Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет59/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   198
Байланысты:
1 (5)

 
 
                                                                                          
«Дәрумендер  −  денсаулық  қайнары»  деген  сөздерді  біз  бала  кез-
ден  білеміз  және  бұған  құлағымыздың  үйренгені  сонша,  оған  мән 
беріп жатпаймыз. Онымыз бекер-ақ! Өйткені іс жүзінде дәрумендерсіз 
денсаулықтың жақсы болуы мүлде мүмкін емес. көктемде тез қажып, 
ұйқы  басып  тұратынын  кім  бастан  кешірмейді?  бұл  кезеңде  жұртта 
бастың  ауруы,  бастың  айналуы,  салқын  тию,  асқазан-ішек  жолының 
ауруы  (мысалы,  іш  жарасы)  секілді  ыңқыл-сыңқыл  жиілейтінін 
талай  адам  байқаған  болар.  Осының  бәрі  көбіне  көктемде  кейбір 
дәрумендердің,  әсіресе  жас  көкөніс  пен  жемісте  көп  болатын  с 
дәруменінің жетіспеуіне байланысты.
жазда  және  күзде  организм  дәрумендермен  белгілі  бір  мөлшерде 
қанығады  (мысалы,  бауырдағы  с  дәруменінің  қоры  6  ай  бой-
ына  сақталып,  жұмсалуы  мүмкін).  Қыс  айларында,  егер  қажетті 
шамада  толықтырылмаса,  бұл  қорлар  сарқылады  да,  гиповитаминоз 
дейтін  ауру,  яғни  адам  организмінде  бір  немесе  бірнеше  витаминнің 
жетіспеушілігі басталады.
ғылымда  қазіргі  уақытта  көптеген  дәрумендер  белгілі,  әйтсе 
де,  біздің  еліміз  халқының  тамағында  ерекше  маңызы  бар  негізгі 
дәрумендерге ғана тоқталып өтеміз.
суда  еритін  дәрумендер  (с,  В  тобы).  әңгімені  с  дәруменінен 
бастайық. Өйткені нақ осы дәруменнің жетіспеушілігі бәрінен де жиі 
байқалады.
бұл  дәруменінің  негізгі  туындылары  −  аскорбин  қышқылы 
және  оның  қышқылданған  формасы  −  дегидроаскорбин  қышқылы. 
айтпақшы,  дегидроаскорбин  кышқылының  одан  ары  қышқылданған 
өнімдерінде  дәрумен  белсенділігі  болмайды.  сондықтан,  әдетте,  «с 
дәрумені» деген терминнің орнына бұл терминнің басқа бір – «аскор-
бин қышқылы» деген аты пайдаланылады. 
аскорбин  қышқылы  триптофанның,  кортикостероидтердің  және 
басқаларының  қышқылдандырғыш,  қалпына  келтіргіш  басқа  түрге 
айналуына  байланысты  көптеген  маңызды  ферменттік  реакцияларға 
қатысады.  с  дәрумені  орталық  нерв  жүйесінің  қызметіне  игі  әсер 
етеді,  эндокрин  бездерінің  қызметін  күшейтеді,  темірдің  сіңірілуіне 
және  қанның  дұрыс  жасалуына  жәрдемдеседі,  адамның  төтенше 
ықпал-әсерлерге  қарсы  тұру  қабілетін  арттырады.  жануарлардың 
басым  көпшілігіндей  емес,  адам  с  дәруменін  синтездей  алмайды. 
сондықтан бұл дәруменнің қажетті мөлшерінің бәрін тамақтан, көбіне 
көкөністен, жеміс-жидектен алады.


99
Дәрумендердің  адам  организмі  үшін  биологиялық  мәні  өте  зор. 
Олар  организмдегі  зат  алмасу  үдерістерін  жақсартады,  организмнің 
әртүрлі  жұқпалы  ауруларға  қарсы  күресу  қабілетін  күшейтеді  және 
адамның  жұмыс  істеу  қабілетін  арттырады.  сонымен  қатар  әрбір 
дәруменнің организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.
жүргізілген  ғылыми  жұмыстардың  қорытындыларына  қарағанда, 
ой 
жұмысымен 
айналысатын 
адамдармен 
салыстырғанда, 
дәрумендерді  (әсіресе  с  дәрумені  мен  В  тобының  дәрумендерін) 
көбірек  қажет  етеді.  сол  себепті  көктемде  дәрумендерді  мол  тағам-
дарды  жиірек  пайдаланған  жөн.  бұл  мезгілде  кептірілген  жемістер 
тұндырмасын,  сонымен  бірге  басқа  да  жеміс-жидектердің  шырын-
дары  мен  қайнатпаларын  асқа  көбірек  пайдаланған  тиімді.  тамаққа 
қосып,  көк  пияздын  және  де  ашытқан  қырықбат  жеу  қажет.  себебі, 
бұл тағамдардың құрамында әртүрлі дәрумендер мол болады, әрі ұзақ 
және жақсы сақталады.
басқа  тағамдарға  қарағанда,  сүтте  жеткілікті  мөлшерде  көптеген 
дәрумендер бар және олар организмнің тұрақты да негізгі қайнар көзі 
ретінде  ерекше  орын  алады.  барлық  дәрумендер  организмге  кешенді 
әсер  етіп,  бірін-бірі  толықтырады.  Олар  организмде  жетіспесе,  зат 
алмасуы бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
негізгі  қоректік  заттармен  (белоктар,  майлар,  көмірсулар,  минерал 
тұздары)  салыстырғанда,  организм  дәрумендерді  тым  аз  мөлшерде 
қажет  етеді.  ересек  адамның  тәулігіне  пайдаланатын  әртүрлі 
тағамдардағы  дәрумендердің  орташа  мөлшері  микроорганизммен 
есептеледі.
сөйтіп, дәрумендер – әртүрлі химиялық жаратылыстың органика-
лық  қосылысы,  тағамның  басқа  ештеңемен  алмастыруға  болмайтын 
заттары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет