Терроризм -саяси себептермен жеке адамдарды,көпшілікті қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.
Технократия -1)инженерлерге,менеджерлерге,техника ғылымдарына иек артатын саяси тәртіп; 2)басқарушы элитаға кіретін техникалық мамандардың жоғарғы жігі және соларды дәріптейтін тұғырнама.Технократиялық теорияларды жақтаушылар техникаға, технологияның рөліне шексіз басымдық береді.
Тиран -1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 2) жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеуші; 3)қысымшы, езуші адам.
Толеранттық –басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.
Тоталитаризм- әрбір азаматтың,қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия ,бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс,экономика,бұқаралық ақпарат құралдары,білім,мәдениет,адамдардың жеке өмірі және т.б.тегіс бақыланады. Азаматтардың,конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау,қуғын-сүргін күшейеді,террорлық-полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық партиялар- саяси жүйенің басқа элементтерін(құрамдас бөліктерін)өзіне бағындыруға тырысқан партиялар.Олар идеологияланған,қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады.
Тұжырымдама -1)белгілі бір мәселеге, құбылысқа көзқарастардың жүйесі; 2)ғылыми еңбек, шығарманың және т.с.с. негізгі қағидалары. Саясат әлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында, жарғыларында, ресми құжаттарында және т.б. көрініс береді.
Яндекс.ДиректСтаньте специалистом Data Scientist
Тұлға - қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам.
-У- Узурпация-өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.