Абжанова сокращенная indd


Еңбек ету санитариясы мен



Pdf көрінісі
бет100/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   151
Еңбек ету санитариясы мен 
гигиенасы туралы негізгі мәліметтер
Еңбек ету гигиенасы
– адам ағзасына еңбек ету үдерісі мен 
өндірістік орта жағдайының шарттарының әсерін зерттейтін 
гигиеналық ғылым саласы. Ол еңбек етушілердің денсаулығын 
сақтауға, жұмысқа қабілеттілігі мен еңбектің өнімділігіне негізделген 
гигиеналық іс-шараларға, нормалар мен ережелерге сүйенеді.
аспазшылардың, кондитерлердің, даяшылардың еңбегі энер-
гия жұмсау дәрежесі бойынша үш топқа жатады. бұл топқа түрегеп 
тұрып жұмыс істейтін, бұлшық ет пен қолды талдыратын ауыр 
салмақ көтеретін, микроклиматтық жағдайы жағымсыз (жоғары тем-
пература, жоғары ылғалдылық және ауаның ластануы), сонымен қатар 
механикалық құрал-жабдықтарда және жылу аппараттарымен жұмыс 
істейтін жұмысшылар жатады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында дұрыс ұйымдастырыл-
маған еңбек ету үдерісі кезінде осы факторлардың барлығы 
жұмысшының денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігіне кері әсер етіп, 
өндірістік залал келтіреді.
жұмысшылардың кәсіпорында еңбек ету шарттарын жақсарту 
үшін келесі ережелерді:
– еңбек ету және дем алу шарттарын қадағалау;
– өндірістік цехтарда жағымды микроклимат шарттарын қада-
ғалау;
– жұмыс орындарын дұрыс жарықтандыру;
– өндірістерде дұрыс тұрмыстық жағдай ұйымдастыру керек.
Еңбек ету шарттарын ұйымдастыру.
адам күні бойы жұмысқа 
қабілетті бола алмайды. жұмысқа қабілеттілік жұмыс күнінің басында 
көтеріліп, 1,5 сағат жұмыс істегеннен кейін жоғары дәрежесіне жетіп, 
неғұрлым жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, соғұрлым ұзақ сақталады. 
содан кейін адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, дұрыс 
ұйымдастырылған үзілістен кейін қайта көтеріледі.


223
ағзаның шаршауы ауыр және ұзақ жұмыс істеу нәтижесінде, 
жұмыс үдерісі дұрыс ұйымдастырылмаған кезде, жұмыс істеудің 
ыңғайсыздығы нәтижесінде, шаршау мен өз-өзін нашар сезінуді 
тудыратын дем алыстың дұрыс ұйымдастырылмауы нәтижесінде 
болады. жұмысқа қабілеттіліктің ауытқуына байланысты ауыр және 
маңызды жұмысты жұмыс күнінің бірінші жартысында немесе түскі 
үзілістен кейін бірден орындау керек. күні бойғы шаршауды азайту 
үшін жұмыстың әр түрін орындау керек. Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарында бұл оңай жүзеге асырылады.
жұмыс істеу ыңғайлы болуы керек. Ол жұмыс құрал-жабдық-
тарының өлшемі мен биіктігінің дұрыс таңдалуымен қамтамасыз 
етіледі. жұмысшы тік, бүкіреймей тұруы керек. кейбір операцияларды 
аспазшы немесе кондитер биік орындықта отырып орындай алады.
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орны артық қозғалыстарды 
жасамауға мүмкіндік береді, яғни күні бұрын шаршауды болдыр-
майды. адамның жұмысқа қабілеттілігі оның өз жұмысын білуі 
деңгейіне, яғни өндірістік тәжірибесіне де байланысты.
жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін дем алу мен жұмысты кезек-
пен істеу керек. жұмыс күні ішінде ұзақтығы бес минут болатын 
арнайы өндірістік гимнастикамен айналысу керек.
барлық аталған факторлар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын-
дарындағы жұмыс барысын дұрыс ұыймдастыру мен жұмысшылардың 
шаршауын төмендетуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет