16
балдырсыз талшықтарда миелин қабығы болмайды, олар тек
Шванн жасушаларымен (невриллемамен) ғана қапталған.
нерв талшықтарындағы құрылымдық элементтердің де әрқайсы-
сының өзіне тиісті қызметі бар.
Нервтерден қозу өтудің заңдары. нерв арқылы қозу өтуге
(таралуға) тән бірнеше ерекшелік бар.
1. нерв талшығы морфологиялық функционалдық зақымданбаған,
сау болуы керек. мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық
үзіліссіздік заңы деп атайды. егер талшықты кесіп қиса немесе оның
бір бөліміне жоғарғы не төменгі температурамен, я улы заттармен
(мысалы тетродотоксинмен), анестетиктермен әсер етсе, ол арқылы
қозу өтпейді.
2. екі бағытта өткізу, яғни нерв талшығы қозуды екі бағытта да
өткізе алады. бұл заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде бабухин
дәлелдеген.
3. жекелеп өткізу. Қандай да бір шеткі нерв бағаны түрліше нерв
талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетативтік
нерв талшықтары болады. бірақ әрбір нерв қозуды жекелеп өткізеді.
Осыған орай бір нерв өзіндегі әртүрлі талшықтар арқылы түрлі
шеткі органдарға импульстер жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді.
мәселен, кез келген нерв көкірек қуысындағы барлық органдарды,
құрсақ қуысындағы көптеген органдарды жабдықтайды.
4. нерв талшығының салыстырмалы шаршамайтындығы. егер
нерв ет препаратын ұзақ уақыт ырғақты тітіркендірсек, біраздан кейін
ет шаршап, жиырылуын тоқтатады, ал нерв қозу өткізу қабілетін
жоғалтпайды. бұл қасиетті 1883 жылды Введенский байқаған.
Достарыңызбен бөлісу: