Абжанова сокращенная indd


Адам физиологиясының негіздері



Pdf көрінісі
бет12/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   198
Адам физиологиясының негіздері. 
Реттеудің нейрогуморальдық жүйесі
нерв жүйесінің маңызы. нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын 
сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз 
етеді.  нерв  жүйесі  жасушалардың,  ұлпалардың,  мүшелер  мен 
мүшелер  жүйесінің  қызметтерін  реттеп,  оларды  өзара  байланысты-
рады. нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге организмнің 


13
жауап  қайыру  мүмкіндігін  береді.  нерв  жүйесінің  жоғары  бөлімдері 
психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп, жүзеге асуын қамтамасыз етеді. 
нерв  жүйесі  –  ақпаратты  жылдам  жеткізетін  және  басқаруды  жүзеге 
асыратын  күрделі  ұйымдасқан  әрі  жоғары  дәрежеде  маманданған 
жүйе.
нерв  жүйесінің  құрылымдық  және  қызметтік  ұйымдасуы.  нерв 
ұлпасы.
нерв жүйесі негізгі екі бөлімге бөлініп қарастырылады:
1)  Орталық нерв жүйесі.
2)  Шеткі нерв жүйесі.
Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.
Шеткі нерв жүйесіне орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен 
орталық  нерв  жүйесінен  тысқары  орналасқан  нерв  жасушаларының 
шоғыры (ганглилер) жатады.
нерв жүйесі қызметтік жағынан екі бөлімге жіктеледі:
1)  соматикалық нерв жүйесі.
2)  Вегетативтік нерв жүйесі.
тірек-қимыл  аппаратын  нервтендіріп,  денеміздің  сезімталдығын 
қамтамасыз  ететін  нерв  жүйесінің  бөлігін  соматикалық  нерв  жүйесі 
деп  атайды.  ішкі  органдарды  нервтендіріп,  олардың  қызметін 
реттейтін,  ондағы  зат  алмасуға  әсер  ететін  нерв  жүйесінің  бөлігін 
вегетативті нерв жүйесі деп атайды.екі түрлі жасушалар нейрон жєне 
глиальдық немесе нейроглия жасушалары құрайды.
нерв  жасушаларының  құрылымдық  және  қызметтік  бірлігі  ней-
рон  болып  табылады.  глиальдық  клеткалардың  саны  нерв  жасуша-
ларынан  8-9  есе  көп  болады.  Олар  нерв  жасушаларының  қалыпты 
қызметтерінің  іске  асуында  маңызды  рөл  атқарады.  нейрондардың 
барлық  жағынан  қоршай  орналасқан  нейроглия  клеткалары  (астро-
циттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері – олар үшін бір 
жағынан  механикалық  функция  –  тірек  қызметін  атқарады;  екінші 
жағынан,  нерв  жасушаларында  электрлік  оқшаулауды  қамтамасыз 
етеді.
бірақ  ақпаратты  қабылдау,  өңдеу,  сақтау,  одан  ары  қарай  беру 
үдерістерін нерв жасушалары (нейрондар) іске асырады. нейрондардың 
пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. нейрон денесінен 
өсінділер шығады: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер – қысқа, 
көп  тармақталған  өсінділер.  аксон  арқылы  нерв  импульсі  (қозу) 
келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе 
атқарушы  органдар  клеткаларына)  дабыл  беруге  маманданған. 


14
 
 
                                                                                          
аксонның  жасуша  денесінен  шығатын  жері  аксон  төбешігі  деп  ата-
лады.  Қысқа  өсінділер  –  дендриттер  арқылы  қозу  нейрон  денесіне 
өтеді.  нейронның  басқа  нейронмен  немесе  ет  талшығымен  түйіскен 
жері синапсты (былайша айтқанда, байланысты) түзеді.
 
1-сурет. Адамның нерв жүйелері: 1 – бас миы (сол жақ жарты шардың маңдай 
жапырақшалары); 2 – жұлын миы; 3 – мойын өрімі; 4 – иық өрімі; 5 – қабырға 
жүйкесі (сол жақтағы бесінші); 6 – арқа миы; 7 – радиалды жүйке; 8 – өрім; 
9 – шынтақ жүйке ісі; 10 – орын жүйкесі; 11 – жіліншік жүйке; 12 – жалпы аз 
жіліншік жүйке; 13 – жоғарғы аз жіліншік жүйке; 14 – терең аз жіліншік жүйке; 
15 – симпатикалық жүйке ортасы; 16 – арқа өрімі; 17 – орташа жүйке; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет