Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет14/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Синапс,  құрылымдық-қызметтік  ұйымдасуы.  «синапс»  ұғымын 
ғылымға  1897  жылы  ағылшын  физиологы  Ч.Шеррингтон  енгізді. 
синапс  құрылымында  негізгі  үш  бөлім  ажыратылады:  1  –  түйіспе 
алды  байланысты  немесе  түйіспе  алды  (көп  жағдайда  ол  аксонның 
ең  ақырғы  тармақтарынан  тұрады);  2  –  постсинапстық  байланыс 
немесе постсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немесе дендрит 
мембранасының  байланыс  түзетін  аймағы);  3  –  пресинапс  пен  пост-
синапс  арасындағы  болар-болмас  (10-50  нм-дей  болатын)  синапстық 
саңылауды. түйіспе алды пен постсинапс мембраналарының бір-біріне 
дәл  (сай)  келетін  байланыс  түзетін  аймағы  көп  жағдайда  мембрана 
түйіспе алды немесе мембрана деп те атайды.
аксон  талшықтарының  жасуша  денесінде  түзетін  синапста-
рын  жасуша  бөлімімен  байланысуына  қарай:  аксоматикалық, 


17
аксо-дендриттік,  аксо-аксональдық,  одан  басқа  әртүрлі  нейрондар 
дендриттерінің  арасында  дендро-дендриттік,  нейрон  денелерін  бір-
бірімен  байланыстыратын  сомато-соматикалық  және  жасуша  денесі 
мен дендриттер арасыңда сомато-дендриттік синапстар да болады.
синапстар  арқылы  қозу  өтудің  екі:  механизмі  электрлік  және 
химиялық  ажыратылады.  ең  көп  тарағаны  химиялық  синапстар, 
содан  соң-электрлік  синапстар,  ең  азы  –  аралас  синапстар.  Электрлік 
механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым 
болады.  синапстың  қай  механизм  арқылы  қозу  өткізетіндігін  көп 
жағдайда  синапстық  саңылаудың  диаметрі  айқындайды.  Химиялық 
синапстарда оның шамасы 10-20 нм-дей. түйіспе алды тоқ саңылауға 
жеткенде  ондағы  төменгі  кедергіге  байланысты  жайылып,  күші 
кемиді де, субсинапстық мембранаға оның небары 0,0001 бөлігі өтеді. 
ал бұл мембраналық әлеуеттің қозуын тудыруға жететіндей өзгерісін 
өрбіте алмайды. сол себептен де химиялық синапста қозудың берілуі 
химиялық  заттардың  (медиаторлардың)  қатысуымен  жүзеге  асады. 
медиаторлар  түйіспе  алды  артындағы  кеңейген  аксон  терминаль 
бөлігінің ішінде болатын диаметрі 30-50 нм шамасындай көпіршіктерде 
орналасады.  нерв  талшығының  бойымен  келген  импульстің  әсерінен 
түйіспе  алды  мембранасындағы  кальций  арналарының  өткізгіштігі 
жоғарылайды  да,  ішке  қарай  өтетін  кальций  иондарының  ағыны 
күшейіп,  көпіршіктер  маңындағы  олардың  концентрациясы  артады. 
бұл  концентрация  тиісті  шамаға  жеткенде,  көпіршіктер  түйіспе  алды 
мембранаға  қарай  жақындап,  тіпті  онымен  бірігіп  кетеді.  Осы  кезде 
олар  жарылып,  ішіндегі  медиатор  кванттары  босайды  (әр  көпіршікте 
1  квант,  әр  квантта  бірнеше  мың  молекула  болады).  субсинапстық 
мембрананың ион өткізгіштігі өзгереді. егер медиатор қозу тудырушы 
болса, мембранада деполяризация жүреді. Қоздырушы постсинапстық 
әлеует  пайда  болады.  медиатор  кванттарының  мөлшері  жеткілікті 
болған  жағдайда  қоздырушы  постсинапстық  әлеует  таралатын  әрекет 
әлеует айналады.
Электрлік  синапстардағы  саңылау  диаметрі  2-4  нм-ден  артпайды. 
Онымен  қоса  бұл  саңылауларда  диаметрі  1-2  нм-дей  болатын  бело-
кты молекуладан тұратын, түйіспе алды мембрана мен субсинапстық 
мембранаға бойлай еніп, оларды өзара байланыстыратын көпіршелер – 
арналар  болады.  арналар  біраз  бейорганикалық  иондардың,  кей-
бір  майда  молекулалардың  бір  жасушадан  екіншілеріне  өтуіне 
көмектеседі. Осындай синапстарда электрлік кедергі өте аз болады да, 
түйіспе алды ток күші әлсіреместен, постсинапстық жасушаға өтеді.


18
 
 
                                                                                          
Химиялық  синапстарға  тән  болатын  бірнеше  функциональдық 
ерекшелік бар: 
1.  Олар  арқылы  қозу  кешігіп  өтеді  (синапстық  кешігу),  мысалы, 
жылықандыларда 0,2-0,5 мс. ал электрлік синапстарда мұндай кешігу 
болмайды. 
2.  Химиялық  синапс  арқылы  қозу  тек  бір  бағытта  өтеді,  өйткені 
тиісті  дабылды  жеткізуге  тиісті  медиатор  түйіспе  алды  байланыста 
ғана орналасады. Электрлік синапстарда қозу көбінесе екі бағытта да 
өте алады. 
3.  Химиялық  синапстардағы  медиаторлар  өздерінің  табиғатына, 
қызметіне  қарай,  постсинапстық  (субсинапстық)  мембранада  қозу  да, 
тежелу де тудыра алады. 
Электрлік  синапстар  арқылы  тек  қозу  ғана  өте  алады,  өйткені 
түйіспе  алды  нерв  импульстері  постсинапстық  байланыс  ылғи  да 
деполяризация толқыны түрінде жетеді.
адам мен жоғары сатылы сүтқоректілердің орталық нерв жүйесінде 
қоздырушы және тежеуші медиаторлар рөлін атқаратын мына заттарды 
атауға болады: ацетилхолин, катехлораминдер (адреналин, норадрена-
лин, дофамин), серотонин, нейтральды амин қышқылдары (глутамин, 
аспарагин),  қышқыл  амин  қышқылдары  (глицин,  гамма-амин  май 
қышқылы  –  гамҚ),  полипептидтер  (энкефалин,соматостатин),  т.б. 
заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет