Абжанова сокращенная indd


    4-БӨЛІМ. ТАМАҚТАНУ САНИТАРИЯСЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет99/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151
220
 
 

4-БӨЛІМ. ТАМАҚТАНУ САНИТАРИЯСЫ МЕН
ГИГИЕНАСЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
гигиена грек тілінен аударғанда «емдік» дегенді білдіреді
сөздің шығу тегі ежелгі грек құдайы гигеяның атына байланысты. 
байырғы грек мифологиясы бойынша асклепий атты емші құдайдың 
(Amdrjmog – ашатын) алты қызының екеуі көбірек белгілі, оның бірі – 
гигея аурулардың алдын алу құдайы болса, екіншісі – панацеяның 
құзырында емдік терапия болған. 
Гигиена
– тұрмыс-салт пен еңбек жағдайларының адам 
денсаулығына әсер етуін зерттейтін және аурулардың алдын алу, 
өмір сүру, денсаулық сақтау мен өмір сүру ұзақтығының оңтайлы 
жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлейтін меди-
цина саласы. гигиена санитариямен тығыз байланысты. санита-
рия (латынның sanitas – денсаулық деген ұғымды білдіреді) XX 
ғасырдың 60 жылдарына дейін іс жүзіндегі санитарлық-гигиеналық 
және эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеу мен жүргізуді қамтитын 
денсаулық сақтау саласын білдіру үшін қолданылған термин. 
гигенаға бірнеше дербес бөлім: тамақтану гигиенасы, коммуналдық 
гигиена, еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена мен басқалар кіреді.
тамақтану гигиенасы – адамның ұтымды тамақтануын ұйымдас-
тыру заңдылықтары мен қағидалары туралы ғылым. Оның аясында 
халықтың әртүрлі топтарының тамақтануын оңтайландыру мен 
азықтық шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін, олардың өндірісі мен 
айналымының барлық сатыларында, соның ішінде қоғамдық тамақ-
тану мекемелерінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ғылыми 
негіздер мен тәжірибелік іс-шаралар әзірленеді. сондай-ақ әлеуметтік 
маңызы бар ғылыми-тәжірибелік тұрғыда тамақтану гигиенасы 
тағамдық заттар мен қуатқа деген физиологиялық қажеттіліктердің 
нормаларын анықтайды және ол «тамақтану физиологиясы» пәнінде 
оқытылады, сонымен қатар өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне, 
соның ішінде тағамдық және биологиялық құндылығын, тамақ 
өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану мен азықтық тауарларды сату 
кәсіпорындары үшін санитарлық ережелер мен нормаларын қоса 
алғандағы,талаптарды әзірлейді.
адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға еңбек ету, өмір 
сүру шарттары мен тамақтандыруды ұйымдастыру жатады.
негізгі мәселе ретінде тұрғын үйлердегі өмір сүру жағдайының, 
әсіресе ауруханалардың адам денсаулығына әсері жатады. сондықтан 


221
тұрғын үйлердің тазалығына, қала көліктері мен кәсіпорын қалдық-
тарынан атмосфераны қорғауға, жалпы мәселе ішінен балалар мен 
жасөспірімдер денсаулығын қорғауға, халықтың денсаулығын сақтау 
үшін тамақтандыруды ұйымдастыру кәсіпорындарына үлкен мән 
беріледі. 
тамақтану гигиенасы физиология, биохимия, витаминологиямен 
тығыз байланысты. Оның негізгі шарттарына келесілер жатады:
– физиологиялық қажеттіліктерді анықтау және халықтың еңбек 
ету, өмір сүру шарттары мен жасына, жынысына, климат 
жағдайларына байланысты әртүрлі топтардың сандық және 
сапалық тамақтану комитеттерін құру;
– толыққанды тамақтанумен қамтамасыз ету (тағамды дәрумен-
дермен, амин қышқылдарымен байыту);
– тағамдық азық-түліктерді сыртқы орта факторларының кері 
әсерінен қорғау іс-шараларын ұйымдастыру;
– әсерлі санитарлық бақылау әдістерін құру.
тағамдық санитария – халықты сапалы және толыққанды азық-
түлікпен қамтамасыз ету іс-шараларын жүзеге асыратын гиги-
ена саласы. сонымен қатар ол тағам дайындайтын кәсіпорындарда 
санитарлық бақылауды ұйымдастырады және азық-түліктердің 
санитарлық сраптауын қамтамасыз етеді.
санитарлық ережелер тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымал-
дау және өткізуде гигиеналық нормативтер мен эпидемияға қарсы 
ережелердің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 
тамақтану гигиенасы, халықтың тамақтануы саласында мемлекеттік 
амалдарын әзірлеуді қамтамасыз ете отырып, маңызды қоғамдық 
сипат алуда. 
Дұрыс тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат халықтың 
әртүрлі топтарының салт-дәстүрлерін, әдеттерін және экономикалық 
жағдайын ескере отырып, ұтымды дұрыс тамақтануға деген 
қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдайлар туғызуға бағытталған 
іс-шаралар кешенін білдіреді.
тамақтану халықтың денсаулығын айқындайтын маңызды 
факторлардың бірі болып табылады. Дұрыс тамақтану аурулардың 
алдын алуға, жұмыс істеу қабылеттілігін арттыруға және адам өмірін 
ұзартуға септігін тигізеді. 
сонымен бірге соңғы онжылдықтарда Қазақстанда халық 
денсаулығының, хал-жағдайының нашарлауы байқала бастады. 
Орташа өмір ұзақтығы, әсіресе ерлер үшін, еуропа мен американың 


222
 
 

дамыған елдеріне қарағанда, әлдеқайда төмен. Қатерлі ісік пен жүрек-
қан тамырлары ауруларының өсуі халықтың дұрыс тамақтанбауына, 
соның ішінде дәрімендер мен микрэлементтерді жеткілікті түрде
қабылдамауына байланысты. азықтық шикізат пен тағамдық өнім 
сапасы әсіресе өткір мәселе болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет