлық тәртіптің орындалуына
кәсіпорын басқарушысы жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет