Саяси психология-саясатқа да ,психологияға да қатысы бар,екеуінің арасынан шыққан ғылым.Батыс елдерінде кең дамыған.
Саяси сана-адамдардың саяси өмірді өмірді түсініп,сезінуі.оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды,көзқарастарды,мақсат –мүдделерді ұғынуы,саяси билікке қатынасуы жатады.
Саяси серке-партияның,саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп ,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады.ол білімділігімен ,көрегендік,шешендік,саяси мәдениеттілік және т.б. қасиеттерімен көзге түседі.Саяси серкелерді авторитарлық және демократиялық,формальды және формальсыз және т.б. етіп жіктейді.
Саяси стратегия мен тактика-партияның,мемлекеттің,қоғамдық-саяси ұйым,қозғалыстардың саяси өмір,процесте,күресте басшылыққа алатын іс-әрекеті.Стратегия деп партия қызметінің ірі тарихи кезеңдегі жалпы бағытын айтады.Тактикаға стратегиялық мақсатты жүзеге асыру жолында нақтылы жағдайдағы партияның іс-әрекеті,оның таяудағы мүддесін орындаудың әдіс –тәсілдері кіреді.Саяси жағдайларға байланысты тактика жиі өзгеріп отырады.
Саяси тәртіп-саяси билікті жүйеге асырудың,қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.Оған демокраиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады.
Саяси тұрақтылық-әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап,тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылығы.
Саяси утопия-ғылыми зерттеуге емес ,қиялға негізделген,іске аспайтын идеялар мен теориялар.
Саяси ұйым-алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік құрылымы бар,қызметтері айқындалған және жүйеленген адамдардың бірлестігі.
Сегрегация-халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілік.
Сепаратизм-бөлектену,оңашалануға тырысушылық.Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы.
Соғыс-мемлекеттер,халықтар,ұлттар,топтар,ұйымдар,діндер және т.б. арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес.
Достарыңызбен бөлісу: |